Ақтөбе қаласы
№31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымының
логопеді: Тажиданова Алмажай Тажидановна
Мақсаты: Балабақша туралы түсінік беріп таныстыру. Оның тыныс тіршілігі туралы жалпы мағлұмат беру. Нұсқау бойынша түсініктерін қалыптастыру. Тыныс алуын, сөйлеу тілі қимылын, есту-ажырату қабілеттерін, зейін қою, ойлау жүйелерін дамыту. Ойын бөлмесінің ойыншықтарын таза ұстауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: заттық суреттер, сюжетті суреттер.
- Балалармен сәлемдесу.
- Балалар жиналып шеңбер құрады.
Шаттық шеңбері.
Тұрамыз орыннан Шаттанып ақ таңнан
Құрамыз шеңберді Айтамыз тілекті.
-Тыныстау жаттығуы. «Ыстық шай»
- Артикуляциялық жаттығулар «Сағат», «Тәтті тосап», т.б.
- Дидактикалық ойын: "Ол кім?".
Логопед балаларға сұрақ қояды: Әдемі және дұрыс сөйлеуге үйрететін ол кім? Ал, сурет салдырып, жапсыруды, санауды үйрететін, серуенге шығаратын кім?, Тамақ беріп, топты таза ұстайтын ше?
Балалар: Әдемі сөйлеуге үйрететін логопед. Сурет салуды, санауды үйрететін тәрбиеші. Тамақ беріп, топты таза ұстайтын күтуші.
- Сергіту сәті:
Жәй оң қолды оң жаққа,
Жәй сол қолды сол жаққа.
Екі қолды белге ұстап,
Алға қарай бір аттап.
Артқа қарай бір аттап,
Қос аяқпен топ-топ,
Алақанды соқ-соқ.
(Балалар сергіту сәті сөздерін қимылдарға сай, буындап айтып, орындайды).
- «Кім көркем сөйлейді» - ойын-жаттығу. Логопед сюжетті суреттер бойынша әңгімелеуді ұсынады.
- Балалар сурет бойынша әңгімелейді.
- Дидактикалық ойын «Қайда?».
- Логопедтің заты қайда? Тәрбиешінің, күтушінің, т.б.
- Тәрбиешінің қаламы міне, логопедтің кітабы міне. Күтушінің ыдысы міне.
Қорытындылау: марапаттау, кім жақсы жұмыс істегенін сұрау.
- Балалар бір-біріне баға береді
Күтілетін нәтиже
Білу: Балабақша мамандарының аттарын атап айтуды. Тапсырманы нұсқау бойынша орындауды.
Игеру: Қимыл мен сөзді байланыстыруды.
Меңгеру:З ат есім мен етістікті дұрыс байланыстыра сөйлеуді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі