Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерді өсіру технологиясы
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер бөлімінен алған білімдерін жинақтап қорытындылау және бір-бірімен білім алмастыру арқылы толықтыру.
Білімдік мәні: Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.
Дамытушылық мәні: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Міндеттері: Органикалық дүниенің ерекше бір тобы- өсімдіктер, олардың мүшелерінің сыртқы, ішкі құрылысы, түрлері, көбеюі, табиғаттағы маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.
Көрнеклік құралдар: Кеппешөптер, табиғи материалдар. Комьютерлік слайдтар, видио фильм.
Сабақ әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы:
Сабақтың құрылымы:
Топтар өздерін таныстыруы.
I. «Қызығушылықты ояту» кезеңінде «РАФТ» әдісі қолданылады.
II. «Мағынаны ашу» кезеңінде «Қызықты репортаж» көрсету.
III. «Ой толғаныс» кезеңінде «Экипаж» ойыны.
Қосымша деректер.
І. Әр топ өздерін таныстырады, өсімдік аттарына байланысты, өз ұрандары болады.
І.«Қызығушылықты ояту» кезеңінде өз ойларын дәптерге жазып, ортаға салады.
ІІ. РАФТ әдісі. ( Р- Рол- өсімдік, А – Аудитория- адамдар, Ф – Форма- хат, арыз, мінездеме, Т – Тақырып- Өсімдікті қорғау.) Өсімдіктер атынан адамдарға жолдау.
ІІ Мағынаны ашу мен Ой толғаныс кезеңінде
ІІІ. «Қызықты репортаж» әр топтың видео көріністері.
І топ «Қыстағы өсімдік көрінісіне тоқтау»
ІІ топ. «Бөлме өсімдіктері»
ІІІ топ «Дәнді дақылдар»
Қорытынды: Біз бүгін өсімдіктер бөлімінен алған білімдерімізді қорытындылап, толықтырдық, бір-бірімізден білім алмастырдық. Сонымен өсімдіктер дүниесінің бірлесітігін Флора дейміз. Ал енді біз жануарлар дүниесінің бірлестігін Фаунаны қарастырамыз. Осыны дәптерлеріңе жазып алыңыздар.
Үйге тапсырма: Жануарлар дүниесінің Фаунасы жайлы қызықты деректер жинақтаймыз. Жекеленген оқушыларға: 1. Ш.Қ.О. бойынша «Қызыл кітапқа» енген жануарлар туралы деректер. 2. Жануарлар суреттерін жинақтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі