Өлең, жыр, ақындар

Сыйқырлы пішіндер

Алматы облысы, Алакөл ауданы
Бұлақты ауылы
"Нұрай" балабақшасының тәрбиешісі
Жылқайдарова Мөлдір Құрманбекқызы

Оқу қызметінің тақырыбы: «Сыйқырлы пішіндер»

Мақсаты:

Білімділігі: Балалардың өткен сабақтардын алған білімдерін пысықтау, геометриялық  пішіндерді анықтап, неліктен сыйқырлы пішіндер деп аталатындығын түсіндіру.

 Дамытушылығы: Тақпақ айтқызу арқылы балалардың тілін дамыту, ой өрісін шеберлігін дамыту.

Тәрбиелігі: Татулыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Көрнекілігі: Геометриялық пішіндерден жасалған шыршаның, аққаланың, үйшіктің суреттері. Үлестірмелі материалдар.

Пән аралық қатынас: Құрастыру.

Шаттық шеңбері:

Біз балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Сенімді боламыз.

Балалар бізге қонақ апайлар келіп отыр, қане  апайлармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, апайлар.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс

Тәрбиеші. Ия, балалар дұрыс айтасыңдар қазір қыс мезгілі. Далада ауа-райы қандай?

Балалар: Суық.

Тәрбиеші: Далалада қыста не жауады?

Балалар: Қар жауады.

Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз «Сиқырлы пішіндер» деп аталады. Балалар біздің бұл оқу іс-әрекетіміз неліктен осылай аталатынын оқу іс-әрекеті барысында анықтайтын боламыз.

Тәрбиеші: Балалар мынау қандай пішін?

Балалар: Үшбұрыш.

Тәрбиеші: Түсі қандай?

Балалар: Сары

Неліктен бұл пішінді ұшбұрыш деп атаймыз? Өйткені оның үш бұрышы бар.

(Бұрыштарын санау) Сары түсті не болады?

Балалар: Күн, шар, доп.

Тәрбиеші: Ал мынау қандай пішін?

Балалар: Төртбұрыш

Тәрбиеші: Түсі қандай?

Шыршаның түсі қандай?

Балалар: Жасыл

Шыршаның бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды.

Балалар: Үшбұрышқа.

Тәрбиеші: Ұшбұрыштан мынау сияқты шырша құрауға болады.

Тәрбиеші: Ал мынау ненің  суреті?

Балалар: Аққала.

Аққаланың түсі қандай?

Балалар: Ақ.

Тәрбиеші: Пішіні  қандай?

Балалар: Домалақ

Тәрбиеші: Домалақ пішіннен мынандай аққала құрауға болады.

Балалар біз шаршаған сияқтымыз сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.

(есік қағылады) тәрбиеші есікті ашып қарайды. Балалар бізге қонақ келіпті, қараңдаршы бұл не?

Балалар: Күшік.

Тәрбиеші: Иа балалар күшік екен, далалада күн суық күшік тоңып қалыпты. Біздің топқа жылынуға келіпті. Күшіктің үйшігі қатты бораннан бұзылып қалыпты. Балалар күшік қыста суыққа тоңбас үшін біз күшікке мынау сияқты үйшік құрастырып берейік. Балалар қабырғасын төртбұрыштан, шатырын үшбұрыштан, есігін домалақтан құрастырамыз.

Балалар үлестірмелі материалдардан үйшіктер құрастырады.

Кім маған күшікке арнап тақпақ айтып береді?

Айзере:

Күшігім менің ақтабан,
Бекер қарап жатпаған.
Сиыр кірсе аулаға,
Аулаққа қуып тастаған.

Ақерке:

Күшігім менің күшігім,
Үй күзетер пысығым.

Балалар сендер күшікке әдемі үйшіктер құрастырдыңдар. Күшік сендердің қамқорлықтарыңа риза болып рахметін айтып жатыр. Сендерді қайырымды балалар екен дейді.

Ал балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты «Өз үйіңді тап» 

Шарты: Мен сендерге әртүрлі пішіндер беремін сол пішінге сәйкес өз үйлеріңді табасыңдар.

Қорытынды: Балалар бүгін біз сиқырлы пішіндердің сырын аштық. Бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қонаққа не келді?

Балалар: Күшік.

Тәрбиеші: Күшікке не құрастырдық.?

Балалар: Үйшік.

Тәрбиеші: Балалар сендер бүгінгі оқу іс–әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар жарайсыңдар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз