Өлең, жыр, ақындар

«Қазақстанның қазыналы ұрпағы!» географиялық кеш

Жамбыл ауданы
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің
география пәні мұғалімі: Абатова Гүлмира Бейсенбековна

Сыныптан тыс жұмыс

«Қазақстанның қазыналы ұрпағы!» географиялық кеш

Мақсаты: «Жаратылыстану»  Білім саласы пәндерінің сабақтарында пән аралықты байланысты қолдану ғылыми жаратылыстанудың негізін құрайды.

«Табиғат және адам», «Өлкетану», «Дүниежүзілік энергетика және саясат» қолданбалы пәндері бойынша білім білік дағыдыларын қалыптастыру, оқушыларға тың мәліметтер беру.

Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Біз атадан мұра болып қалған айналамыздағы қоршаған табиғатқа, оның бүкіл байлығына құрметпен қарау, салауатты қоғам қалыптасуына үлес қосу баршамыздың міндетіміз екендігін ұғындыру, патриоттық тәрбие беру баршамыздың міндетіміз екендігін ұғындыру, патриоттық тарбие беру. Бұл курста дүниежүзілік мұхит суларының минералдық, биологиялық және энергетикалық қорлары, олардың шаруашылық  маңызы және табиғат байлықтарын тиімді пайдаланудың жолдары қамтылады. Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білетін, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген және шығармашылық сабақ.

Көрнекіліктер:нақыл сөздер,топ аттары слайдтар (Қазақстан тәуелсіздігі-25 жыл, Қазақстан ғарышкерлері - 25 жыл, экология және экономика-150 жыл), кітаптар, журналдар, үнқағаздар.

Барысы: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды.

1. Кіріспе (Сарыарқа күйі)

2. Жүргізушілер: Жаңабай Әлібек, Мырзахан Үміт.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум,ардақты ағайын!

2-жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар бүгінгі «Қазақстанның қазыналы ұрпағы» атты географиялық кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі кештің иелері 5-сынып «Табиғат және адам», 7-сынып «Өлкетану», 10-сынып «Экономика және Экология», 11-сынып «Дүниежүзілік энергетика және саясат» қолданбалы және таңдау курсы бағдарламасы бойынша қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Түсініп терең өмірдің мәнін
Жалында жастар сендірсің сәнім!   
Беретін бойға күш қуат жігер,    
Шырқалсын шаттық Әнұран әнім!

2-жүргізуші: Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің мектеп директоры Малденова А.О.сөз беріледі.

1-жүргізуші: Бүгінгі кештің жетекшісі Абатова Гүлмира Бейсенбекқызына сөз беріледі.

Бірге «Оттанда ыстық Отаным!»

1-жүргізуші: Менің Отаным Қазақстан:   

2-жүргізуші: Отан дегенде көз алдымызға шалқар дала, оны көкжиектен кілемдей өрнектелген, хош иісті көк шалғын, айдын көлде қиқулаған аққу – қаздар, қоңыраулатқан бозторғай елестейді.

1-жүргізуші:

Пай - пай киелінеткен жер!
Бабалар дүбірлеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер!

2-жүргізуші:

Ғасырлар сөзі - Қаратау,
Бабалар көзі - Қаратау,
Ақындар елі - Қаратау,
Қара шаңырақ - Қаратау.

1-жүргізуші:

Қазақстан елім менің берекем,
Татулыққа тұтқа болған жыр мекен.
Жер жаһанға шашу болып шашылып,
Арайланған Тәуелсіздік мерекем-дей келе 7-сынып «Өлкетану» тобын ортаға шақырайық.

7-сынып «Өлкетану» тобы. Тәуелсіз Қазақстанға - 25 жыл.

1. Хор
2. Презентация қорғау
3. Әдеби-монтаждар
4. «Алға, Қазақстан!» әні.

2-жүргізуші:

Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік білімменен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар-дей келе 5-сынып «Табиғат және адам» тобын ортаға шақырамыз.

5-сынып «Табиғат және адам» тобы. Қазақстан ғарышына - 25 жыл.

1. Ән «Байқоңыр»
2. Тұрсынбай Ақсезім
3. Өтесін Еркін
4. Нұрберген Жанерке
5. Нұрғали Жанайым.

1-жүргізуші:

Табиғат алтын бесік,асыл анам,
Ауаңмен, суыңмен асыраған.
Мен дағы ұлың едім өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған- дей келе 10-сынып «Экология және экономика» тобын ортаға шақырамыз.

10-сынып «Экология және экономика» тобы. Экология-150 жыл.

1. Кәрім Сырым
2. Каспий теңізі
3. Ақ тырна (көрініс)
4. Арал теңізі
5. Байқоңыр
6. Семей-Невада
7. «Заманай»-әні

11-сынып «Дүниежүзілік энергетика және саясат»т обы.

1 .Ақпараттық шоу - Жайлау Қамқа,Темірбаева Салтанат.

Викториналық сұрақтар.

1-жүргізуші: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалбанова Перизат Тұрсынбайқызына сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың!
-деп ақиық ақын М.Мақатаев ағамыз жырлағандай кешімізде өз мәресіне жетіп қалды.

2-жүргізуші: Ал, халайық осымен география пәні бойынша сыныптан тыс өткен «Географиялық кешті» жабық деп жариялаймыз

Қорытынды

Сонымен қорыта келгенде «Табиғат және адам», «Өлкетану», «Медициналық география», «Экономика және экология», «Дүниежүзілік энергетика және саясат». Оқушылардың пән бойынша жүргізген шығармашылық, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстары, олимпиада, байқау, жарыс, интеллек туалдық ойындар, сыныптан тыс өткен іс шаралар қойылымы, пәндік экскурциялар, қолданбалы және таңдау сабақтарының бағдарлама 34-сағат сыныптар аралығында жоспарланған. Оқушының пәнге деген қызығушылығын Отанды сүюге, туған өлкесінің тарихын, жер бедерінің табиғатын зерттеп, іздену жұмысына ғылыми көзқарасын қалыптастыру,шығармашылық дағдыларын дамыту, реферат, баяндамалар жаздыруға үйрету.

Біздің болашағымыз білімді ұрпақты тәрбиелеу, әрбір жеткіншек туған жерін сүйіп өссе игі!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз