Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Жабайы жануарларды бір – бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік : Балалардың жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, жабайы жануарлар туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу;
Мұғалім: Оқушы:
Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,
Ақпейілді тілекпен, Кішіге де сіз.
Амандасып алайық Сәлем бердік сіздерге
Бір жадырап қалайық Құрметпенен біз
Жанауарлар текі топқа бөлінеді.
Үй жанурлары және жабайы жануарла
Өткенді тақырыпты қайталау:
-үй жануарлар және олардың төлдерін атау?(Видео)
Үй жануарларын кім бағады?
— Олар адамға қандай пайда әкеледі?
Жаңа сабақ.
-Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді?( орманда,тауда)
-Неліктен оларды жабайы жануарлар деп атаймыз? ( себебі олар өз азығын өзі тауып жейді)
Жұмбақтар
1.Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы......
2.Тұсығы ұзын күшті,
Өзі ерен мықты.
3. Өзіне болған қорған – орман,
Ішіңде бар, бір аң қорбаң – қорбаң.
4.Аузы бейне,шалғы орақ,
Шөп емес,бірақ малды орады.
5.Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
Арыстан – жыртқыш сүтқоректілер түрінің мысық тектес тұқымының қатарына кіреді. Түсінде сары-сұр түстердің түрлі реңктері болады,жалы әдетте терімен бір түстес болады, бірақ қанық тіпті қара да болуы мүмкін. Арыстандар құрбандар қоршауға түскен кезде ең жақын жануарға тап береді. Арыстанның баласы алан деп атайды.
Пілдер – қазір тіршілік ететін сүтқоректілердің ішіндегі ең ірісі. . Піл жақсы жүгіреді және тік жарларға оңай шығады. Пілдер – тек қана шөппен қоректенетін жануарлар.
Піл табиғи жағдайда Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда ғана тіршілік етеді
Аюлар-олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Саңырауқұлақ, балық, бал, құлпынаймен қоректенеді.Аюдың баласын қонжық деп атайды.
Қасқыр — қайсар, аса сақ хайуан.Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді. Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң.Қасқыр етпен қоректенеді. Қасқырдың баласы бөлтірік деп атайды.
Түлкі- түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді): жоны мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен құйрығының ұшы ақшыл тартады.[Олар көбіне тышқантәрізді кеміргіштер –құстармен қоректенеді. Түлкінің баласы жәудір деп аталады
Сергіту сәті
Біз орманға барайық,
Жан-жағымызға қарайық.
Аю шықты қорбаңдап.
Қасқыр шықты ырылдап
Түлкі шықты майысып
Қоян шықты секіріп
Қорықпаңдар, балалар,
Қарап-қарап алыңдар.
1-тапсырма
Жануарлар немен қоректенеді? жапсырма жұмыс)
Тіл ұстарту жаттығуы:
Я-ян-ян секеңдеген ақ қоян
Ю-ю-ю қорбаңдаған аю
Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі
Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр
2-тапсырма
«Төлін тап» ойыны (әр жануардың төлдерін сәйкестендіру)
Арыстан баласы- Алан, Абдан
Жолбарыс баласы — Арлан, Шөнжік, Таутан, Сарымақ,
Барыс — Алан
Қасқыр — Бөлтірік
Аю- Қонжық
Түлкі баласы — Жәудір, Мырмай, Міршәй.
Қоян -Көжек
Мысық — Марғау, Соқыр.
Киік баласы(төлі)-Құралай
Суыр баласы -Мондын
Арқар баласы- Қозықа
Бұғы баласы-бұғышақ
Елік төлі — Еңлік
Аққу — Көгілдір
Құндыз -Құнай
Қаз- Мамыр
Есек -Құдыға, Көжыртқыш
Қорытындылау
Тест
1.Аюдың баласын не деп атаймыз?
А) қонжық
Ә) жәудір
Б) күшік
2. Піл немен қоректенеді?
А) етпен
Ә)шөппен
Б) балық
3.Жабайы жануарды ата?
А) түйе
Ә)сиыр
Б) арыстан
4. Үй жануарын ата?
А) қасқыр
Ә) түлкі
Б) жылқы
5.Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді?
А) суда
Ә) орманда
Б) үйде
Үйге тапсырма: жабайы жануарлардың суретін салу
Ораз Жанерке
Өсімдікпен де, етпен де қоректенетін жануар бар ма?