Күні: Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Салт-дәстүр |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.2.1.Әндерді музыкалық аспаптың сүймелдеуімен орындау. 1.1.1.2. Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау. 1.1.2.2.Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау. 1.3.1.1.Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады. Көбі:Бір- бірінің іс- әрекетін бағалайды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Кейбірі: Дыбыстар мен символдарды байланыстырады, топпен қосылып ән айтуға талпынады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған дыбыстар мен әуендердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты дыбыстау арқылы, әнді өз деңгейінде айта алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі, дүниетану сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба, таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Бесік жыры, колыбельная, lullaby |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Оқушылармен үш тілде сәлемдесу. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Здравствуйте, дети! Hello, children! Алдыңғы сабақта үйренген әндерін қайталау «Қара жорға» әніне би билетуден бастау. Ән мазмұнына сай қимыл- қозғалыспен, сезімталдықпен орындауын сұраңыз |
Аудиожазба
музыкалық аспаптар |
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Оқушылардың қазақ халқының жекелеген би қимылдарымен таныстыру. Оқушыларға әнді суреттеуді ұсыныңыз. Салт- дәстүр туралы оқулықтан оқып, талдау жасау. Жұлдызшамен бірге қазақ ауылына «бесік тойына» барайық. Оқулықтағы түрлі –түсті суреттерге әңгіме құрастыру. Музыка тыңдау: «Бір бала» ән барысында қазақ халқының бала дүниеге келген кездегі салт- жоралғылары туралы әңгімелеу. Оқушылардың осындай сәттерде қандай сезімде болғандарын әңгімелету. Сүйінші, шілдехана туралы мәліметтер беру. Ән үйрену: «Бесік жыры» Ән қай кезде айтылады? Сұрақ –жауап түрінде әңгімеге тарту. «Бесік жыры» әнін кішкентай қоңырау аспабымен сүймелдеп орындату. |
Аудиожазбадан тыңдау, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
|
Дене қимылы жаттығуларын жасау |
|
Аяқталуы 16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут |
«Бесік жыры» әнінің ырғағын қол шапалақтаумен көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Әнді қайталап айттыру. Әнді қайталай отырып, музыка барысында оқушылармен бірге түрлі қол шапалақтау, ырғақты тарсылдату секілді қимылдар жасауды тапсыру.
|
Аудиожазба Ұрмалы аспаптар
жұлдызшалар |
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия «Еркін микрафон» әдісі бойынша оқушылар кері байланысты өз топтары мен басқа топтарға ауызша баға беріп, ұсыныстарын айтты. |
микрафон |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі