Өлең, жыр, ақындар

Салт-дәстүр

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салт-дәстүр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1.Әндерді музыкалық аспаптың сүймелдеуімен орындау.

1.1.1.2. Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.

1.1.2.2.Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

1.3.1.1.Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.

Көбі:Бір- бірінің іс- әрекетін бағалайды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

Кейбірі: Дыбыстар мен символдарды байланыстырады, топпен қосылып ән айтуға талпынады.

Жетістік критерийлері

Айтылған дыбыстар мен әуендердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты дыбыстау арқылы, әнді өз деңгейінде айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі, дүниетану  сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Бесік жыры, колыбельная, lullaby

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Оқушылармен үш тілде сәлемдесу.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Здравствуйте, дети!

Hello, children!

Алдыңғы сабақта үйренген әндерін қайталау

«Қара жорға» әніне би билетуден бастау.  Ән мазмұнына сай қимыл- қозғалыспен, сезімталдықпен орындауын сұраңыз

Аудиожазба

 

 

музыкалық аспаптар

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

Оқушылардың қазақ халқының жекелеген би қимылдарымен таныстыру. Оқушыларға әнді суреттеуді ұсыныңыз. Салт- дәстүр туралы оқулықтан оқып, талдау жасау.

Жұлдызшамен бірге қазақ ауылына «бесік тойына» барайық. Оқулықтағы түрлі –түсті суреттерге әңгіме құрастыру.

Музыка тыңдау: «Бір бала» ән барысында қазақ халқының бала дүниеге келген кездегі салт- жоралғылары туралы әңгімелеу. Оқушылардың осындай сәттерде қандай сезімде болғандарын әңгімелету.

Сүйінші, шілдехана туралы мәліметтер беру.

Ән үйрену: «Бесік жыры»

Ән қай кезде айтылады? Сұрақ –жауап түрінде әңгімеге тарту. «Бесік жыры» әнін кішкентай қоңырау аспабымен сүймелдеп орындату.

 

Аудиожазбадан тыңдау,  оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

 

Дене қимылы жаттығуларын жасау

Аяқталуы

16 минут

 

Қызықты тапсырма

8 минут

 

«Бесік жыры» әнінің ырғағын қол шапалақтаумен көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Әнді қайталап айттыру. Әнді қайталай отырып, музыка барысында оқушылармен бірге түрлі қол шапалақтау, ырғақты тарсылдату секілді қимылдар жасауды тапсыру.

 

Аудиожазба

Ұрмалы аспаптар

 

жұлдызшалар

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

«Еркін микрафон» әдісі бойынша оқушылар кері байланысты өз топтары мен басқа топтарға ауызша баға беріп, ұсыныстарын айтты.

микрафон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз