Өлең, жыр, ақындар

"Сиқырлы қарлар"

                       «Ақ желкен»тобының ұйымдастырылған қызметінің

технологиялық картасы

ШҚО. Тарбағатай ауданы,

Ақсуат ауылы

«Балдырған» ясли  бақшасы

Тәрбиеші: Рухова Маржангүл Рықбекқызы.

Білім беру облысы:Әлеуметтік орта

Бөлім:Экология

Тақырыбы: Сиқырлы қарлар.

Мақсаты:  Қыс мезгілінің құбылыстары мен қыс табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін толықтыру.  Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, қыс туралы тақпақ, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілеттерін   жетілдіру. Табиат сұлулығын , әсемдігін көре  білуге, оны қорғауға тәрбиелеу.

 Құрал-жабдықтар: Безендірілген қысқы орман,қыс туралы суреттер, жұмбақтар,слайд,

 Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, қане дөңгеленіп шеңберге тұрайық.

 Шаттық шеңбер.

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз.

Балалар біз бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы

 «Сиқырлы қарлар»

Ал балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

 

Балалар қарандаршы мына ыдыстағы не?

Қардың түсі қандай, ол жұмсақпа, қатты ма?

Қар суық па, ыстық па?

Дурыс айтасындар қысқы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қыста балалар ауа таза, табиғаты тамаша болады.

Балалар қысқы табиғатты тамашалауға  барғыларын келе ме?

-Ендеше ,мен сиқырлы қалпағым мен сиқырлы шапанымды киіп алайын , соның көмегімен біз  қысқы табиғатты тамашалаймыз.

Балалар қимыл қозғалыспен келтіріп таңғы шеңбер жасайды,қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Қазір қыс мезгілі.

 

Қар жауады,күн суытады, боран соғады,су қатады.Ағаштарды қар басады.

Ыдыстағы қар.

Қардың түсі ақ, ол жұмсақ.

 

Қар суық.

 

 

 

Балалар өз ойларын айтып барғылары келетіндерін білдіреді.

 

Балалар таңырқай қарайды және  көрсеткен бағытымен жүреді.

 

-Кәне ,бәріміз көзімізді жұмамыз. Осы кезде сиқырлы таяқшаның дыбысы естіледі.

Міне,  балалар біз қысқы табиғатты тамашалайық.

-Сәлеметсіздер ме,балалар,сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Мен, Қар Ханшайымы боламын.

Мен  сендермен бірге қысқы табиғатты тамашалайын деп тұрмын. Рұхсат па?

Балалар нелерді көріп тұрмыз?

-Ағаштар, шыршалар , аппақ қарларды көріп тұрмыз.

Шыршаның түсі қандай?

Бойлары бірдей ме?

Шыршаны қай мерекеде пайдаланамыз?

Қардың түсі қандай екен?

-Балалар қар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Бірге айтайықшы:

-Аппақ-аппақ, қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Өте тамаша.

(Осы кезде қоян шыршаның түбінен секіріп шығады)

 

Қоян:Ой, сәлеметсіздер ме,балалар?

-Сәлеметсіз бе, қоян.

Біз қысқы табиғатты тамашалап жүрміз.

-Балалар, сендер аңдар туралы қандай тақпақ  білесіңдер?

Ендеше айта қойыңдаршы?

-Қайшы құлақ қоянмын,

Ақшыл түске боялдым.

Қоян: Ой, қандай керемет! Менде сендермен бірге жүрейінші.

-Балалар жарайды , қоян бізбен бірге жүрсін.

Балалар тоңып шаршаған боларсыңдар , қане бәріміз бірге сергіп алайық.

-Жақсы, жылынып алсақ әрі қарай жүрейік.

Тағы не көріп тұрсыңдар?

-Балалар мұнда бізден бұрын да келген балалар қардан аққала жасап кеткен екен,қараңдаршы өте әдемі .

-Аққаланың пішіні қандай?

-Неше бөліктен тұрады?

Сырғанақ жасап қойыпты.

Сырғанақты неден жасаған?

Қоян:

Мына жерде әдемі үйшік тұр.

Бұл үйшік кімнің үйі екен. Терезесін қағып көрейікші.

Ешкім ашпайды.Аңдар ұйықтап жатқан болар. Балалар мына үйшіктің алдын қар басып тастаған екен. Күректерімізбен қардан тазалайықшы. (Балалар кішкене күрекшелерімен қарды тазалайды.)

-Өте жақсы балалар жарайсыңдар.

Сендер өте еңбекқор екенсіңдер.

Мен сендерге ризамын.

Балалар , сендер бізге қыс туралы тақпақ айтып беріңдерші?

Мансұр:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады.

Жып-жылтыр болып жатады.

Ерасыл:

Біз қазақ баламыз.

Суықта біз тоңбаймыз.

Шаңғы теуіп ойнаймыз.

Шымыр болып өсеміз.

Дидактикалық ойын:

«Үсіремін»

Мақсаты:Балаларды шапшандыққа, алғырлыққа, ұшқырлыққа баулу.

Барысы: Мен қазір сиқырлы таяқпен сендердің бір дене мүшелеріңді үсіремін дегенде,сол дене мүшелеріңді жасырып үлгерулерің керек.

Ойын балалардың көңіл-күйін көтереді.

Балалар біздің қайтатын уақытымыз болды. Қар Ханшайымы : Балалар сендер өте тәртіпті екенсіңдер.

 Қоян:Тақпақты жақсы айтыңдар.Еңбекқор екенсіңдер.

Сау болыңдар балалар?

Көзімізді жұмып,сиқырлы қалпақ ,шапаның көмегімен тобымызға оралайық.

-Міне ,балалар тобымызға келдік!

 

Қар Ханшайымымен амандасады.

 

 

Бірге тамашалайтының айтады.

 

 

 

 

 

 

 

-Жасыл

-Бойлары аласа- биік

Шыршаны жаңа жыл мерекесінде

Аппақ

 

 

 

 

 

Топпен айтады

 

 

 

 

 

Қоянмен амандасады.

 

 

Білеміз.

 

 

Қоян туралы тақпақ айтады.

 

 

 

 

Қимыл арқылы жасайды.

 

 

 

 

 

Таңырқап қарайды.

 

-дөңгелек

-үш бөліктен

 

 

Үйшік

Үйшіктің терезесін қағады.

Қарды тазалауға көмектеседі.

Балалар өздерінің басқаларға көмек көрсететіндеріне қуанады.

 

 

 

 

 

 

Қыс туралы тақпақтарын айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәріміз бірігіп ойын ойнайық.

Ойынға деген қызығушылығын ояту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қар Ханшайымымен, ,қоянмен қоштасады.

 

 

Топқа оралады.

 

Рефлекциялық түзетушілік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қардың түсі қандай?

Қысқы табиғатты тамашаладық.

Біз нелерді көрдік?

Балалар біз бүгінгі оқу қызметінде өте жақсы қатыстыңдар.

Бүгін біз не туралы айттық?

Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мен сендерге әдемі қарларды таратып беремін.

 

Балалардың жауаптары, өз ойларын жеткізеді.

Балалар көрген білгендерін айтады.

 

 

 

 

Қар

 

Қорытынды нәтиже:

Біледі: қысқы табиғат   туралы білулері керек.

Игереді: Өздеріне берілген тапсырманы орындай білу керек.

Меңгереді: Сұраққа толық жауап айта білуі керек

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз