Ақмола облысы, Аршалы ауданы
№ 3 Аршалы орта мектебі
"Күншуақ" шағын орталығының
тәрбиешісі: Темірғали Дариға Маратқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Ортаңғы «Бәйтерек» тобы
Бөлімі: Шығармашылық
"Жапсыру, сурет"
Тақырыбы: Мерекелік торт
Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйретуді жалғастыру. Қағазды бірнеше бөлікке бөліу арқылы мерекелік тортты безендіру.
Көрнекіліктер: түрлі түсті қағаздар, қайшы, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: торт- тәтті тоқаш
| Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | 
| Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Біздің топта балалар Тату-тәтті ойнайды Дос көңілі әрқашан Тек жақсылық ойлайды. | Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. | 
| Ұйымдастыру-іздестіру | Педагог ұннан дайындалатын нан түрлерін сурет арқылы көрсетеді. Дәмді. Өздерің осындай қалаштарды жеп көрдіңдер ме?" - Аналарың үйде қандай дәмді тоқаштар пісіріп береді. Ол үшін қағазды бірнеше бөлікке бөлінеді. Бөліп алған бөлшектерді қосып және суреттерін көрсетеді. Дидактикалық ойын: «артығын тап». Ойын шарты: Балалар суреттердің арасынан артық заттарды алып тастайды. Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам | Сұрақтарға жауап береді. 
 
 
 Жұмысты мұқият орындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды. | 
| Рефлексивті - түзетушілік | Сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақта нені жапсыруды үйрендіңдер? Дайын жұмыстарға талдау жасау. Сабақты қорытындылау. Мақтау, мадақтау. | Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. | 
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: нан түрлерін біледі.
Қандай түсініктерді игереді: нанды қадірлеуді, жерге тастамауды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тортты жапсырудын іскерліктерін меңгерту.
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі