Өлең, жыр, ақындар

Ұзын құлақ ақ қоян

Ақмола облысы, Аршалы ауданы
№ 3 Аршалы орта мектебі
"Күншуақ" шағын орталығының
тәрбиешісі: Темірғали Дариға Маратқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек»  тобы    «__»________201  жылы

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян.

Мақсаты: қоян туралы түсініктерді нақтылау; қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету, қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық  материалдар, қоянның суреті, ойыншық қоян.

Қажетті құрал жабдықтар: қағаз, түрлі түсті қарындаштар, қоянның суреттері.

Сөздік жұмыс: көжек.

Билингвальды компонент: қоян-заяц, ұзын-длинный.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекет

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Қолдарын созып, бір-бірімен жақсы көңіл күймен амандасады.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

  Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не? Тәрбиеші иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, балалардан қоянның қайда тіршілік ететіні, құлағы неге ұзын екені, қалай секіретіні, неге сұр қоян, ақ қоян деп аталғаны жайлы сұрап, өзі жауаптарды толықтырып түсіндіреді.

Сөздік жұмыс жүргізеді.

  – Қайырлы таң, балалар!

  – Қайырлы таң жаңа күн!

 

  Жұмбақтың шешуін табады.

Балалар қоянның сәбізді жақсы көретінін, өзі сондай қорқақ екендігі, орманда тіршілік ететіні жайлы айтты.

«Ұзын құлақ», «сұр қоян» сөзін жаңғырық әдісімен қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

 

 

 

 

Балаларға ұзын құлақ сұр қоянның суретін жапсыруды ұсынады. Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді. Көрсетілген үлгі бойынша қояның суретін салады.  

Сергіту сәті:

Қояным, қояным,

Орныңнан тұра ғой.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Қолыңды жушы,

Орныңда секірші!

Секір-секір-секір!

 

 

 

 

 

Сергіту сәтінде өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардың қоянды әдемі суретін жапсырғандарын айтып мадақтайды. Қоян жайлы  әңгімелесіп, қоян туралы қандай өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар білетіндерін сұрайды. Қол ұстасып, дөңгеленіп, қоян жайлы өлең айтады.

Балалар қоянның суретін қиып жапсырғандары  жайлы, қоян туралы не білетіндерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қоянның дене мүшелерін, оларды рет-ретімен жапсыруды;

Игереді: қоянның дене мүшелерін, жейтін азық түрлерін.

Меңгереді: қыстыгүні даланы мекендейтін жануарды жапсыруды.


Пікірлер (2)

1111

суретін салғызу деп, қорытындылайтын кезде жапсыртқанын айтады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер