Атырау облысы, Атырау қаласы
"Жалпы білім беретін Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп" ММ
химия пәні мұғалімі: Болатова Эльмира Болатовна
«Көңілді старт» кешінің жүрісі:
Кештің мақсаты: Оқушыларды дене жаттығулары арқылы химиялық тапсырмаларды орындатып, шапшандыққа.шымырлыққа,ой еңбегіне тәрбиелеу.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңарып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегі,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей,сірә,тереңге!
Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі химиялық кеш «Көңілді стартқа» қош келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
Сайыста 8-11 сынып оқушылары арасынан екі топ құрылған.Біріншісі «Алғыр»,ал екінші «Білгір» тобы.
Кешіміз бірнеше сайыстан тұрады.Спорттық қимылдар арқылы тапсырманы орындауы шарт.
І-тур.Сәлемдесу (химиялық тілде құттықтау)
Төменгі бал «3»
Жоғарғы бал «5»
ІІ-тур. Үндемес ойыны. (Формула жаза білесің бе? доппен тақтаға барып тапсырманы орындап,кері доппен жүріп келесі мүшеге беру)
І топ «Алғыр» ІІ топ «Білгір»
Na + H2O = K + Н2О =
CaO + H2O = МgO + H2O =
NaOH + HCl = KOH + HCl =
H2 + Cl2 = H2 + S =
Zn + O2 = Ca + O2 =
Al(OH)3= Fe(ОН)3 =
ІІІ тур. «Тез тап» ойыны.
Заттардың аты берілген, химиялық формулаларын теннистің тақтайшасына шарды қойып тақтаға барып тапсырманы орындап,тақтайшаны шармен келесі мүшелеріне тапсыру.
І топ «Алғыр» ІІ топ «Білгір»
Су- Мырыш-
Кальций оксиді- Тұз қышқылы-
Мыс(ІІ) оксиді- Темір(ІІІ) оксиді-
Кальций сульфаты- Натрий гидроксиді -
Марганец- Ванадий-
Күкірт(ҮІ) оксиді- Көміртек(ІІ) оксиді-
ІҮ тур. «Жалғастырыңыз» ойыны.
Әр топ бір-бірін қайталамай элементтерді айту арқылы допты жалғастырады.
«Алғырларға» «Н» әріпінен аяқталатын элементтерді айтады.
«Білгірлер» «Н» әріпінен басталатын элементтерді айтады.
Ү тур. «Артығын тап» секіртпемен секіріп өтіп берілген тапсырманының артығын тауып астын сызу керек.
«Алғырлар»
1.Жұтқыншақ, өңеш, бауыр, асқазан.
2. Адамның тісі: күрек, азу, ит, жыртқыш тістерден тұрады.
3. Дәрумендер: А,С,В,И,Д.
4. Судың құрамы: Оттек,азот,сутек.
5. Жануар текті өнімдерге: май, жұмыртқа, сүзбе, қант, ет жатады.
6. Қышқылға: HCl. Na2SO4. HNO3
«Білгірлер»
1. Өсімдік текті өнімдерге: Нан, сүт, жеміс-жидек.
2. Рефлекстер: шартты, шартсыз, тұрақсыз
3. Металдарға: Mg. Ba. S. Fe жатады.
4. Тәбет, тамақтану, ұйықтау
5. CaO. Al2O3. H2S. MgO
6. Нөмірленген химиялық заттың атын, суреттің астына жазу
ҮІ тур. «Суретті анықта» ойыны.
Плакатта сурет берілген. Олар нөмірленген суреттің астына атын жазу керек.
Осымен ойынымыз аяқталды. Сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі