Өлең, жыр, ақындар

Ыбырай Алтынсарин "Дүниеде жамандық неден?"

Қостанай облысы, Рудный қаласы, №19 орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалім: Дангилова Айгул Бакытжановна
 

САБАҚ: Әдебиеттік оқу

Мектеп:  №19

Күні: 11.11.2016 жыл.

Оқытушының аты-жөні: Дангилова А.Б.

СЫНЫП: 4"Ә"

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар: 25

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Ыбырай Алтынсарин Дүниеде жамандық неден?

Сабақтың мақсаттары

Мәтін бойынша оқушылардың бойынша жақсы қасиеттерді дарыту, жамандықтан жирену.

Тілдік мақсат

Ақжүрек-адал, ақниетті
Байлаулы-біреуге,бір нәрсеге тәуелді, меншікті
Тән-дене

Алдыңғы білім

Өткен сабақты қайталай отырап, білімдерін одан әрі жетілдіру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. «Кубизм» стратегиясы арқылы

Менің қолымда куб бар. Бұл кубтың алты қырдан тұрады. Осы кубтың қай қыры қай топқа қараса, сол қырдың тапсырмаларын орындайды.

1 қыры – зерттеңіз.

Өлең бойынша сатылай кешенді талдау жасап зерттеңдер.

1. Автор:  2. Тақырып. 3. Жанр түрі. 4. Идеясы. 5. тәрбиелік мәні.

2 қыры-Таныстыру. Яғни Түркістан туралы айту.

3 қыры Салыстыру. Видео қарау арқылы Түркістан мен Астана қалаларын салыстыру. Ұқсастығы айырмашылығын ВЕНН диаграмасы арқылы.

4 қыры Автор туралы мәлімет. Мағжан туралы.

5 қыры Өлеңді мәнерлеп оқу. Түркістан.

Түркістан әніне қосылу. Бейнежазбаға назар салайық.

Әр оқушы өзін бағалайды.

Куб пайдалану. Бейнежазба көрсету.

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа тақырыпты ашу. Оқушыларға мақал–мәтелдердің жалғасын табу арқылы топқа бөлінеді. Топтағы мақал – мәтелдерді оқып мағынасы не туралы айтылғандары жайында мағынасын ашып, жаңа тақырыпты ашады.

Ыбырай Алтынсарин Дүниеде жамандық неден? Ыбырай Алтынсарин туралы бейнежазба көрсетіледі. Енді мәтінмен жұмысты бастамас бұрын оқушылар топқа бөлінеді. Топта 12345 деп саналып, бірлер бір топқа, 2345 топқа отырады. Мәтін оқу беріледі. Беріліп болған соң өз отандарына келеді. Әр топта оқылған мәтіндерінің мазмұнын айтады. «Жигсо» әдісі арқылы.

Сөздіктермен жұмыс жүргізіледі.

Ақжүрек-адал, ақниетті.

Байлаулы-біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті.

Тән-дене

Ақжүрек-адал, ақниетті.
Байлаулы-біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті.
Тән-дене
Блум түймедағы стратегиясы.
1. Нелер? Кім? Қайда? Неге?
2. Менің түсінгенім бойынша ...
3. Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?
4. Не жақсы?не жаман?
5. Неліктен жамандық түбі – жаман мінез деді жылан?
6. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен. Ақ параққа оқушылар өз бойларынан кездесетін жаман қасиеттерін жазады. Жазылған жаман әдеттен арылайық деп қағазды жыртып тастаймыз.

Мақал – мәтел қима қағаздар

Блум түймедағы стратегиясы

Соңы

 

 

 

 

Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айтылды?

Өз бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерді сіңіре білдіңдер ме?

Тақырыпқа сай қандай түйіндіге келдіңдер?

Бағалау.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз