Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
тәрбиешісі Жаппарова Мадина Мүсірәліқызы
Мақсаты:
- Халық сүйіп тыңдайтын ақындардың өлең жолдары мен әндерін көпшілік назарына ұсыну.
- Оқушылардың жан-жақты ойлануын, ізденуін дамыту, өнерге деген құштарлықтарын арттыру, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.
- Адамгершілікке, отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Баннер, акт залын талғамға сай безендіру.
Өтілу барысы: «Көңілді тапқырлар клубы» мүшелері әзілдерімен кешті ашып береді.
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Көркемдік пернеде ме, шегінде ме,
Әлдебір саусақтан ба, көңілден бе?
Өзгені ұмыттырып жібереді
Сиқырлы үн көмейден төгілгенде.
Не деген жан тербеткен күшті ықпалың,
Басқандай жүректерге ыстық табын.
Тасбауыр жандарды да елжіреткен
Дүниеде әннен керім күшті ұқпадым.
Ән: «Туған жер өзің дегенде...»
Сөзі мен әнін жазған: Б.Тәжібаев
Орындайтындар: Тұтқабек Ақмарал, Қайролла Динара
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Поэзия –
әйелдей жұмбақ әлем,
сиқыр сырын түсінер тұлға да кем;
жаны – тұнған тұңғиық тереңдік те,
қимылы – ырғақ, әуен.
Поэзия –
арудай құпиясың,
ұқтырар жылдап әрең...
Поэзия: (Махаббат тақырыбында)
1. «Сезім» (Тұтқабек Ақмарал, Сатыбалды Бағлан)
2. «Өкпелеттім» (Шабақбаева Камилла, Түсіпхан Темірлан)
3. «Мен бір қызық адаммын» (Утемисов Санжар, Ерболат Бәтес)
4. «Сен туралы» Абілғазы Ерғалым, Файзулла Шолпан)
Ән: «Ұнатамын мен сені»
Сөзін жазған: М.Мақатаев, әнін жазған: Т.Досымов
Орындайтындар: Түсіпхан Темірлан, Асетова Сандуғаш
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Толқын – көңіл тоқырап таусылуы-ай,
Тасып-тасып басылған тау суындай.
Жетім жүрек жастықтың жұртында қап,
Ұлиды кеп бөрінің баласындай.
«Жетімдер монологы»
Авторы: Ф.Оңғарсынова
Оқитын: Ерболат Бәтес
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Мың бұралған, билеген
Өнерді кім сүймеген
Аққудайын қалықтап
Түрлі ұлт биін билеген
«Түрік биі»
Бишілер: 11«А»сынып оқушылары
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
“Адам бар ма, мәңгілікке өлмеген,
Заман бар ма, бағы тайып көрмеген.
Азап бар ма, ауыр жолда көлбеген,
Ашу бар ма, адам ұлы жеңбеген.
Ақыл бар ма, шамшырағы сөнбеген,
Батыр бар ма, туды қолдан бермеген,
Ақын бар ма, ақиқатқа шөлдеген?”
«Қыз Жібек» пьесасынан үзінді:
Рөлді сомдайтын: Қайратқызы Арна
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар...”
Ән: «Перзент парызы»
Сөзін жазған: Ж.Дәуіт, әнін жазған: Б.Есебаев
Орындайтындар: Аманжол Сабина, Шамшанова Анар
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Өшпейді халық жыры, қартаймайды,
Өшеді деп оны ешкім айта алмайды.
Халықтың жүрегінен, түкпірінен
Төгілген күй – шын жорға тайпалмайды.
Сақталған сый алтындай ел ішінде,
Сұлу жыр, судан тынық, шайқалмайды...
«Ай-Қаракөз» пьесасынан үзінді:
Рөлді сомдайтындар: Сатыбалдин Бағлан, Шабақбаева Камилла
Ән: «Дариға дәурен»
Сөзін жазған: Н.Айтұлы, әнін жазған: Т.Шапай
Орындайтын: Жаңабаев Абзал
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Күлкімді, жайлы күнімді,
Азапты, қайғы-мұңымды,
Өзіммен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып,
О баста көріскенің үшін,
Өлең, мен сені аялап өтем!
1.«Әке туралы ой», «Анама» Абдулхамитова Ақерке, Жұматай Бағлан
2. «Өмір» Жаңабаев Абзал
3. «Ана мен қыздың сырласуы» Тілеубай Айдана,Асетова Сандуғаш
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Сырластым, аштым небір құпиямды.
Мұң шақтым, қуанышқа ортақ еттім,
Таппадым әнге, өзге, сырға ұстамды.
Ән: «Жүрші менімен»
Авторы: Т. Төрәлі
Орындайтын: Тоқтабай Жомарт
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Қырмызы қыздар, қызғалдақ қыздар құлпырған.
Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұнған.
Би билейік майысып,
Отырған халқым, сүйсініп қалсын сыртыңнан.
Заманауи қазақ биі:
Бишілер: Шабақбаева Камилла, Қайратқызы Арна, Жұматай Бағлан, Аманжол Сабина,
Тілеубай Айдана, Серғали Аружан
Ән: «Ақ бантик»
Сөзін жазған: М.Шаханов, әнін жазған: Ш.Қалдаяқов
Орындайтын: Утемисов Санжар
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Өнердің таусылмайтын кереметі,
Баурап ап жаныңызды билетеді.
Бір шумақ, өміршең қас жүйріктерді
Өз халқың болмақтарға үйретеді.
1.«Сіз осы...» Тоқтабай Жомарт, Серғали Аружан
2. «Ұнатамын» Еркімбек Асылбек, Аманжол Сабина
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Ұрпақ пен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Попурри: «Шәмші әндері»
Орындайтындар: Серғали Аружан, Рақым Алтынай, Утемисов Санжар, Бекенова Назира, Раис Құрманғалы
«Көңілді тапқырлар клубы» мүшелерінің зілдері.
Арна: баяу үнмен оқып тұрады)
Өнеріміз өрде тұрса байқарсыз,
Таңданыстан басыңызды шайқарсыз.
Мың бұралып шыр айнала билесек,
Өмір бойы мақтанышпен айтарсыз.
Күлкі естілсе барлығы жалт қарасар,
Қалжыңменен жараспаққа таласар.
Итальян әні: «Арабеско»
Орындайтын: Файзулла Шолпан
Арна: (баяу үнмен оқып тұрады)
Айналайын қазақ деген халқынан,
Таймаса екен рухани қалпынан.
Өнері бір саналатын құндылық,
Жеткен бізге ата-баба салтынан.
Ән: «Армандастар»
Сөзін жазған: Н.Әлімқұлов, әнін жазған: Ә. Бейсеуов
Орындайтындар: Камилла, Бәтес, Айдана
Санжар:
Жақсы көрем сендерді, жақсы адамдар,
Жақсы адамдар, бұзылмас тас қамалдар.
Ерғалым:
Табаныңның астында жатады әлі,
Пенделіктен өресі аспағандар.
Ақмарал:
Жақсы көрем сендерді мен неліктен,
Мінезіңмен мызғымас ерге біткен.
Жомарт:
Адамдықтың алдында аласарып,
Биік тұрған қашанда пенделіктен.
Жақсы көрем сондықтан мен сендерді,
Темірлан:
Мен де бір сәт көтеріп еңсемді енді.
Сендер салған адамдық, ардың жолын,
Болашаққа көрсетіп берсем болды.
Аружан:
Жақсы көрем сендерді, жақсы адамдар,
Жүрегіңде, өйткені, аппақ ар бар.
Бағлан:
Күйіп кетсін көре алмас пәтшағарлар,
Қарап өссін сендерге басқа жандар.
Кеш «Дарынды жастар» әнімен аяқталады.
Қорытынды сөз:
Сынып тәрбиешісі: Жаппарова Мадина Мүсірәліқызы
МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА
Қонақтарға сөз беріледі:
Ескертпе: Кеш барысында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев пен поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың, сонымен қатар танымал емес әуесқой ақындардың өлең жолдары оқылды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі