Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
тәрбиешісі Хасенова Клара Асылханқызы
1-жүргізуші: Мерекелік кешімізді бастау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.
(Әнұран орындалады)
(Орындарына бәрі отырып, жайғасқаннан кейін, шымылдық сыртынан жүргізушілер концертті өлең оқу арқылы бастайды)
2-жүргізуші:
Өзегімді өртке ораған қоғамда
Өз үйіме өзім өгей болам ба
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым Қадірің де жоқ онда
Саған жетіу қиын болса қаншалық
Сақтап тұру қиынырақ одан да
Алла берген азаттықтың әр сәті
Аманат қой
Маған
Саған
Оған да
3-жүргізуші:
Саясатқа сермей алмай семсерді
Езгі күнге тері қылдым
Желтоқсанда жалын атып жастығым
Құрсау болған темір қоғам теңселді
Есте даңқы қыршындардың қалды ма
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы
4-жүргізуші:
Уа, еркіндік
Құның немен өлшеңді
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім
Ең шуақты
Ең шырайлы
Ең шерлі
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі
4-жүргізуші:
Еркіндігім.
Қасиеттім
Қастерлім
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң
Кеше сенің келбетіңді арман ғып
Боданына бұғауландық басқа елдің
Бабалардың басын тігіп бәйгеге
Аналардың жанарына жас бердің
Уа,еркіндік
Қош келдің.
1-жүргізуші: Армысыздар, өрлі де асқақ рухты қазақ елінің тәуелсіз ұландары! Сіздерді алда келе жатқан тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:
Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қазір Қолда көк ту менен бостандық.
3-жүргізуші:
Талай жылдар аңсап келген тәуелсіздікті алғанымызға биыл 25 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік мақтанышым
Әрбір таңым күн маған
Бейбіт күнде мен тынышпын
Әрбір таңым нұр маған
4-жүргізуші: Ал, енді сол тәуелсіздікке арналған мерекелік концертімізді ашу үшін ортаға мектебіміздің директоры М.Ботабайұлын қошеметпен шақырамыз.
(ортаға директор шығып сөз сөйлейді)
1-жүргізуші: Сізге көп-көп рахмет. Ер есімі ел есінде демекші тәуелсіздік алу жолында жандарын қиған боздақтарымызды еске алуға арналған « Жасай бер жаса Тәуелсіз Қазақстаным! » атты шығармашылық кешімізді ашық деп жариялаймыз!
(слайд «Желтоқсан»)
2-жүргізуші: Негізі, білесіңдер ме менің ойымша сол тәуелсіздіктің қандай қиын жолмен келгенін кейбіреулер елестете де алмайды.
3-жүргізуші: ия, сенімен толықтай келісемін.Тәуелсіздік үшін күрес бір сәт те толастаған емес, ол теңіз толқыны сияқты қат- қабат жарға соғып жатты. Кеңес тарихы болса олардың әрбір толқынын бір-бірінен айырып алып, басып-жаншуға тырысты. Сол толқынның ең көлемді әрі жемістісі «Желтоқсан көтерілісі» болды.
4-жүргізуші: Шынымен де, сол көтеріліс халықтың жадынан кетпестей болып сақталып қалды. Әрбір атылған оқ сол көтеріліске қатысқан боздақтардың жүрегінде ұмытылмастай із қалдырды.
1-жүргізуші: Ортаға сол қанды қырғынға қатысқан батырымызды шақырамыз (ортаға шығып, сөз сөйлейді)
2-жүргізуші: Апай, сізге үлкен-үлкен алғысмызды білдіреміз. Біз үшін жасаған ерлігіңізді ешқашан ұмытпаймыз. Сол желтоқсан құрбандарының құрметіне 1 минуттық үнсіздік жарияласақ.
(сахна сыртынан мұңлы музыка қойылып, өлең оқылады. Кейіннен көрініс басталып кетеді )
3-жүргізуші: Біздің тарих бетінде қанмен былғанған оқиғалардың бірі Желтоқсан айының ызғарлы күндері. Көз алдыңа бұл оқиғаны елестеткенде әрине көзіңе жас келіп, тамағыңа ащы өксік тығылады.Өрімдей жас қыздар мен бозбалалардың шаштан сүйреліп аяусыз азапталды. Бірақ олар сонда да дес бермеді. Бұның барлығы болашақ ұрпақтың азаттығы, ешкімге жәудіремей өз тілінде сөйлеп, өз дінінде қалып, еркін жүрулері үшін деп ұрандады
4-жүргізуші: Желтоқсан айының ызғарлы лебі соққанда осы қорқынышты түстей болған оқиғаны , жандарын пида еткен азаматтарымыз бен әпкелерімізді еске салары хақ. Шаршы алаңға шығып еш қорықпастан азаттық үшін, болашақ үшін деп ұрандағандардың қанымен ақ қарды қызыл қанға бояған уақыттың санамыздан жоғалмайды да, өшпейді де.
( «Желтоқсан желі әні орындалады» )
(хор бітісімен көрініс көрсетіледі)
(көріністің аяғы болып жатқанда, сахна сыртынан оқушылар шығып, өлеңдерін оқи бастайды)
1-жүргізуші: Желтоқсанның ызғарлы, суық желі өткенді қайта жаңғыртып,жандандырары сөзсіз. Сол алаңда, сол көшелерде еркіндік, жеке халық мүддесі үшін болған қанды тайталас...
2-жүргізуші: Бірақ, ойлап қарасам тәуелсіздікке сол құрбандықтың арқасында қол жеткізіппіз ғой! Қазіргі таңда халық болып қалыптасуымыз «Бәрі де ел үшін, жер үшін, Келешек ұрпақ үшін!»-деп ұрандатқан жастардың арқасында деп білеміз.
3-жүргізуші: Әттең-ай шіркін, сол көтеріліске қатысқан ұлтшыл ұландарымыздың бәрі дерлік аман болғанда ғой! Оларға қаншама алғыс айтар едік, қаншама нұрға бөлер едік.
4-жүргізуші: Иә, шынымен де...
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
1-жүргізуші:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
Біз үшін қара жерге қанын төккен ардақты аға-әпкелеріміздің рухтарына мәңгіге бас иіп, алғыс айтамыз.
Олардың есімдері тарих сахнасында да алын әріптермен жазылып қалады!
(ортаға оқушылар шығады да, жұлдызға гүл қойып, шымылдықты жабады)
2-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған,- деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
3-жүргізуші: Тәуелсіздік... Осы бір ғана сөздің астында қаншама қайғы - қасірет, қаншама жүрегі елім, жерім, халқым деп соққан, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны, шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін, атаменкен елі үшін жанын пида еткен ата -бабаларымыздың рухы жатыр.
4-жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
1-жүргізуші: Басынан қанша қиындық өтсе де, Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, алғаш рет мемлекет болып қалыптасты! Тарихта алғаш рет, жүздеген жылдардан кейін, Қазақстан тәуелсіз мемлекет екенін басқаларға мойындатты!
(соңғы жолында «көк тудың желбірегені» әні қосылып, шырқалады)
2-жүргізуші: «Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бір түрі.
Тек сол үшін оны ардақтау, жөнсіздеу һәм күлкілі,- демекші ортаға талаптары таудай үлкен болашақ ақындарымызды шақырсақ
3-жүргізуші:
Қос ішектің бірін қатты
Бірін бостау кем бұра
Нағыз қазақ қазақ емес
Нағыз қазақ- Домбыра,- демекші, сахна төріне біздің сыныптың оркесторын қошеметпен шақырайық.
4-жүргізуші: Осы сен білесің бе, жүректі шымырлатар, бойыңа қан жүгіртетін сазды әуен екенін?
1-жүргізуші: Жоқ, білмейді екем. Енді біліп жүретін боламын. Ал, арамызда әсем ән шырқайтын талант бар ма екен. Шын жүректен қарсы алайық
(Орынгүл жасайтын слайд көрсетіледі).
2-жүргізуші:
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. .
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.
1991 жылы Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына тұңғыш рет ескерткіш қойылды
1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды.
1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
1995 жылы 19 мамырда Алматыда банкнот фабрикасының бірінші кезегінің ашылу рәсімі болды.
2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды.
2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды
2-жүргізуші: Мың бұралып, жүз құбылған биші, ару қыздарымызды ортаға шақырайық
(қыздар би билейді)
(тәуелсіздік жастары туралы көрініс)
(көрініс біткеннен кейін оқушылар сахнада тұрып, бірге ән шырқайды)
Қазақстаным алға
3-жүргізуші: Бүгінгі шығармашылық кешке алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Сау саламатта болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі