Өлең, жыр, ақындар

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
тәрбиешісі Турсунбекова Улжан


Мақсаты:

1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. 
2. Оларды өз пікірін еркінайтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйеліойлауға баулу 
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу 

Кіріспе сөз:
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға,- деп толымды талант, сөзшебері Мұхтар ағамыз жырлағандай, адамға үміт отын жандыратын ол - арман.

Біз күнсайын «Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер терең ойлайтын болсақ, шындығында адамға арман керек - ақ, ол бізге бағыт, күш – қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. Сол айтпақшы, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз жарқын болашақтың бейнесі – біз армандаған мамандық туралы болмақ. Ендеше, тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да болады деп арманда, - деп ақын Мұқағали да арман жайлы жырлаған...

- Арман деген не? – деп жігіт қарияға сауал қойған екен. Сол кезде қария:
- Арман дегеніміз ақыл - ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді. Арманға адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – деп қарт жауап беріпті.
Өнерге өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты ақын Исрайыл ағамыз арманды аққанат тықұсқа, мәрмәр мүсінге теңейді. ал, біздің оқушыларымыздың арман туралы ойлары қандай екен? Осы жерден оқушыларымыздың арман туралы пікірлерін білсек қайтеді?! 

Әңгімелесу
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?

«Мен басқаның көзімен болашақта» тренингі 

Достар, жүрек тұсымызда отырған адаммен жұптасайық. Ол адамның алақанына өз алақаныңды қойып, жанарына тура қара. Алдыңда отырған жанның жақсы қасиеттерін есіңе түсір. Енді көзіңді жұмып, досыңның болашақтағы бейнесін көзалдыңа елестет. Досыңның болашақтағы өмірі қандай, қызметі, мінезі, жеткен жетістіктерін бағала. Енді көзімізді ашып, елестеткен қиялымызды ақ парақ бетіне түсіреміз немесе айтамыз

Арман деген көп белес-

Бірін ешықсаң, бірі бар.

Сергіту сәті: «Жүректен – жүрекке» Шаттық шеңберін жасап жүрек ұсыну арқылы ҰБТ жайлы жақсы тілектер айту.

Таңдап алған қағаздардан бүгінгі сабақты белгілі бейне арқылы түйіндеу.

Мысалы: 

1. Қызыл, сары түсті таңдап алған оқушылар қызғалдақ гүлін жасайды. Гүлді жасап болған соң, өздерінің асқақ арманы «Ұстаздардан алған біліміміз бен тәрбиеміздің арқасында көздің жауын алатын, жерге, ерге көрік беретін, жұпар иісі мен бойыңды сергітетін, жұпар иісі мен бойыңды сергітетін ал қызыл гүл секілді «Отанымызды сүйетін патриот ұлы мен қызы болу.»

2. Көк, сары түсті таңдаған оқушылар: Тудың бейнесін жасау. Бұл түсті таңдаған себебіміз көк, сары түс өздеріңіз білетіндей Қазақстан туын бейнелейді. Біздің асқақ арманымыз «Ұстаздардың еңбектерін ақтап, егемен еліміздің дамыған 50 елдің қатарында болуы үшінт ілімізді, дінімізді құрметтей отырып, жақсы білім алып, еліміздің туын биікке көтеруге ат салысу»

3. Көк, сары түсті таңдаған оқушылар суда жүзіп бара жатқан желкенді қайықтың суретін жасайды. Біздің асқақ арманымыз «Мектеп-кеме, білім-теңіз» біз балалардың білім алуына бағыт беруші желкенбіз. Яғни болашақта шығармашылықпен жұмыс істей алатын, педагогикалық қызметтің барлық келеңді келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдаяттарды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңа формациядағы мұғалім болу.

Жүргізуші: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді. 
Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көккүмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!

Топпен ән айту. Сөзі: А.Дүйсенбінікі, әні: Ұ.Жодасовтікі 
Ән «Арман жолдар»


Жүргізуші: Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, 
Әуре етеді ішіне қулық сақтап. 
Өзіңе сен өзіңді алып шығар, 
Еңбегің мен ақылың екі жақтан. 

Жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт, 
Армандар алға жалғансын. 
Соқса да дауыл, өрт болып өмір, 
Қанаттар балғын талмасын – 
деп, Ән «Ұстазым» орындайтын Тасанов Н.

Қорытынды:

«Адам болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға» деп заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шаханов айтпақшы, артына үлгілі із қалдыру үшін адамға алдымен ойлы мақсат пен үлкен арман керек екен. Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз