Маңғыстау обылысы, Мұнайлы ауданы
Маңғыстау-5 селосы
№9 “Бәйтерек балабақшасы”
Кубейова Каршыға Бахытгалиевна
Ән-саз жетекшісі
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Ән-саз.
Мақсаты:
- Білімділік: балаларға қазақ халқының шығармашылығы жөнінде кеңінен білім беру, танымын ашу;
- Тәрбиелік: халық музыкасына деген суйіспеншілігін арттыру, ұлттық сезімін ояту;
- Дамытушылық: ұлттық музыкалық аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: аспаптар, үнтаспа, аспаптардың суреттері.
Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар залға «До-ре-ми » әуенімен кіреді.
Жетекші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! ( до-ре-ми-фа-соль-соль)
Балалар: Сәлеметсіз бе, апай! ( соль-фа-ми-ре-до)
Жетекші: (қолына білезік тағып)
Шаттық шеңбері:
Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік.
Сәнді көйлек киелік,
Бәріміз бірге билейік.
Ұлттық музыкалық аспаптар жайлы түсінік беру.
Сазсырнай – қазақтың ұлттық аспабы. Саз балшықтан, күйдіріліп жасалады. Үрмелі аспаптар қатарына жатады.
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге «Жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде Жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Сыбызғы – үрлеп ойналатын аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады.
Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Қыл қобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті, ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Дауылпаз — ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында — «Тәбльбасс», Қырғызда «Доолбас» деп аталады.
Шертер – шертіп ойналатын, қазақтың ұлттық аспабы. Үш ішекті аспап. Дауысы өте жіңішке, құлаққа жағымды.
Аса таяқ — сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Шаң қобыз — бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Жұмбақ шешу:
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?
(Жетіген)
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап?
(Қобыз)
Даусы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын оң бұра.
(Домбыра)
Музыкалық дидактикалық ойын: «Аспапты тану»
Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар қимылмен көрсетеді)
Домбыра – Домбыра аспабын қалай ойнайды? (Шертіп)
Ендеше шертпелі аспаптар қатарына жатқызамыз.
Қобыз – Қобызды қалай ойнайды? (Ысып)
Ендеше ыспалы аспаптар қатарына жатқызамыз.
Жетіген – Жетіген аспабын қалай ойнайды? (Шертіп)
Жетіген шертпелі аспаптар қатарына жатады.
Сыбызғы – Сыбызғы аспабы қалай ойналады? (Үрлеп)
Үрмелі аспаптар қатарына жатады.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға арнайы қонақты шақырамыз.
Біздің балабақшамыздың ән-саз пәні мұғалімі: Кубейова Қаршыға апайымызды қарсы алайық. Қаршыға апай өзімен бірге қазақтың ұлттық аспабы – домбырасын да, бірге алып келіпті.
Күй «Қосалқа»
Сергіту сәті:
Әуенін тап
Шарты: Ән-саз жетекшісі үнтаспа арқылы әртүрлі әуендерден үзінді қояды.
Балалар, сол әуендердің қандай аспапта ойналып жатқанын айту керек.
Ойын «Аспаптарды ажырат»
Ойынның шарты: балаларды екі топқа бөліп, тақтаға қазақтың ұлттық аспаптарын және шетелден шыққан аспаптарды ажырата білу. Және аспаптардың аттарын атап өту.
Хор «Домбыра сазы»
Қорытынды:
Балаларды шеңберге тұрғызу.
- Қазақтың ұлттық аспаптарын атап беріңдерші?
- Домбыра, Сазсырнай, Қобыз, Жетіген, Шертер, Шаңқобыз, Дауылпаз т,б.
- Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз?
- Аспаптар.
- Сендереге сабақ ұнады ма?
- Ия.
- Ендеше бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін барлығыңа кішкентай аспаптарды сыйға тартамын.
- Осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды аяқтаймыз.
Сау болыңдар!
(Марш екпінімен залды айналып шығып кетеді)
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі