Өлең, жыр, ақындар

ХІХ ғасыр әдебиетіне шолу

Мақтарал ауданы, Асықата кенті
№121 жалпы орта мектебі КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қосқараева Гүлнар

9-сынып

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, интерактивті оқыту әдісі

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, ән

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, таратпа тапсырмалар, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару
2. Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.  Шал ақынның өлеңдерін жатқа айтады  10- минут

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Кіріспе. Бейнефильм көрсету

Мұғалім сөзі:                                                                  5-минут

Қазақ даласы ХІХ ғасыр басында көп қиындықты өткеріп, өзегі өртке толып тұрған.  ХІХ ғасырдағы Ресей империясының отарлау саясаты  тек батырлардың ғана емес, қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетінің де шарықтауына жол ашты.  Ақындар мен суырыпсалма жыршылар қазақ халқының ерлік күресін, ержүректігін, батырлар мен қолбасшылардың халыққа адалдығын, берілгендігін жан жақты жырға қосты. Сонымен қатар халқын сатқан хандарды, сұлтандарды, билерді де ашық сынап отырды.тақырыпты түсіну үшін төмендегі тапсырмаларды орындаймыз:

І айналым  Оқулықпен жұмыс.Мәтін үш топқа бөлінеді.Әр топ мазмұнын айтады.  10- минут

ІІ айналым.  Кестені толтыр.   Топтық жұмыс.

Сипаттама

Жауабы

Ол елін, жерін жанындай сүйді, озбырлық саясат жүргізіп отырған патша отаршылдарын, халық жерін талан-таражға салған билеуші топты әшкереледі, оған қарсылығын жасырмады. Серігі қаза болғаннан кейін де, ол халықты көтерілісті жалғастыруға шақырады. Ол кім?    

Махамбет Өтемісұлы

 Тапқыр, тілге жүйрік, Жамбыл Жабаевтың ұстазы болған

Сүйінбай Аронұлы

Қазақстанның Ресейге қосылуымен енген жаңалықтарды қабылдай алмай  өткен өмірді аңсаған қарсылықты әдебиет өкілдері

Дулат, Шортанбай, Мұрат, Махамбет, Шернияз т.б. ақындар

                          

 

     Сипаттама

Жауабы

Жастайынан өзінің тапқырлығымен көзге түскен, 1812 жылы оны Бөкей хан беріш руының Жайық бөлігінің старшыны етіп тағайындаған. Махамбеттің серігі болған кім?

Исатай Тайманұлы

Шөже Қаржаубайұлының өнерін жоғары бағалаған, «суырып салма ақын» деген баға берген, Сібір кадет корпусының түлегі

 Шоқан Уәлиханов

Европа мен орыстың классикалық әдебиетін еркін меңгерген ,жаңа сипатты поэзия туғызған  ХІХғ. 2-жартысында туған демократиялық – ағартушылық әдебиеттің өкілдері

 Шоқан, Абай, Ыбырай,

 

 

     Сипаттама

Жауабы

Жастай екі көзінен бірдей айырылса да,қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады.

Шөже Қаржаубайұлы

Орта Жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Оның “Өсиетнама» дастанын 1880 жылы патша үкіметі тыйым салған.

Дулат Бабатайұлы

ХІХ ғ.әдебиетінің ерекшелігі - айтыс ақындары, әнші ақындары

Шөже, Жанақ, Табия, Ақбала, Сара, Ырысжан,Түбек, Әнші ақындар Біржан, Мұхит, Сегіз сері, Балуан Шолақ, Ақан сері

6-минут

Сергіту. «Желсіз түнде жарық ай»әнін орындайды.                  2-минут

ІІІ айналым                                                                           4-минут

ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы. (өлеңдер, қара сөз, нақыл сөздер, әңгімелер айту)

ІV айналым Топ басшылар сайысы.                                                 4-минут

«Сұрақ бізден, жауап сізден».

1 топ басшысына сұрақтар
1) Исатай – Махамбет көтерілісі болған жыл: 1836-1838жж.
2) « Кенесары- Наурызбай» жырының авторы: Нысанбай Жаманқұлұлы
3) Сырым Датұлы көтерілісі қай жүзді қамтыды: Кіші жүз
4) Хиуа бекінісін құлатқан батыр? Жанқожа
5) Ұлы жүздің соңғы ханы: Батыр (1718-1726жж.)

2 топбасшысына сұрақтар
1) Кенесары көтерілісі болған жыл: 1837-1847жж.
2) «Үш қиян» шығармасының авторы: Мұрат Мөңкейұлы
3) Кіші жүзді Ресейге қосқан: Әбілқайыр
4) Жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда көзге түскен батыр: Қанжығалы Бөгенбай
5) Орта жүздің соңғы ханы: Кенесары (1841-1847жж.)

3 топ басшысына сұрақтар
1) Сырым Датұлы бастаған көтеріліс болған жыл: 1783-1797
2) «О, Сарыарқа, Сарыарқа» жырының авторы: Дулат Бабатайұлы
3) 1771 жылы Орта жүздің ханы болып сайланған: Абылай
4) Қазақ жеріне ең алғаш 1735 жылы салынған бекініс? Ор
5) Кіші жүздің соңғы ханы: Жәңгір(1823-1845 жж.)

VІ. Қорытындылау кезеңі

А. Оқушылардың білімін бағалау.           4-минут

Жеңімпаз топты анықтау

Топбасшыларына ынталы, жақсы жұмыс жасаған сайыскерлерге баға бергізу, ой пікірін айту;

Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, мемлекетіңнің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» . 

Н.Ә.Назарбаев 

VII. Үйге тапсырма:

1.  ХІХ ғасыр әдебиеті ( Оқу, түсінік айту)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз