Өлең, жыр, ақындар

Көбелек және инелік

Жамбыл облысы, Меркі ауданы
«Ертөстік» балабақшасының
тәрбиешісі: Кыстаубаева Улжан Орынбасаровна

 

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Жаратылыстану».

Тақырыбы: «Көбелек және инелік».

Мақсаты: Б\м: Көбелек және инелікпен таныстыру, олардың айырмашылығын байқап айтып беруге үйрету, сөздік қорын дамыту. Көбелек пен инеліктің қалай пайда болатындығын (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ) түсіндіру және санауға, түстерді ажырта білуге, аз-көп ұғымдарымен таныстыру.

Д/м: Жұмбақтарды шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін  дамыту. Құммен, түрлі-түсті манка жармасымен сурет салу арқылы Көрнекіліктер: балалардың қол маторикасын дамыту.

Т/м: Жәндіктерге қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

Көбелек және инелік суреттері, көбелектің даму туралы бейне ролик, құм терапиясы, түрлі-түсті манка жармасы, киіз матадан қиылған көбелек және инеліктің бейнелері.

Билингвальды компонент: Көбелек-бабочка, инелік-стрекоза.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын кимыл-қозғалыспен айтады.

 

Сұрақ-жауап:

Балалар көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Қар еріп болған соң, ең бірінші қандай гүл гүлдейді?

Көктемде нелер оянып, жер бетіне шығады?

 

Балаларға жәндіктер туралы тақпақ айтып берулерін ұсыну.

Тақпақтар:

Ғалиасқар:

Менің атым құмырсқа
Шаршамаймын жұмыста
Дән тасимын жаз бойы
Демаламын мен қыста

 

Інжу:

Гулден сорып бал жинап
Терлеп жанын кинады
Және өзіне жиғанын
Адамдарға сыйлады.

 

Арай: 

Ұзын құйрық инелік
Инелікке тимелік
Верталетты жасады
Инеліктен ұйреніп.

 

Еркенұр: 

Алаңқайға шығайық,
Көктем тілін ұғайық.
Құрт-құмырсқа, көбелек,
Ұшып жүрген бөгелек.

Жұмбақтарды жасыру:

Гүл үстінде әдемі,
Екі жапырақ биледі.
Жұлып алайын деп едім
Ұстатпай ұшып кетті.                                                                                              

Төрт қанаты бар,
Инедей денесі бар,
Үлкен бақырайған көздері бар
Бұл не екенін кім табар?

Жарайсыңдар балалар! Олай болса бүгін біз көбелек және инелікпен танысамыз.

(Балалардың назарын суреттерге аудару)

Балалар мына гүлдің үстінде қонып отырған қандай жәндік?

Өзі сондай әдемі екен.

Балалар көбелек туралы білгілерің келе ме?

Бейне роликке (көбелек туралы және көбелектің дамуы туралы) көңілдерін аудару.

         

       Сергіту сәті

Дос болайық көбелек,
Жайнап тұрған бақшамда.
Гүлдерімді тере кет,
Жаңбыр жаушы себелеп.
Тақияның астына,
Тығла ғой көбелек

Инеліктің суретін көрсету арқылы дене мүшелерін  және көбейу жолдарын түсіндіру.

Билингвальды компонент: көбелек-бабочка,инелік-стрекоза.

Ғажайып сәт.

Балаларды ғажайып сәт алаңына баруды ұсыну.

Гүлдердің түстеріне сәйкес көбелектерді құрастырып қондыруды,санауды,түстерін ажыратуды және аз-көп ұғымдарын айтуды ұсыну.

Балаларды шығармашылық орталығына шақыру: балаларды екі топқа бөліп,бірінші топқа инелікпен көбелекті түрлі-түсті манка жармасын қолдану арқылы бояу,екінші топқа құмды пайдалана отырып саусақпен инелікпен көбелектің бейнесін салуды ұсыну.

Балаларға жекеше көмек көрсету.

- Қар еріп күн жылынады, жер бетіне шөптер шығады.

- Бәйшешек.

- Құмырсқа, ара, шыбын, көбелек,

инелік, қоңыз.

 

Балалар жәндіктер туралы тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың жауабын табады.

Көбелек.

 

 

 

Инелік.

Балалар суретті тамашалайды.

 

 

Көбелек.

 

Иә.

Балалар бейне роликті қызығушылықпен көреді.

 

 

 

Балалар сергіту сәтін өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстарымен жасайды.

 

Суретті  тамашалап, түсіндірмені мұқият тыңдайды.

 Қайталайды: көбелек-бабочка, инелік-стрекоза

 

Балалар қуана келіседі.

 

Балалар гүлдердің түсіне сәйкес көбелектерді құрастырып қондырады,түстерін айтады,санайды,қай жәндік аз көп екенін айтады.

Шығармашылық алаңында балалар берілген тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

Рефлексиялық

   түзетушілік

Балаларға «Көңілді доп» ойыны арқылы сұрақтарды қоя отырып ашық оқу қызметін қорытындылау. Оқу қызметіне белсене  қатысқан балаларды күліп тұрған жұлдызшамен мадақтау, мақтау.

Балалар көңілді доп ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көбелек және инелік туралы  жалпы  мағлұмат алды.

Меңгереді: Түстерді ажыратуды,санауды, аз көп ұғымдарын.

Жасайды: Манка жармасымен, құммен сурет салуды.


Пікірлер (2)

Малика Нуржауова

Сабагыныз оте жаксы денгейде отипти унады сизден кенес алсам 3-жастагы балаларга отуге болама рахмет.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз