Өлең, жыр, ақындар

Табиғат - Ана

Тақырыбы: Табиғат-Ана

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер көрмесі, презентация.

Барысы:

Мұғалім:

- Қош келдіңіздер, өнерді бағалаушы, саралаушы ұстаздар қауымы! Бүгін 4 «в» сынып оқушыларының шығармашылығына куә боласыздар! Бүгінгі көрмеге тақырып болған, ал оқушыларымызға шабыт берген, әрине «Табиғат-ана».

Райхан:

- Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңізші. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт - берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым, өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.

Расул:

«Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді
Би. Орындайтын: Нұртайқызы Шынар.

Расул:

- Мінекей, Шынар қазақтың кең даласының әсемдігіне тәнті болып, би ырғағымен табиғатқа деген сүйіспеншілігін білдіріп жатыр екен. Бұл біздің сайысқа түскелі отырған суретшілерімізге шабыт береді деп ойлаймын.

Райхан:

- Ия, Расул, дұрыс айтасың. Олай болса, суретшілер тобына сөз берейік.

Айбат:

- «Пейзаж – жаныңның жай күйі» дейді әйгілі суретші Сальвадор Дали. Табиғат тілін жеткізу үшін асқан шеберлік пен дарыннан бөлек, ішкі жан дүниенің тазалығы қажет. Сонда көркем туынды басқа адамдардың жүрегінен орын алады.

Еркеназ:

- Айша Ғалымбаева апамыздың жолын қуу мен үшін үлкен бақыт. Натюрморт, пейзаж, портретті келістіре салудың кілтін тауып, халыққа көз қуанышын сыйлайтын шығармаларды айшықтауға  не жетсін!

Райхан:

- Шамасы, бұл сіздердің қандай болсын сайысқа дайынбыз дегендеріңіз болар! Олай болса топтарға бөлініп алайық.

Мүғалім:

- Ол үшін мына жерде берілген кеспе қағазадардан келіп алыңдар. Кім «Т» әрпін таңдап алса, «Тапқырлар» тобына, кім «А» әрпін таңдап алса, «Алғырлар» тобына барсын.

Райхан:

- Сайыстың шарттарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

«Сурет салу-өнер,

Бірлік бәрін жеңер» деп аталады. Бұл сайыста барлық топ мүшелері өз үлестерін қоса отырып пейзаж салады.

Расул:

- Екінші кезекте «тығырықтан шыға біл» проблемалық жағдайдан шығу.

Райхан:

- Үшінші сайысымыз

- Топ басшылар сайысы. Өздері жоғарыда айтып өткендей суретші апа-аталарымыздың жалғасы екендіктерін дәлелдеу үшін, әртүрлі заттарды пайдалана отырып, тағы бір рет табиғаттың тамашасын бейнелейді.

Расул:

- Егер сайыстың шарттары түсінікті болса бастайық.

Мұғалім:

- Бірінші сайыс өздеріңе айтылғандай тақтадағы қағазға пейзаж салу. Пейзаж деген не? Басты шарты: топтың барлық мүшелері қатысу керек.

Расул:

- Екінші сайыста тығырықтан қалай жол таба білетіндіктеріңді көрейік.

- Слайдтан тапсырмаларды оқып, жауап беруге дайындалайық.

Райхан:

- Үшінші сайыс- топ басшыларына арналады. Үстелге қойылған заттарды пайдалана отырып, ерекше сурет салу.

Расул:

- Топ басышылар суреттерін салып болғанша, біздің сыныптың ақын қыздары мен көркем сөз оқудың шеберлеріне кезек берейік.

Саяжан мен Қарақат өз шығармашылықтарынан өлең оқиды.

Әли:

Табиғаттың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін

Ернар:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжығын жырысың.
Ей адамзат !Ақылға сал,қатыгездік жасама,
Өзің – дағы содан тудың- табиғаттың ұлысың.

Әкесі мен баласы орманға келеді.

Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі?

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.

Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік.

Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні емес пе?

Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.

Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.

Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұршы.

Құс: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы.

Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпай – ақ қояйықшы

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны: Әй сен де нәзік жүрек. Мә саған!

Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді.

Содан құс:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала!
Табиғаттың байлығын ысырапсыз пайдаланып  не көрінді?
Не қалады артындағы ұрпағың?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын
Бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдады жылағанын.

Қорытындылау:

Еркеназ. Табиғат үн қаталса

- Егер табиғат үн қаталса не дер еді деп ойлайсыңдар?

Табиғаттан хат.

- Ал сендер табиғатты қорғау үшін қолдарыңнан не келеді?

- Олай болса бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?

«Жүректен жүрекке»

Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен сөздерді апарып іледі.

Хормен:

Табиғат сені сүйеміз,

Басымызды иеміз! 
Райхан:

- Құрметті қонақтар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы болып отырған «Табиғат-ана» көрмесіне қойылған 4 «в» сынып оқушылар мен ата-аналарының жұмыстарымен таныс болыңыздар.

Расул:

- Сау саламат болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз