Өлең, жыр, ақындар

Өнерлі өрге жүзеді

Өнерлі өрге жүзеді

Мақсаты;Балалардың ауыз әдебиеті үлгілерін терең білуге

                жаттық сөйлеуге үйрету,рольде ойнау арқылы

                баланың тілін,ой өрісін дамыту,әстетикалық

                танымын тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер:қолғаптар театрының қуыршақтары,сахана-              

                  лау театрының киімдері,рольде ойнатын кейіп-

                  керлердің киімдері және заттары.

       (Сахнада патша сарайынынң көрінісі.Патшаның тағы,

        құстар,гүлдер,көбелек қуып жүрген Қаракөз ханша кі-

        реді.Патша тақта отыр,екі жағында екі желпеуіш ұста-

        ған уазірлері тұр)

Бастаушы:        Ерте,ерте,ертеде

                           Ертегі атты өлкеде

                          Ерден атты патшаның 

                          Қаракөз атты әрі сұлу,әрі  ақылды

                          Кенже қызы болыпты

                          Жеті жасқа толыпты

                          Еш нәрседен бейхабар

                          Көбелек қуып,гүл теріп

                          Өлең айтып,би билеп

                          Еркін өмір сүріпті

Қаракөз :Әке,әке қарашы мен қандай көбелек ұстап ал-

                дым,міне көрші!

Патша :  Неткен әдемі көбелек!Қызым бері келші менің

                саған айтатын бір сырым бар.Биыл сен жеті жас-

                қа толасын.Ендігі жерде көбелек қуып ,гул теріп

                бос жүргеніңді қой,сен енді үлкен болдың,мен пат-

                шалықтағы ең білгір ұстаздарды шақырдым,олар

                сені білімге,оқуға,дүниенің сырын білуге үйретеді

                Енді сен мектепке барасын.

Қаракөз: Ендеше мен мектепке бару салтанатыма той өткі-

                  зейік!Оған мен өз достарымды шақырайын?

Патша ;    Мақұл қызым!Менің уәзірлерім қайда?

Уәзірлер:Біз мұндамыз,Алдияр не бұйырасыз?

Патша: Патшалықтағы барлық тұрғындарға жар салыңдар

             сарайда үлкен сауық кеші өтеді.Барлық өнерпаз са-

             райға келіп ханшаға өз өнерлерін көрсетсін!

             (патша мен уәзірлер кетеді,ортаға жаршылар шыға-

             ды.Қарақөз таққа барып отырады)

Бірінші жаршы:-Уа,халайық,халайық!

                            Кешке ,тойға барайық    

                            Өнерпаздар тұрыңдар

                            Ойын-сауық кұрыңдар!

                            Саусақтарың ойнасын

                            Ел қызыққа тоймасын

                            Өнерпаздар тұрыңдар       

                            Ойын-сауық құрыңдар

Екінші жаршы:  Сонымыздан еріңдер

                            Ханшамызды көріңдер

                            Өнерпаздар тұрыңдар

                            Ойын-сауық құрыңдар

                            Әншілер сайрасын

                            Патша ордасы жайнасын

Бастаушы:Салтанатты тойға әр патшалықтан келген өнер-

                  паздарды шақырамыз Қоян мырза мен тулкі би-

                  кеш өнер көрсетеді.                 .

                 Түлкі мен сүр кожек  қолғаптар театрының көріні-

                  сін тамашалаңыздар

                       «  Түлкі мен сұр көжек»

             -Сәлеметсіз бе,түлкішек?

             -Сәлеметсің бе,сұр көжек

             -Түлкішек-ау,түлкішек түнде қайда барасың?

             -Әжем үйіне барамын.

             -Әжең саған не береді?

             -Ешкі сойып ет береді,сиыр сауып сүт береді

              -Етті қайда қоясың?

              -Тал басына қоямын

              -Сүтті қайда қоясын?

              -Тал түбіне қоямын.

              -Ит жеп кетсе қайтесің?

              -Ит аузынан аламын.

              -Құс жеп кетсе қайтесің?

              -Жылай,жылай қаламын.

2-ші жаршы:Ортаға өнерлі қораз бен жалқау тышқандарды

шақырамыз.

                  «Бидай дәні » көріністі тамашалаңыз

Бастаушы:Ерте,ерте,ертеде айқайшы қораз бен жалқау

Екі тышқан қыбырлақ пен жыбырлақ үшеуі дос болып өмір сүріпті.Қораз күн шығысымен ақ «Ку-ка-ре-ку» деп бар

Дауысымен жар салып елді ұйқысынан оятып,өзі жұмысқа кіріседі екен.Ол бір күні аула сыпырып жүріп бидай масағын тауып алыпты.

Қораз: «Ку-ка-ре-ку» Тұрыңдар(масақты алып).мынау бидай масағы ғой.ей жыбырлық,әй қыбырлақ бері келіңдер,қараңдаршы мен не тауып алдым?!

Қыбырлақ:Мынау масақ қой

Жыбырлық:Мұны бастыру керек

Қораз:Ал кім бастырады?

Қыбырлақ:Тек мен емес

Жыбырлақ:-мен де емес

Қораз:-Жарайды,мен өзім бастырайын

(Қораз қолына таяқша алып бидайды бастырады,дәнді жинап қапшаққа салады.Қыбырлық пен жыбырлақ асық

ойнап жүреді)

Қораз:-Әй қыбырлақ,әй жыбырлақ мына қараңдаршы мен қанша дән бастырдым?

Қыбырлақ;-Неткен көп дән.

Жыбырлақ:-Мұны диірменге апару керек

Қораз:-Диірменге кім апарады?

Жыбырлақ:-Мен апармаймын

Қыбырлақ:-Мен де апармаймын

Қораз:-Жарайды,мен-ақ апарайын!(Қораз диірменге кетеді,екі тышқан секіріп ойнайды

Қораз:-Әй қыбырлақ,әй жыбырлақ мында келіңдер мен қанша ұн әкелдім

Жыбырлақ:-Ой,қоразым,жарайсың енді қамыр илеп самса

Пісіру керек.

Қораз:-Оны кім пісіреді?

Қыбырлақ:-Мен қамыр илей алмаймын

Жыбырлақ:-Менің де қолымнан келмейді.

Қораз:-Жарайды мен-ақ пісіріп әкелейін(Қораз отын жарып,қамыр илеп,самса пісіреді.Бұл кезде тышқандар ән салып,би билейді)

Қыбырлақ:-Менің қарным ашты

Жыбырлық:-Тәтті иіс шығады,самса піскен болар.

Қораз:-Тоқтай тұрыңдар,әуелі менің сұрағыма жауап беріңдер,масақты кім тапты?

Екеуі:-Сен таптың

Қораз:-Оны кім бастырды

Екеуі:-Сен бастырдың

Қораз:-Дәндерді диірменге кім апарды?

Екеуі:-Сен апардың

Қораз:-қамырды илеп,отын жарып самсаны кім пісірді?

Тышқандар:-Бәрінде сен жасадың

Қораз:-Ендеше барыңдар,Сендерге самса жоқ «Еңбек етпеген ішіп жемейді»

1-ші жаршы:-Бишідер патшалығынан мың бұралған буынсыз бишіні шақырамыз,қарсы алыңыздар !

Қаракөз:Рахмет достарым !Өнерлерің үстем болсын!Мен сендерге ризамын.Мен енді бүгін түсіндім көжек сияқты жылауық болмаймын,кірпі мен бақа сияқты мақтанбаймын,

мазақтамаймын.Жалқау тышқандар сияқты болмаймын.

Келіңдер бәріміз қосылып би билейді

 

 

 


Пікірлер (2)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз