10-сынып. Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.
ШҚО.Абай ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектеп.
физика пәнінің мұғалімі: Ләйлә Мухатова
Сабақ тақырыбы:§5.1,§5.2. Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.
Сабақ мақсаты:
Сабақ әдісі: ой шақыру,сұрақ-жауап, практикалық
Сабақ түрі:аралас
Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру. 10-жаттығу. №1, №3, №7.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дененің ішкі эенргиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады.
Идеал газдың ішкі энергиясы:
Көп атомды газдың ішкі энергиясы дегеніміз – серпімді шариктер деп қарастыруға болатын молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы.
Екі атомды идеал газдың ішкі энергиясы молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының кинетикалық энергиясы мен айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең.
Үш атомды идеал газдың ішкі энергиясы:
Бір күйден екінші күйге өткен кезде термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі сыртқы күштердің жұмыс мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең және ол осы өтудің қалай іске асатынына тәуелсіз.
∆U=Q-А немесе Q=∆U +А – термодинамиканың І заңы.
Ішкі энергия термодинамикалық жүйенің күйін сипаттайтын функция да, ал жұмыс пен жылу мөлшері қандай да бір процестің нәтижесінде жүйенің ішкі энергиясының өзгерісін сипаттайтын шамалар болып табылады.
Жұмыс пен жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өзгерісінің мөлшері болып табылады.
ІV. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан: №619, № 620,
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: §§5.1. 5.2. №615, №316, № 617, №618.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі