Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні: 09.12.2016 Сынып: 2
Қатысқандар саны: 17 Қатыспағандар саны: 0
Сабақтың тақырыбы Аппликация. «Бәйтерек»
Сабақтың мақсаттары
а) Қазақстан Республикасының тарихын білуге талпынады, тарих беттерін зерделейді.
в) Астананың жүрегі-Бәйтерек туралы мағлұмат алады, оны өз қолдарымен жапсырмалай алады.
с) Жапсырмалау тәсілін меңгереді.
Пәнаралық байланыс Музыка
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта
Көрнекілігі Интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаздар, желім, лента, дыбыс күшейткіш, плакат.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
І.Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері.
Күлім қағып қолымды,
Бір,екі,үш деп созайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын,
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып бір қысайын.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар мен сіздерге үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қоямын. Сол сұраққа жауап берген оқушы менің қолымдағы өзіне ұнаған лентаны таңдап ұстайды.
-Симметриялы деп нені айтамыз?
Бір бөлшекті дәл ортасынан екіге бүктесең,олардың екі жартысының бірдей екенін байқайсың. Мұндай бөлшектерді симметриялы деп атайды.
-Симметрия сызығы дегеніміз не?
-Дәл ортасынан бөлініп тұрған сызықты симметрия сызығы деп атайды.
-Еңбек сабағының бір қауіпсіздік ережесін айта қойыңыз?
-Асимметрия дегеніміз не?
-Бөлшектерді екіге бүктесең, бөліктері бір-бірімен сәйкес келмейді. Оларды асиметриялы бөлшектер дейді.
-Ал қалған оқушылар өздеріңе ұнаған түстердегі лентаны ұстай қойыңдар.
Шаттық шеңбері Түрлі-түсті лентаны шаңырақ сияқты мұғалім ұстап тұрады.
Сабақтың ортасы 8 минут
ІІІ. Жаңа сабақ
-Балалар биыл бізде ерекші жыл. Республикамыздың Тәуелсіз ел болып, егемендігін жариялағанына 25 жыл толып отыр. Ендеше осы мерекеге арналған ашық сабағымызды бастаймыз. «Тәуелсіздік» деген - тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде соңғы 25 жылдың ішінде Тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел - Қазақстан!
- Олай болса осы тәуелсіздік туралы сыныптасымыз Алмат Абзалұлы сөз кезегін береміз.
«Астана-Бәйтерек» монументі туралы Шахназ Русланқызы әңгімелеп береді.
«Астана-Бәйтерек»монументі ел ордамыз, Астана қаласының негізгі нышаны, оның визиттік картасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек – ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жер асты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй»-үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде-дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында,тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.
ІV. Сарамандық жұмыс
-Ал енді балалар біз бүгін өз қиялымызға ерік беріп, «Бәйтерек» монументін жапсырмалаймыз.
-Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерімізді есте сақтаймыз.
Интерактивті тақта «Тәуелсіз Қазақстан» слайд
Түрлі-түсті қағаздар, желім т.б
Сабақтың соңы 2 минут
V. Қорытынды бөлім. «Бәйтерек монументін» құрастыру
-Бәйтерек ағашы туралы не білесің?
-Астана қаласында орналасқан «Бәйтерек» монументі нешінші жылы ашылды?
- 2002 жылы 30 тамызда
-Биыл біздің тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр.
-25 жыл
-Аппликация дегеніміз не?
Көркемдеу техникасының бір түрі. «Аппликация» латын тілінен аударғанда жабыстыру, бастырмалау деген мағынаны білдіреді.
«Бәйтерек монументі» плакаттағы сурет
Бағалау Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Балалар енді барлығымыз «Көк тудың желбірегені» әнін орындаймыз
. -Осымен сабағымыз аяқталды.
-Сау болыңыздар.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі