Өлең, жыр, ақындар

Қасиетті қазақ - өз тілім, өз тілім де бұлқынады жүрегім

Ақтөбе қаласы
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
11 «А» класс жетекшісі: Кушекбаева Фарида Абсатовна

Сабақтың тақырыбы: Қасиетті қазақ - өз тілім, өз тілім де бұлқынады жүрегім.

Мақсаты:

1. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.Ана тіліміздің мәртебесіне, оның  мемлекеттік дәрежеде қолданылуына көңіл бөлу, ана тілінің құдіретін таныту.
2. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ізденісін арттыру, өзіндік пікірін қалыптастыру.
3. Тіл тазалығын сақтауға,құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі Зерттеу конференциясы.

Сабақтың әдісі СТО технологиясын пайдалану.

Сабақтық өту барысы.

1. Қызыгушылығын ояту. Ассоциация әдісі бойынша жұмыс жасалады.

1. Елестету. 2. Ой шақыру. Ана тілі сөзіне ассоцация жасайды.

Жүзеге асыру қадамдары:

1 – қадам: шеңбер сызып, ортасына тақырыптың атын жазу.
2 –қадам: дәптерлеріне ана тілі туралы өздері білетін ақпаратты жазу, нәтижесін жұпта талқылау, сосын топта талқылау.
3 –қадам: барлық топтардың берілген тақырыпта жазғандары бойынша класта презентация  жасау.
4 –қадам: жалпы класқа тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Алдын ала оқушыларды 6 топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.

1. Сауалнама алу
2. Тәуелсіз зерттеу
3. Тікелей интервью
4. Жоба плакат
5. Көрініс
6. Эссе жазу

1-топтың мүшелері  4 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізді. Сауалнама сұрақтары:

1. Елбасымыздың жолдауда аталқан тіл мәселесіне қатысты  талаптары орындалуда ма?
2. Тіліміздің дамуына ағылшын тілінің әсері бар ма?
3. Қазақстанда әрбір қазақ қазақ тілінді сөйлей ме?
4. Тіл мәртебесін көтеруде атқарылған жұмыстарға көніліңіз толады ма?

Нәтежесі төмендегідей:

Иә                  Барлығы           Жоқ

1.70%           45                      1. 30%

2.65%                                      2. 35%

3.55%                                      3. 45%

4.60%                                      4. 40%

1-топ. Зерттеу. Бұл топтың мүшелері ана тіліміздің мәртебесі, оның қолдану аясы туралы сөз қозғап, өзіндік пікірлерін ортаға салады.

Оқушы. Тіл - жүректің айнасы. Адам адам болғалы тіл арқылы табысып, өткенді екшеп, алдағыны болжап, күрмелгенді шешу,таңғажайыпты табу дейсізбе бәрі-бәрі тіл арқылы жүзеге асып жататынын елдің бәрі түсінеді. Заманалар бойына жиналған барлық адамзат шығарған игіліктер тілде сақталып,түрленіп,өсіп жататын жанды құбылыс. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан аманат. Еңсесін көтеріп мемлекет құраған елдің тілі болуы да заңды талап.

Алғаш 1986 жылының Желтоқсан оқиғасында тіл мәселесі көтерілген.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата заңында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып белгіленеді.

1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Конституциясында негізделген “Қазақстан Республикасындағы.Тіл  туралы заңы”дүниеге келді. Өнер алды - қызыл тіл деген халық өзінің  ауыз әдебиетінен бастап, сан қилы тіршілік бойына тіл құралын жинақтаған.Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» қабылданып, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» екені жазылған.                                                                                   

 Мемлекеттік тіл – Қазақстан мемлекетінің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданып: мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары – радио,теледидар, мерзімді баспасөз сияқты ақпарат құралдары, іс – қағаздарының тілі. «Тіл туралы Заң » Осы салалардағы тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп отырады. Мемлекеттік тіл мемлекет қамқорлығында болды.

3-топ. «Тіл мәртебесінің биіктігі – болашақтың ертеңі» атты тікелей интервьюді 3 әлеуметтік топтан алады. Қойылған сұрақтар бейнетаспаға жазылды.                                                                                                          

1. Адамзаттың ана тілін құрметтеу, оны асыл мұра ретінде көруі өз дәрежесінде  ме?                         
2. Ана тілін көркейту мақсатында жүргізіліп жатқан шараларға көңіліңіз толады ма?
3. Қазіргі жастардың бойынан ана тіліне деген құрмет көрінеді ме? Болашақта тіл мәртебесін көтеруге қандай үлес қосар едіңіз?

4-топ «Тілім-асыл қазынам» атты жоба плакатын ұсынып, топ мүшелері қорғайды.

5-топ «Тілім-менің тірегім» дей отырып, ана тіліміздің өркендеуін насихаттап, жарнамалайды.

6-топ Эссе жазады.

Тіл! Осы бір сөздің ішінде қаншама ой, қаншама түпсіз терең мағына жатыр десеңізші?

Ана тілім! Айбынды да қастерлі де, атадан мирас болып қалған қасиетті тілім!

Ана тілім! Ана тілі. Бұл туралы қанша айтылып келеді. Бірақ ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Бала кезінде балдай сорып ана тілімен бойға сіңген қасиетті туған елдің арқасында ғана жаныңды поэзия шуағына бөлейсің, біле білсең ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке туған тіл арқылы ұялайды.

ІІІ. Ой толғаныс. РАФТ жазу. Тақырыбы «Болашақ жас жеткіншекке»

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: тақырыптың қойылуы немесе таңдау.
2-қадам: қолдан келетін рольдерді анықтау үшін миға шабуыл жасау (тарихшы, журналист, оқушы, зейенткерт.б.)
3-қадам: қажет аудиторияны таңдау үшін миға шабуыл (ақпарат кім үшін жазылады:оқушыларға,жастарға т.б.)
4-қадам: жазылуы мүмкін хат үлгілерін анықтау үшін миға шабуыл(жарлық,арыз,жарнама,эссе,сұраныс,өтініш т.б.)
5-қадам: таңдалған роль,форма,аудиторияның тақырыбына түзету енгізу.
6-қадам: белгіленген уақыт аралығында оқушылардың хат жазуы.
7-қадам: жазған хаттарын класта оқу.                                                


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз