Өлең, жыр, ақындар

Отбасы әлеуметтік топ ретінде

Алматы облысы,Талдықорған қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия
тарих пәнінің мұғалімі Мендиярова Айман Ыксановна

 

   Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы:

   Отбасы әлеуметтік топ ретінде

Жалпы мақсаты:

   Отбасының алдындағы жауапкершілік, сенім, өзара сыйластық, қазіргі замандағы отбасының негізгі қызметтері туралы түсінік беру.

Оқыту нәтижелері:

   1. Оқушылар отбасының алдындағы жауапкершілік,сенім,өзара сыйластық,қазіргі замандағы отбасының негізгі қызметтері туралы түсінікті өздігінен меңгереді. 

   2. Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. 

   3. Ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттері дамиды.   

Негізгі дерек көздер:

   АКТ, постер мен маркер, стикерлер ,ойлаудың «алты қалпағы»

Модульдер:

   АКТ, СТО, топтық тәсілдер

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушы іс әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

   Сәлемдесу; Назарларын сабаққа аудару;  

   Оқушыларды топқа бөлу    

   Бағалау парақтарын тарату.

Оқушылар сәлемдесіп, оқу құралдарын дайындайды, топқа бөлінеді.

Жаңа сабаққа кіріспе (Білу, түсіну):

   1- тапсырма. .«Кім жылдам» ойыны (сұрақ-жауап, еске түсіру);

   2 тапсырма.... туыстықтан,некеден,бала асырап алудан немесе  балаларды тәрбиеге алудың өзге нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы./тақырыпты анықтау/

   3-тапсырма: Сабақтың мақсатын анықтау.

Оқушылар топпен пікірлесіп, ақылдасып, ойларын постерге жазып, жауап береді.

Жаңа тақырыпты меңгерту (қолдану):

   4- Тапсырма. .«Ойланудың алты қалпағы» ойыны;

Ақ қалпақ – белгілі немесе қажетті ақпаратты назар аудару үшін пайдаланылады;

Сары қалпақ – айқындылық, тақырыптың жағымды жақтарын зерделейді.

Қара қалпақ – тақырыпқа байланысты жағымсыз ойларды айтады.

Қызыл қалпақ – болжам айтады;

Жасыл қалпақ – жаңа идея айтады;

Көк қалпақ – бақылаушы тетік, ол алты қалпақтың айтқандарын бақылап, жаңа идея, ой қосады.

Мұғалім жаңа тақырыпты үйренуде, тапсырмаларды орындауда жетелеуші сұрақтар қойып отырады.

Бұрынғы және жаңа алған білімдеріңді салыстыра отырып ең тиімді, ұтымды тәсілін анықтаңдар. Сергіту сәті

Топ мүшелері берілген тапсырма бойынша жаңа тақырыпты толығымен оқып, өз тапсырмаларын орындайды. Тапсырма соңында топ баяндаушысы түсіндіріп қосымша сұрақтарға топ мүшелері жауап береді.

Білімдерін пысықтау, талдау:

   5-Тапсырма. «Sinkuein немесе бес жолды өлең» стратегиясы-оқушы берілген  тапсырма бойынша өлең құрастырады

Не? Отбасы мәселесі

   Қандай?

   Не істеді?

   Түйін

   Синоним

Әр оқушы өз деңгейіне қарай тапсырмаларды орындайды.

Қорытындылау (жинақтау):

   6-Тапсырма. 3 минуттық эссе жазу. Тақырыбы: «Отан отбасынан басталады»

Оқушылар өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.

Бағалау критерийлері:

   - Оқушылар өтілген жаңа тақырыпты меңгерді  ме? 

   - Жаңа тақырыпты өмірде қажетінше қолдана ала ма?

   - Постермен жұмыс қалай орындалды және ұнады ма?

Оқушылар бағалау парақтарына өз өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма:

 Отбасы әлеуметтік топ ретінде

Үй тапс. Күнделік. жазады.


Пікірлер (2)

Гүлбақыт

Маған қоғамтану пəнінен отбасы əлеуметтік топ ретінде деген тақырып керек еді. Лекция жазуға .(толығымен)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз