Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№37 бала бақша әдіскері
Рабаева Клара Изгалиевна
Ақпан айының 2 нен-13 аралығында өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі туралы ақпарат.
2017 жылдың 2 – 3 ақпан аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік жоспармен ұйымдастырылу ақпарламаның ашылу жоспарымен таныстырды. Іс–шара аясында балаларға «Жүректен жүрекке» адамгершілік пен мейірімділік, сүйіспеншілік пен достық туралы түсініктер берілді. Балалар би билеп көңілді өткізілді.
6 ақпан күні аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ересек топтың тәрбиешісі Беккулова Л.А. балаларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның қызметі туралы, рухани-адамгершілік болуы туралы әңгімеледі. Көрмеге кітаптар, ересек топтың балалары дайындаған ашық хаттар мен суреттер қойылды.
7 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс – шара бойынша «Мәнерлеп оқу» сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа ересек және ортаңғы топ балалары қатысты. Балалар Отан туралы, достық туралы бейбітшілік туралы, Ана туралы тақпақтар арасында байқау жүргізілді. Мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздары грамотамен марапатталып табыс етілді.
8 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүнділікке ашық сабақтар өткізілді. Балаларға адамгершілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілікке бейбітшілік пен достық туралы түсініктер берілді.
№8 «Қызғалдақ» ортаңғы топ тәрбиешісі Колхозбек Г.А. «Мейірімділік, асыл қасиет» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында «Отбасы жылуы» сөзінің мағынасы ашылып, балалардың бойларында үлкендерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік дағдыларын меңгертті. Сабақтың соңында балалар «Қуанышыңмен» әнімен аяқтады.
№12 «Сұңқар» ортаңғы топ тәрбиешісі Жумалиева Ш.Б. «Кәусар бұлақ тұнығында» тақырыбында сабақ өткізілді. Балалар алақан суреттер арқылы өз отбасы туралы әңгімелеп жылы тілектер айттып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтады.
№11 «Қыран» ортаңғы топ тәрбиешісі Қайырбаева Г.Л. «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбында сабақ өткізілді. Қазақстан ел туралы, достық туралы түсінік берді. Балалар бір – біріне жылы тілектер айтып қызығушылық танытты.
№9 «Жұлдыз» ересек топ тәрбиешісі Беккулова Л.А. «Сенім мен сезім» тақырыбында сабақ өткізілді. Тәрбиеші балаларға қазақстан туралы, Ақ орда туралы әңгімеледі. Балалар мақал – мәтелдер, жылы тілектер айтып, сабақты соңында «Ақпыз, сары, қарамыз ағайынбыз бәріміз» әнімен қоштасты.
9 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ән – би байқаулар ұйымдастырылды. Ортаңғы, ересек топтар арасында «Мен өнерлі баламын» атты ән – саз жетекшісі Балжумирова З.А. балалар арасында ән – би байқаулар өткізілді. Ортаңғы топтың қыздары «Қуыршақ» биі, «Хафана» биі, «Bee happu» әнімен, ересек топтың ер балалары «Жігіттер» биі, жұппен «Танго» биі, ересек топтың қыздары «Гүлдер» биілер биледі. Сонымен қатар ересек топтың қыздары «Мамочка моя» әні, «Биле» әні, «Алтын Анашым» қыздардың орындауында балалар өз өнерлерін танытты.
10 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікке бейнелеу мұғалімі Мурзаева Р.Т. бірлесуімен сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Ортаңғы топтың балалары өз қолдарымен ермексаздан гүл салынған құмыра бұйымдар жасады. Балалар көрмеге қызыға қатысып шығармашылық қабілеттерін жан–жақты көрсете білді.
13 ақпан күні өзін–өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік жабылуына тәрбиешілер, арнайы мамандар балалармен бірге жақсы тілектер айтып, мерекелік шарамен жабылды. Мерекелік шара соңында онкүндік аясында атқарылған жұмыстарға белсене қатысқан балалар мадақталды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі