Мектеп: «№121 ЖОМ» КММ
Мұғалім: Мырзалиева Гаухар Сұлтанқызы
Мерзім: 09.02.2017ж. Сынып: 4 «А» Оқушылар саны: 26
Тақырып: Аялай біл - сен деп соққан жүректі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағатының мән-мағынасын түсіндіру; Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу. Оқушыларды бір, екі, үш деп санатып, топқа жұптастыру. 1-топ. Сүйіспеншілік 2-топ. Ақиқат 3-топ. Дұрыс әрекет |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) |
Әңгімелесу (сұхбат) Сұрақтар: 1. «Аялау», «қадіріне жету», »қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? |
|
Дәйексөз «Табиғатағы барлық жылу күннен, Өмірдегі барлық жылу-адамнан» Дәйексөзден қандай ой түйдің? Дәйексөздің мағынасын ашу. |
|
Оқиғаларды әңгімелеу (Сұхбат) «Ана махаббаты» аңыз әңгіме Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды: - Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз? Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді: - Мынау- шырақ, ол — мен! Оның жалыны - менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты. - Бұл менің - тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма? - Жоқ! - Менің шырағымның жалыны бір қалыпты. Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді… Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер! Сұрақтар: 1. Балалар не себепті келісімге келе алмады? Қорытынды: Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейірім алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! |
|
Жағдаяттарды талдау |
|
Тапсырма 1-топ. Ата-аналарыңа, 2-топ. Ұстаздарға, 3-топ. Достарыңа айтатын тілектеріңді жазып, оқисыңдар. |
|
Шығармашылық жұмыс. (топпен жұмыс) 1-топ. Ана тақырыбына арналған өлең оқу. 2-топ. «Ананың мейірімі» тақырыбында сахналық көрініс көрсету. 3-топ. «Дос қандай болу керек?» эссе жазу. |
|
«Соқыр ана» фильмінен көрініс. |
|
Топпен ән айту. «Ана туралы жыр» Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі Әні: Ш.Қалдаяқовтікі Әлемнің жарығын Қайырмасы: Өтеуге борышым, |
|
Үй тапсырмасы. Дәптермен жұмыс |
|
Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі