Өлең, жыр, ақындар

Үстеу

13 орта мектеп жанындағы бастауыш сынып мұғалімі
Мулькубаева Асель Сериковна

Сабақтың тақырыбы: «Үстеу»

Сабақтың міндеті: Іздеймін және табамын, ойланамын және біліп аламын.

Сабақтың мақсаты:

1) СТО технологиясы арқылы  үстеум тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту, тақырыпты толығымен талдап, мазмұнынын ашу.

2) Үстеу тақырыбы арқылы оқушылардың шығармашылық сөздік қорын молайту, оқушылардың жек өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

3) Оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтежесі:

- Оқушылар сабақтың құрылысын нақты білуі тиіс;
- Тақырып бойынша оқушылардың түсінуі;
- Сұрақтарды талқылауға қатыса алады;
- Жоғарырақ деңгейдегі сұрақтарға жауап бере алады.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс, СТО технологиясын қолдану

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: «Шаттық шеңбері», «Ой толғаныс», талдау, жинақтау, «Кластер» әдісі, «Ақылды үкілер» әдісі, «Алты ой қалпағы», «Бинго» ойыны, «Кездесоқтық» ойыны, «Сұхбат алу» ойыны, «Жүректен –жүрекке» т.б

Сабақтың көрнекілігі: Инерактивті тақта, Слайдтар, суреттер, түрлі-түсті қалпақтар, смайликтер, микрофон, қатты қағаздан жасалған тұрмыстық заттар, стиклер т.б

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»

Сәлем арайлы күн!
Сәлем менің достарым!
Сәттілікпен бастайық!
Сабағымызды біз бүгін!

Үй тапсырмасын тексеру

«Мамандыққ саяхат» тақырыбына әңгіме құрау

Бекіту жаттығулары: «Бинго» ойыны арқылы жүргізіледі.

Сұрақтарға жауап алу.

- Сөз таптары нешеге бөлінеді?
- Зат есім деген не?
- Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
- Жалқы есім деген не?
- Жалпы есім деген не?
- Зат есімнің жекеше түрі деген не?
- Зат есімнің көпше түрі деген не?

«Жаңа сабақ кезеңі»

«Қызығушылықты ояту». Көңіл-күйлерің қандай?

Сендер қай қалаға саяхатқа барасындар.

- Астана қаласына барамыз

Сендер қайда отырсындар

- Біз партада отырмыз.

Қимыл, іс-әрекеттін жай-күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, мақсатын т. б. белгілерін білдіретін сөз табын үстеу деп атаймыз.

- үстеу қимылдын түрлі  белгілерін анықтайды

- үстеу сөздер түрленбейди

- сөйлемде пысықтауыш болады

Бүгін, биыл, кеше, былтыр, ерте, төмен, жоғары, артта, босқа, бекерге, таңертен, лажсыздан, шарасыздан, қазақша, орысша.

- Балалар, осы сөздер қандай сұраққа жауап береді? (Қашан, қашаннан, қай уақытта, қалай, не себептен

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы - Үстеу. Сабақта біз үстеу туралы білімдердерімізді жалғастырамыз.

Топқа бөлу

1 топ-«Табамын»    2 топ-«Іздеймін»    3 топ-«Ойланамын»

Әр топ «Алты ой қалпағының түсін таңдайды,соған сәйкес өз тапсырмасын таңдауға ұсыныс жасайды:

Қара қалпақ-«қарсы» ұстаным

Қызыл қалпақ-«көңіл-күй» ұстанымы

Жасыл қалпақ-«шығармашыл» ұстаным

Дәптермен жұмыс.

Күн жадын жазу Бейнесөзбен жұмыс «Үстеу» 

Терме диктант: Ертен жиналады. Айбек амалсыздан орнынан турды. Бүгін менін туған күнім. Біз тосынан естидик. Кездесуге ең тандаулы оқушылар шақырылды .

Үстеулерді тауып астын сыз.

«Ой толғаныс».Суретпен жұмыс Слайдтарға назар аударамыз.

- Суретте не бейнеленген? Сурет бойынша сөйлем қурастыру.

Оқулықпен жұмыс. Жұмбақтарды шешу:

Жазда қыдырады,қыста тынығады. (Су)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Тапсырмасы: Жұмбақтардың шешуін тауып,сөйлем құрау. Сұрақтар қойып,зат есім мен үстеуді табу Су ағады. Не ағады? Су.Су не істеді? Ағады. Күн шықты. Не шықты? Күн. Күн не істеді? Шықты.

Логикалық ойлауға жетелеу

«Не істеді?» Ойынының шарты: Қатты қағаздан жасалған заттар арқылы көрсетілген іс-қимылдарға сұрақтар қою.

«Сұхбат алу ойыны» арқылы жүргізіледі:

Шарты: Сұхбат-радио.теледидар арқылы да қойылуы мүмкін. Репортер-сұрақ беруші. Респондент-сұхбат беруші. Балалар микрофонда батыл жауап беруі тиіс. Сұхбат алушы сұрақтарын қоя бастайды.

Ойын нұсқалары: Мұғалім оқушыдан сұхбат алады; Балалар бір-бірінен сұхбат алады;

«Сергіту сәті»

«Қалай дыбыстайды?» ойыны. Жан-жануарлардың суреттері дыбыстарымен қоса беріледі.Олардың қалай дыбыстайтынын айтып,үстеуді  табу.

Мысалы: Ешкі маңырайды. Ит үреді. Сиыр мөңірейді. Қарға қаңқылдайды.

(Қоян, аю, жылан, жорға ат, бүркіт, ау тарту, балық аулау) Қимылмен көрсету

Қоян қайтеді? Қоян секіреді.

Аю қайтеді? Аю қорбандайды.

Жылан ше? Жылан ирелеңдейді.

Бүркіт ше? Бүркіт аспанда қалықтап ұшады.

Топпен жұмыс. 357-жаттығу

«Ақылды үкілер» әдісі арқылы орындалады.

Шарты: Берілген үстеуді қатыстырып сөйлемдерді құрау кезіндегі негізгі басты ойды бейнелі сурет түрінде беруге тырысу керек .

Қонды, жауды, тасыды, жүзді.

Шығармашылық жұмыс.

Топқа тапсырма:Өлең құрау, етістіктерді тауып 2 сызықпен сызу.

Атам жылқы бағады,

--қалай----- -------- шабады.

--қалай----- ------- сауады,

---қалай--- ------ қағады.

358-жаттығу. «Кездейсоқтық» ойыны

Ойынның шарты: Бұл әдісті барабан немесе сүйек айналдыру,тиын лақтыру,жеребе тастау,тіпті ұшақ ұшыру т.б арқылы да жүргізуге болады. Кімге тисе, сол жауап береді. Жауап алу кездесоқ таңдау арқылы өтеді. Мұғалім сөздер оқиды,сол берілген сөздердің ішінен үстеуді тауып, олардын үстеу екенін дәлелдеу.

Үлгі сөздер тізбегі: Көгершін, жасыл, жинады, алғыс, сөйлесті, ертең, айтты, ою, байлады.

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың бүгінгі өтен тақырып бойынша алған білімдерін

«Кластер құру» әдісі арқылы түйіндеу.

Бұл әдістің маңызы - тақырып бойынша оқушы білімін жүйелеуде.

Кластер-материалды сызба түрінде беру. Аудармасы түйін, шоқжұлдыз деген мағынаны білдіреді. Оқушылар ойын еркін ашық тірде қағаздың ортасына негізгі кілт сөзді жазып, сол сөзден жан-жаққа бағыттаушы сызықтар өрбітеді. Бұл сызықтар келесі сөзбен байланысып, ары қарай жалғаса береді.

Негізгі кілт сөздер - Зат есім, Сын есім және Етістік.

Үйге тапсырма беру

359-жаттығу. «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құра.

«Бағалау кезеңі».

- Бүгінгі сабақтың бағасы жинаған смайликтер санына байланысты болады. Сондықтан ұпайларды санайық!

«5»-9-10 ұпай

«4»-7-8 ұпай

«3»-4-6 ұпай

«Жүректен –жүрекке»

Бір-бірімізге шын жүрегімізбен жақсы сөздерімізді айту арқылы тілектерімізді білдірейік!

- Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз