О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Арнайы пән оқытушы: Ходжанепесова Айтбиби Тулепқызы
1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім береді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді.
Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.
Осындай күрт бетбұрыстың нәтижесінде атақты Нобелдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтын жұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылған Доссордағы № 3 скважина болады. 1911 жылы сәуірдің 29 күні 225 метр тереңдіктен юра қабатынан мұнай фантаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16,7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна.
Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталады. Мақат-Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фантан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Қабаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып суланып, суалып, газданды.
Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандарда қажет болады. Сол себептен 1930 жылы Гурьевте (Атырау) мұнай техникумы ашылады. Кейіннен бұл оқу орыны политехникум деп аталады.
1959-1969 жылдар арасында Каспий ойпаттарында оншақты мұнай газ кен орындары (Прорва, Ақтөбе, Қараарна, Терістік Терең Өзек, Шығыс- Құлсары, Мартыши, Камышитовый, Таматор тағы басқа) ашылды.Қазақстан мұнай байлығын ұлғайта түсу үшін алыс аймақтарды барлау жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі туралы болжамдар мұнайшы мамандарды жігерлендіре түсті. Осы кезде бір топ геолог – мамандар (Калинин, Н.Имашев, Ж.Досмухамбетов, Ғ.Какимов, Т.Жумағалиев.) терең бұрғылау жұмыстарын Маңғыстау түбіне шоғырландыру қажет деген батыл тұжырым жасады.
1961 жылы Жетібай кен орынынан күшті мұнай фантаны атқарылады. Маңғыстау мұнай қорын Отан игілігіне жарату жолында көп қиыншылықтар кездестірді.
1964 жылы Мәскеудегі мемлекеттік қор комиссиясында Маңғыстаудың мұнай қоры бекітіліп , соны негізге алып, Шевченко (Ақтау) қаласында "Мангышлак нефть" өндірістік бірлестігі құрылды, ал сол жылдың сәуірінде Өзен мекенінде Маңғыстаудағы алғашқы мұнай кәсібінің "Узен нефть" басқармасы құрылды.
Мұнай кәсіпшілігінің дамуымен бірге кен орындардың игеру жүйесі үздіксіз жетіліп келеді.
Мұнай кен орындарын игеру – бұл экономика, мұнай өндірудің технологиясы, жер асты гидромеханика немесе геология жұмыс тасы емес. Бұл өз алдына ғылым бөлігі – инженерлік мамандық. Мамандықтың кен орындағы игеру процессін жобалауын және реттеуін, негізгі принциптерін іске асырып, жоспарлауын, технологиясын және жүйесін оқытатын тараулары бар.
Мұнай кәсіпшілігінің дамуымен бірге кен орындардың игеру жүйесі үздіксіз жетіліп келеді. Мұнай кен орындарын игеру – бұл экономика, мұнай өндірудің технологиясы, жер асты гидромеханика немесе геология жұмыс тасы емес. Бұл өз алдына ғылым бөлігі – инженерлік мамандық. Мамандықтың кен орындағы игеру процессін жобалауын және реттеуін, негізгі принциптерін іске асырып, жоспарлауын, технологиясын және жүйесін оқытатын тараулары бар.
Осы шарттарының жиынтығы кеніш немесе кенорынның игеру жүйесін анықтайды. Игеру жүйесінің тиімділігі – мұнайдың өзіндік құны және күрделі қаржыландырудың минимал мүмкіншілігімен, азғантай скважиналардың санымен мұнай және газ өндіру қорының, соңғы мұнай-газ бергіштігінің жоғарғы мәнін қамтамасыз етеді.
Бір аймаққа кіретін қабаттардың қасиеттері бір біріне төмендегі факторларға байлынысты жақын болуы керек.
1. Мұнай және газ жыныс – коллекторларының геолого-физикалық қасиеттері.
2. Мұнай және газдың физико-химиялық қасиеттері
3. Қабат режимі және көмірсутектерінің фазалық күйі.
4. Кен орынның игеру процессін басқру шарты.
5. Скважиналарды пайдаланудағы техника мен технологиясы.
Маңғыстау облысы – Қазақстан Республикасының басты мұнай газ өндіретін аймағы болып есептеледі. Қара алтынын сыйлаған Маңғыстау даласының экологоиялық жағдайы мәз емес.Мұнай және газ кен орындарын меңгерудің экологиялық проблемаларының өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар – географиялық, геологиялық, геодинамикалық, сондай–ақ әлеуметтік. Оның үстіне қазіргі кезге дейін қоршаған ортаны қорғау мәселесі мұнай мен газды өндіру бойынша жобалық тапсырмалардан кейін тұрғаны және жобаларда дұрыс шешім таппауы экологиялық жағдайға із қалдырады.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту үшін мұнай мен газ кен орындарын, бұрғылау кешендерімен игеруде, табиғи көмірсутектер мен оларды өңдеу өнімдерін игергенде,дайындағанда,тасымалдағанда және сақтағанда табиғатты қорғаудың шараларының кешенін тиімді іске асыру керек. Экологиялық бағдарламалар апаттардың алдын алуға мұнай және газ қорларын дұрыс пайдалануға флора мен фаунаны сақтауға және қоршаған табиғи ортаны ластаумен күресу шараларын күшейтуге бағытталу керек.
Республикада пайдалы қазбалар мен жерасты суларын игеруде жер қойнауын қорғау мен тиімді пайдалануды бақылау сондай-ақ бұралқы сулар мен зиянды заттарды терең горизонттарға жіберу сұрақтарын келісуге экология және табиғи ресурстар Министрлігі жауапты. Мұнай өндіру кезінде мұнай қалдықтары далаға төгілмеуі тиіс. – бір сөзбен айтқанда Конституция заңдары сақталуы міндетті.
Табиғатқа тигізген зиянды әрекеттерімізді өз қолымызбен жақсартып, бүлінген жерлерімізді өңдеп, қоқыс қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз керек. Ол үшін тек топыраққа емес, сонымен бірге топырақты құрайтын факторларға – атмосфералық, топырақ ортасын қажетті бағытқа өзгертетін ылғалдық, өсімдік қорегімен қамтамасыз етілуін арттыру, биологиялық процестерді жеделдетіп мәдениеттендіру, яғни адамның өндірістік тұрғыдан әсер етуі арқылы топырақ қасиеттерін жақсарту қажет.
«Бүгінгі сұлу табиғат, ертенгі ұрпақ еншісі» дегендей ластанған ауаныны тазартудың ең жеңіл жолы – көгалдандыру екенін де әрбір көзі ашық жан мойындайды.Сондықтан жасыл желектерді өсіруден жалықпаукерек деп ойлаймы. Әсемдік үшін өсірілетін көшеті қымбат тұратын пальма ағаштарынан көрі газды сіңіру қасиеті ерекше: қаражиде, шаңды ұстайтын: жөке күміс үйеңкіні; күкіртті газды сіңіретін: қаратерек жасыл шаған,жұмсақ қараағаш, жөке, қайықды; хлор және оның қосылыстарын сіңіретін: раушан, көктерек, ақтеректерді; радиоактивтілікті сіңіретін: емен, қызылжиектерді көбірек отырғызса,қала экологиясын жақсартуға үлкен пайдасы болады.
Өлкеміздің басқада экологиялық ахуалын болдырмау үшін келесідегідей ұсыныстар ұсынылады:
- ең бастысы экологиялық бағытта ақпараттарды көбейту;
- аймақтарда, обылысымызда, республикамызда экологиялық көрмелер мен байқауларды жиі-жиі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
- өндірістерде табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік және сот тәжірибесімен айыптар төлету;
- айып төлемдерден түскен қаражаттарды экологиялық ұйымдарға жұмсау және сол ұйымдарға жастарды тартып, қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыс жасауға бағыт бағдар беру;
- мұнай газ өндіру кезінде ауаны ластауды болдырмайтын қазіргі заманғы техгологияларды көбірек пайдалану;
- мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе газдарды өңдеу арқылы тұрған үйлерде пайдалану;
- бастысы мұнайға серік газдарды ауаға жағу процесін қолдануды тоқтату.
Ең негізгісі әр адам тек қана өз қара басын ойламай, қоршаған ортаға деген көз қарасы дұрыс болса, қоршаған ортамыз таза, бәрі де жақсы болар еді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ЭНГС лекция жинағы Майлыбаева Г.
2. Экология Мангистау – глазами студентов (22-30) 2005ж
3. Ғ.М. Нұрсұлтанов. К.Н. Абайұлданов. Мұнай және газды өндіріп өңдеу. Алматы. 1999.ж (392-398)
4. Ш.К. Гиматудинов и др. Справочная книга по добыче нефти. Москва. Недра. 1974 г.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі