Өлең, жыр, ақындар

Адам болып туылған соң

ОҚО, Мақтарал ауданы, Атакент қалашығы
Мақтарал Аграрлық Колледжі
Ветеринария мамандығының
арнайы пәндер оқытушысы
Сапарбекова Тамара Абдраймовна

 

Тақырыбы: «Адам болып туылған соң»

Мақсаты: Балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. 

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал–мәтелдер, видеоролик,  көрініс, слайд арқылы дайындалған материалдар.

Бағдарлама:

Жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сабағымыздың тақырыбы – «Адам болып туылған соң». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек. Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі біздің ұйымдастырылып отырған «Адам болып туылған соң»  атты   тәрбие   сағатын бастауға рұқсат   етініздер!

Баяндама оқитын екінші тігін кураторы Сапарбекова Тамара апай.          

«Адамгершілік қасиет»  видеоролик, назар аударыңыздар.

Жүргізуші: - Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам, ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, соны түсініп алуы керек. Өзінің жетілуге талпынысында әр адам мейірімділік пен зұлымдылықты айыра білуі қажет,  өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс.

Адам, ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.   

1. Жақсы - жанына жолдас,
Жаман – малына жолдас.

2. Жақсыға – сөз батады,
Жаманға – шөп батады.

3. Жақсы - өз басынан көреді,
Жаман – жолдасынан көреді.

4. Ерді – асы үшін сыйлама,
Басы – үшін сыйла.

5. Жақсы ниет –
Жарым ырыс.

6. Ақ  пейілдің – аты озып
Тоңы тозбайды.

Жүргізуші:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар дей  отырып келесі кезекте                                                                                                                       

ән «Аяулы ана»  орындайтын  Әбдіәлі  Ұлығай.

Жүргізуші:

Бес нәрсеге асық бол
Бес нәрседен қашық бол.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
Ескірмейтін ескі сөз. Абайдың және  т.б. ғұламалардың  қасиетті қара сөздері.

Жүргізуші: Сен жақсы адамсын ба? видеороликке назар аударыңыздар.

Жүргізуші: Өз халқының тағдыры тебірентіп, қолына қалам алған Абай атамыз заманының бет пердесін ашып, заман адамының бейнесін жасап, әне заманың, міне адамың, заманың тозып, адамың азып барады. «Сәуле болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл» деп, адам болар жолды да, жөнді де айтып берді. Жиған мол білімі, өзіндік терең танымы, адамды сүйген жылы жүрегі Абайды өз халқының деңгейінде қалдырмады. Баршаға ортақ гуманистік ой-қазынасын ұсынып, адамзаттың Абайы бола білді. Абай  атамыз толық адам болу үшін адам бойындағы ең негізгі қасиеттер – қайрат, ақыл, жүрек тең  болуы қажет деп тоқтамға келген.

Көрініс. «Адам бойындағы ең негізгі қасиеттер»

Жүргізуші: Хорезм биі.

Жүргізуші:

Туылған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.                                                                                        

Тақпақ екінші тігін қыздары

 Жүргізуші:

Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өтем.
Әдеп пен инабатты ақтап өтем
Қазақтың аруларын мақтап өтем
Ақын мен әнші деген – ел еркесі  
Қазақтың тарқамасын берекесі.

Ән «Адам іздедім» орындайтын Зайтбай Күнсұлу

Жүргізуші:

Адам  бойындағы асыл  қасиеттер.
Адамның басшысы – ақыл,
Шолушысы - ой,
Жетекшісі – талап,
Қорғаушысы – сабыр,
Сынаушысы – халық,
Таусылмайтыны – арман,
Ең  қымбаттысы – ар  сақтау,
Бәрінен  ардақтысы – өмір  сүру,
Соның  ішінде  ең  тәттісі – сыйластық,
Ал  осының  бәрі – иманнан!

Қорытынды: Құрметті оқушылар әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп Ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз