Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Трес Мақпал Сағадатқызы
| Күні: | Пәні: ана тілі | Класы 4 -класс | |||
| Тақырыбы: | Б.Соқпақбаев. Менің атым Қожа | ||||
| Мақсаты | Оқушыларды Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. | ||||
| Күтілетін нәтиже | Оқушылар жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы біледі; сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды; сөйлеу мәдениеттері қалыптасады; | ||||
| Түйінді идеялар (кілтті сөздер) | Оқушының өмірде біліміне, білігіне сүйену. | ||||
| Сабақ кезеңдері: | Сабақ барысы | Бағалау | Ресурстар | ||
| Кіріспе 2 мин 
 
 3 мин | 1. Ұйымдастыру."Тоқ жүргізу тренингі..." Оқушылар бір бірінің қолдарын қысу арқылы тоқ жүргізеді. Мозайка әдісі: Сынып "компас", "өзен " болып топқа бөлінеді Топ басшысын сайлау 2. Үй тапсырмасын тексеру. "Қоржындағы сұрақтар" Үйге берілген тақырып бойынша топ арасында сұрақтар қоямын. | Мадақтап отыру 
 
 
 Смайлик тарату | 
 cмайлик Слайд шоу 
 | ||
| Тұсаукесер 2 мин | Видеоролик көрсету арқылы оқушылар жаңа тақырыпты табады. Б.Соқпақбаев туралы қысқаша мәлімет беру. Дәптермен жұмыс | мадақтау | Слайд-шоу | ||
| Негізгі бөлім 23 мин 
 2 мин 3 мин 
 2 мин | 1. "Оқы, бірік, бөліс" әдісі Жаңа тақырыпты екі топқа беремін. Көз жүгіртіп іштерінен оқиды, бірігеді, бөліседі. 2."Кейіпкерлер әлемі" кестесі 
 3.Теріп алу стратегиясы Сергіту сәті: | мадақтау 
 
 
 
 смайлик тарату 
 | Ана тілі оқулығы 
 | ||
| Қорытынды 2 мин 
 | Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес ғой...» деген екен. | смайлик тарату | 
 | ||
| Бағалау 3 мин Үйге тапсырма | Смайликті есепке алып критерий арқылы бағалаймын (Жеңімпаз топқа 3 шапалақпен қошемет көрсетеміз) Үйге: Кейіпкерге хат жазып келесіздер | ||||
| Рефлексия 3 мин | Мұғалімге хат: қоржынға салу. Сабақ ұнады ма, ұнамадыма, несі түсініксіз өтті? | ||||
| Не сәтті өтті? Нені дамыта аласыз? | Тренингтер сәтті өтті. Оқушылар меңгеруі қажет мәліметтерді игерді Уақытқа бейімделу, оқушылардың шығармашылық жұмыста шапшаңдығын арттыруға жұмыс жасау | ||||
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі