« Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты кластан тыс шара
БИСЕНГАЛИЕВА А.Ш
Ақтөбе қаласы, №51гимназия
Сабақтың мақсаты:-Оқушыларды халқымыздың сөз өнері, мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе әріптер, кеспе сөздер, смайликтер.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ бөлім. «Ой қозғау»
- Оқушылар кеспе әріптерді өсу ретімен қағазға жабыстырып, шыққан сөйлемді оқыңдар. (5топқа 2 жұмбақ, 3 мақалды табу. Бірі әріптерді өсу ретімен орналастырады, ал бірі әріптерді желімдейді) Сонымен, балалар, бүгінгі өтетін сынып сағатымыз осы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарға байланысты.
ІІІ. «Санаға сапар»
- Оқушылар, мақал деп отырғанымыз – толық аяқталған ой бөлігі, онда тәжірибе жүзінде дәлелденген белгілі бір тақырыптағы тәлім-тәрбиелік ой, қағида көрініс табады. Ал, мәтел – аяқталмаған, жәй ғана тұспалмен берілген қысқа ғана ой. Мәтелдің астарын оқушы өзі табу керек. Мақал-мәтелдерді жасаушы халықтың өзі.
Мақалдар мен мәтелдердің құндылығы олардың қысқа әрі нұсқа болып келуінде. Сонда олар тез есте қалады.
Ал, енді жұмбақ дегеніміз, оқушылар, - адамның ой өрісін, алғырлығы мен білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
Сонымен, балалар, мақал-мәтел, жұмбақ атадан балаға, яғни, ауыздан ауызға ертеден келе жатқан халық ауыз әдебиетінің бір түрі екен, - деп қысқаша шолу жасалады.
ІV. Суреттермен жұмыс.
- Оқушыларға 5 сурет көрсетіледі. Оқушылар сол суреттерге қарап мақал-мәтел айтады.
1-сурет. Кітап. Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
2-сурет. Ана. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
3-сурет. Қол. Көз – қорқақ, қол – батыр.
4-сурет. Отан. Отан үшін отқа түс күймейсің.
5-сурет. Тіл. Ең ащы да тіл, ең тұщы да тіл.
- Жарайсыңдар оқушылар, өздерің мақал-мәтелдерді көп біледі екенсіңдер. Шаршап қалған боларсыңдар?! Орындарымыздан тұрып, бой сергітіп алайық, жарай ма, оқушылар?
- Иә.
- Көгілдір экранға қарап, бәріміз бірдей қимыл жасаймыз. Жарайсыңдар, демалып та қалдық Ал, енді келесі бөліміміз «Мен ұнатқан үш пән» деп аталады екен.
V. «Мен ұнатқан үш пән»
- Бұл бөлімде мен әр топқа 2 жұмбақтан жасыратын боламын. Ал, сендер сол жұмбақтың шешуін тауып, маған 3 тілде, яғни, қазақша, орысша, ағылшынша, аудармасын айтып бересіңдер. Келістік пе? Ал, кеттік ендеше.
1-топқа:
Білімнің нәрін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз – учитель – teacher)
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (Қар – снег – snow)
2-топқа:
Шыңдары шырқау,
Көшіп жүр бір тау. (Түйе – верблюд – camel)
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су – вода – water)
3-топқа:
Бір үйге көзсіз бас сұғасың,
Бұл үйде көреген боп шығасың. (Мектеп – школа – school)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол – рука – arm)
4-топқа:
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян – кролик – rabbit)
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары. (Жапырақтар – листья – leaves)
5-топқа:
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі – лиса – fox)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап – книга – book)
- Жарайсыңдар, оқушылар. Сендер үш тілді жақсы меңгеріп келесіңдер.
VІ. «Шатасқан мақалдар»
- Балалар, сендер мына кеспе сөздерді қарағдаршы, олар әр жерде шашылып жатыр. Біз оны біріктіріп, желімдейміз бе?
- Иә.
1-топқа:
а) Тәтті, тәтті, наны, жаны, еңбектің, жалқаудың. (Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.)
ә) Жарады тас, тіл жармаса тас, жарады бас. (Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.)
2-топқа:
а) Іледі ұяда, соны ұшқанда, не көрсе. (Ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі.)
ә) Қан, қан, аузы, жемесе де, жесе де, қасқырдың. (Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.)
3-топқа:
а) Ас, бидай тас,күміс, екен, арпа, екен, алтын. (Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.)
ә) Бала, бала, бала, бала, арлы, сорлы, әдепті, әдепсіз. (Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала.)
4-топқа:
а) Төртеу, алтау, келеді, ала, төбедегі, кетеді, түгел, ауыздағы, болса, болса. (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
ә) Өнер, тіл, алды, қызыл. (Өнер алды қызыл тіл.)
5-топқа:
а) Ырысы, жер, ел, батыр, жаңбыр, жауса, ырысы, туса. (Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса – жер ырысы.)
ә) Атаңа, келер, сол, не, алдыңа, қылсаң. (Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.)
VІI.Қорытындылау
- Жарадыңдар, менің кішкентай ақылды оқушыларым. Оқушылар, сендерге сабақ ұнады ма? Өз ойларыңды қолдарыңдағы смайликтер арқылы көрсете қойыңдар.
Балаларға әртүрлі смайликтер мен жігерлендіретін кеспе тілектер (Сен мықтысың. Әрқашан күліп жүр.) беріледі.
- Бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті, балалар. Сендерге берілген тілектердей жігерлі, смайликтердей күліп ойнап жүріңдер. Қош, сау болыңдар,
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі