Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Кулмурзаева Айтуган Балыкбаевна
Білім беру саласы: Қатынас әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: көркем әдебиет, құрастыру.
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу,заттардын түсін,көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сурақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру, әдістемелеу.
Көрнекіліктер: «Шалқан, жеті лақ пен қасқыр, үйшік», ертегі желісі, бойынша суреттер, аю,түрлі-тусті қағаз, желім, сүлгі, ақ қағаз.
Шаттық шеңбері:
Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп апайды қарашы.
Бәріңе де ізетпен
Иіліп сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме?
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс айларын атап беріндерші?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыс айында ауа-райы қандай болады?
- Суық, аяз.
- Далада не жауады?
- Қар жауады.
- Қардың түсі қандай?
- Ақ түсті.
- Адамдар қандай киімдерін киеді?
- Жылы киімдерін.
- Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Иә.
- Қандай ертегі білесіңдер?
- «Шалқан, бауырсақ, жеті лақ пен қасқыр, қызыл телпек, үйшік».
Бүгін бізде ерекше сабақ болады біз сиқырлы поезға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. (Балалар бір-бірінің иығынан ұстап пойыз дыбысымен журеді)
1-аялдамаға келдік шалқан ертегісін слайд арқылы көрсету. Бұл қандай ертегі: -кейіпкерлерін айту.
2-аялдама – слайдпен жұмыс
- Бұл қандай ертегі?
- Шалқан ертегісі.
- Осы ертегілер кейіпкерлерін атандаршы?
- Ата, әже, немересі, күшік, мысық, тышқан.
- Ешкінің неше лағы бар?
- Жеті лағы бар.
- Ешкі тамаққа кеткенде лақтарына не айтып кетті?
- Ешкімге есікті ашпа.
- Қасқыр лақтарды қалай алдамақшы болды?
- Өлең айтып.
- Қане, балалар лақтар туралы тақпақ айтайықшы:
Шөре,шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
* * * * * *
Балалар тағы да сиқырлы поезға отырып келесі аялдамаға барады.
3-аялдама: Орман. Сол орманда аю жылап отыр.
Тәрбиеші: Аю сен неге жылап отырсың, саған не болды?
Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті,кім маған көмектеседі?-деп балалардан сұрады.
- Балалар аю қай ертегіден келді?
- Үйшік.
Тәрбиеші: Жылама аю,біздің балаларымыз сондай ақылды.
Қане балалар аюдың көңілін көтеріп,аю туралы тақпақ айтып, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Тәр: Аю, саған біздің балаларамыз үйшік жапсыруға көмектеседі.Ол үшін біз топқа қайтайық.
Аю балаларға рахмет айтып, орманға қайтады. Сау болыңдар, балалар!
* * * * * *
Ғажайып сәт: Бауырсақ секіріп топқа кіреді.
Балалармен амандасады.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Мені таныдыңдар ма?
- Иә.
- Мен кіммін?.
- Бауырсақсыз.
- Мен кімнен қаштым?
- Атадан, әжеден, қасқыр, аю, қоян, түлкі.
Тәр: Ал сені түлкі жеп қоймадыма?
Бауырсақ мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмай қашып кеттім.
- Қане, балалар қарайықшы, бауырсақ тулкіні алдап қайда қашты екен.
Слайд арқылы көрсету.
Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен,олар маған қайда барғандарын айтып бере алама?
- Сендер не көрдіңдер,не істедіңдер?
Егерде сендер маған толық жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін.
Бауырсақ:мен өз ертегіме барайын, сендерге арнаған сыйлығымды берейін (сыйлық тарту) cау болыңдар!
Қорытындылау:
Балалар бүгін барлығың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар,тапсырманы жақсы орындадыңдар:
Орнымыздан тұрайық
Әдепті бала болайык
Көріскенше күн жақсы.
Сау –саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Слайд аркылы өткен ертегілерін жатка айту.
Болуы: түрлі-түсті қағазбен, желіммен жұмыс жасай білу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі