Сабақтың тақырыбы |
Хат жазу.Х дыбысы мен әрпі. |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу 1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау 1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету 1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану |
|||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
|||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, көркем еңбек, дене шынықтыру сабағы |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы Ынтымақтас тық атмосфера сын қалыптастыру
|
Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
||
Сабақтың ортасы
|
Есік қағылып почташы хат әкеліп береді. Х дыбысының әріп таңбасы көрсетіліп жазба, баспа түрлері таныстырылады Хат, хабар сөздеріне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу «Хх» дыбысы – дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық жерінде кездеседі. - Біз Х дыбысын қай кезде айтамыз? - Х дыбысы – дауыссыз, ауа кедергіге ұшырайды. - Х дыбысымен біз өлең айта алмаймыз. Хәрпін жазуға үйрету. -Балалар,өткен сабақта бізге түлкі-лиса-fox қонаққа келген болатын. Енді түлкімен бірігіп ауылымыздың көрікті жерлері саяхат жасадық.Енді сол саяхатымыз туралы хат жазамыз. Хат - біреуге немесе бір мекемеге хабар жіберу үшін жазылып қойылған не жөнелтілген текст. (ЖЖ) Біз ауылымыздың әсем жерлерінде серуендедік.Ауылымыз үлкен.Ауыл шетінде саябақ бар.Жайық өзеніне суға түсуге болады. -Жазған хаттарыңды қалай жібересің? -Хатың иесін қалай тауып барады? -Хатқалтаның сыртын сауатты толтыруға үйрену 1.Жұмбақ жасыру. Сәлем алып алыстан, Туысыңнан, таныстан. Келетұғын хат – хабар, Қай әріптен басталар? (Х) 2. «Кім шапшаң?» ойыны Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой. Ша... мат, ас... ана,... алам,... абар,... алық, /қ, х 3.ТЖ.Жоғалған буын ойыны: 1. -------- лық ------- йуан ----------- бар Хабар - болған іс, оқиға, сондай - ақ біреулердің хал - жайы жөнінде білдірілген ауызекі немесе жазбаша түріндегі қысқаша мәлімет. 2. Кітап – Ас - Дәрі - ------ хана Дәріхана - дәрі – дәрмек даярлап және оны сататын орын. Шай - 3. Асыл - Гүл ----- хан Темір (ТЖ) Әріптерден сөз құрастыру. К,П,А,І,Т – кітап- Х,Р,О – хор Хор - вокалдық музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы. Х,Е,С,А,Н – Хасан Берілген сөздермен сөйлем құрап жазады |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Хат
Түлкі дәптерлер.
Ауыл суреті
Жұмбақ
Ойындар
|
||
Сергіту сәті
|
Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
||
Аяқталуы
Қызықты тапсырма
|
Әр оқушысы өзі қалаған адамға хат жазады «Лездеме» ойыны арқылы сабақты қорытындылау. Халат,шахмат,хоккей 1.Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? 2. Х дыбысы қандай дыбыс? 3. Неліктен дауыссыз дыбыс деп аталады? 4. Хат туралы не білдік? |
Ойын
|
||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия
|
Кеменің суреттері |
||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгей ін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
Басқаларға көмектесу. Топ басшысы рөлін атқару Қорытындыны дәлелдеу |
|
Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау Сергіту сәті |
||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі