Өлең, жыр, ақындар

Дененің көлемі. Призманың, параллелепипед көлемі

Сабақтың мақсаты

Білімділік:  Дененің көлемі. Призманың, параллелепипед көлемін есептеуді меңгерту. Студенттердің көпжақтар туралы алған білімдерін кеңейте отырып, есепте қолдануды үйрену; бізді қоршаған ортадағы  көпжақтар  туралы білу;  көпжақтардың өмірде қолданылуы.

Дамытушылық:  Студенттердің  ой–өрісін дамыту; ой ұшқырлығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:  Студенттердің  жауапкершілік және өзін–өзі бағалау қасиеттерін қалыптастыру; ұқыптылыққа, сызбаны дұрыс сызуға баулу; ұлттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі, әдісі

бекіту; білім мен дағдыны тиянақтау; жүйелеу сабағы.

Студенттер үшін оқу нәтижелері

- Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.

- Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады.

- Өздігінен кез-келген көпжақтарға берілген есептерді шеше алады.

- көпжақтардың қоршаған ортада кездесетіндігіне көздері жетеді.

Ресурстар

Интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, сызба, жазба материалдар, оқулық.

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Студенттердің іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

Геометриялық фигураларды таңдата отырып, екі топқа бөледі

Студенттер фигуралар бойынша 2  топқа бөлінеді

Білу

 

Студенттердің  қызығушылығын ояту мақсатында төмендегідей «П әрпінен басталатын АНАГРАММА» шешу.  

 

1. Екі жағы параллель жазықтықтарда жататын өзара тең көпжақтар, ал қалған жақтары параллелограмдар болып келген көпжақ.  (призма)        
2. Призманың барлық бүйір қырлары  (параллель)
3. Табандары параллелограмдар болатын призма. (параллелепипед)
4. Көпжақтардың ерекше түрі, әлемнің 7 кереметінің бірі. (пирамида)
5. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең. Теорема . (Пифагор)
6. Пирамида биіктігі дегеніміз-оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген. (перпендикуляр)
7. Дұрыс көпжақтарды әлемнің идеалистік бейнесінде.....денелері деп атайды. (Платон)
 

Өзін–өзі тексеру

Әр топ рет бойынша бір-бір сұраққа кезекпен сұрақты оқып,жауабын тақтаға жазады.

 

 Түсіну

Біз күнделікті өмірде куб пен тік бұрышты параллелепипедті жиі кездестіреміз. Сіріңке қорабы, кітап, бөлме, көп қабатты үйлер, сок пакеттері, карандаш тағы басқалар. Яғни  табиғатта және техникада, тұрмыста көпжақтар  көп кездеседі және қолданылады.

Енді тақырыпқа көшейік
Оқулықты ашып жаңа тақырыптағы анықтамаларды оқыңдар.
I топқа сұрақ:
Призма туралы толық мәлімет беріңіз?

II топқа сұрақ:
Параллелепипед туралы толық мәлімет беріңіз?

 

 

 

 

Студенттер

жаңа сабақты өздері меңгереді.   топпен пікірлесіп, берілген тапсырмаға топтың бір мүшесі жауап береді.

 

 

Қолдану 

I топқа тапсырма

№384

  1. тік бұрышты параллелепипед 
    а = в = с = 30 см 
    Табу керек: V - ? 
    Шешуі: 
    30 см = 3 дм 
    V = авс =3 * 3 * 3 = 27 (〖дм〗^3) = 27 л 
    Жауабы: 27 л 

II топқа тапсырма

№384

  1. 2) Тік үшбұрышты призманың табанының қабырғалары 10 см, 17 см және 21 см-ге тең, ал призманың биіктігі 20 см. Призманың көлемін табыңыз.

Жауабы: 1680 см3

Жеке жұмыс

(оқулықпен жұмыс)

Формуланы  есепте қолдану;

 

Талдау

 

Ортақ тапсырма:  Жазбалары бойынша көпжақ құраңыз

I топқа тапсырма. Параллелепипед

II топқа тапсырма. Призма

 Топ мүшелері бірлесіп, өз тапсырмала рын жылдам орындауға тырысады. Өзге топтар жауаптардың дұрыстығы немесе дұрыс еместігі жөнінде өз пікірлерін айтады.

Жинақтау

Қорытындылау

Әр топқа бірдей сұрақ.

Табиғатта, техникада және тұрмыста кездесетін көпжақтарға  мысалдар келтір.

 Ұжымдық жұмыс

Бағалау

Бағалау парағы

 

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Анаграмма

топқа сұрақ

есептер

Топқа тапсырма

мысалдар ойлау

Ұпай саны

Баға

1

                 

2

                 

3

                 

7 ұпай-жоғары - 5
5-6 ұпай - 4
3-4 ұпай - 3
1-2 ұпай - 2

Топ басшысы бағалайды. Бағалау қорытындысын айтады.

Үйге тапсырма (1мин)

№ 387, №388 ; тақырыпты оқу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Рефлексия (2 мин)

Аты:___________________________________

1. Мен сабақ қызықты/қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта көп нәрсені үйрендім/үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият/зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі/сирек қатыстым.
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/риза емеспін.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз