Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы
№4 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сандибаева Жаннат Калидоллаевна
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 2-ші сыныпта сөйлем түрлері туралы алған білімдерін пысықтау: сөйлем түрлерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ой-өрістерін, ынта–жігерлерін тапсырмаларды орындата отырып дамыту
Тәрбиелілік: еңбексүйгіштікке, бір–біріне деген сыйлау қасиеттерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
- Қандай байланыс құралдарын білесіңдер?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемге тән қасиеттер?
- Сөйлемнің түрлері? (Мысал келтіру)
Жаңа сабақ
Кіріспе бөлім
Көркем жазу. Көру диктанты
Қызығушылықтар ояту.
А) Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды. Шекарашылар – ер жүрек батырлар. 1. Неше сөйлем бар? 2. Сөйлемде неше сөз бар? 3. Толық мағынасы бар сөздер нешеу? 4. Оларға сұрақтар қою |
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөзді сөйлем мүшелері дейміз
Ә) Екі сөзден жасалған сөйлемдерді оқы. Асқар келді. Дана ойнады. Қойлар жайылды. Құлын ішті. Қыздар терді. Тиісті сөздерді қосып, әр сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің санын арттырып жаз. Сөйлем мағынасында болған өзгерісті аңғар. |
Оқулықпен жұмыс
1-Жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сөйлемдегі әрбір сөзге сұрақ қой. Әрбір сөйлем неше сөзден құралған. Сауысқанның тіршілігін байқаған кезің болды ма?
2-Жаттығу. Суреттер бойынша екі сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастыр. Әр сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой. Құрастырған сөйлемдегі сөздердің санын арттырып жаз. Әр сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой. Сөйлемнің мағынасында қандай өзгерістер болды.
Өзіндік жұмыс
4-Жаттығу. Әр қатарға бір сөзден қосып, пирамида құрастыр.
Қарға қарқылдады.
Қарға далада қарқылдады.
«Жалғастыра» оқыту үйрету әдісі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Оқушыларға басты тақырып айтылады. «Лепті сөйлем» деген тақырып айтылады. Осы тақырып бойынша хабарлы сөйлемдер құрастырылады. Шеңбер біткенге дейін айтылып шығады.
Үйге тапсырма.
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Әр сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне сұрақ қой. Әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар.
Бағалау, мадақтау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі