Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы "Бейнеу бөбекжайы" МКҚК
II топ тәрбиешісі Елеусинова Назира
Білім беру саласы |
Шығармашылық. |
Бөлімі |
Бейнелеу |
Тақырыбы |
Үй құстары |
Мақсаты |
Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту. Үй құстарына қамқор болуына оларды күте білуге тәрбиелеу, және тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Әр түрлі геометриялық пішіндерден құстың бейнесін салуды үйрету. |
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер |
Құстардың суреті, үлестірмелі материялдар, қарындаштар ақ қағаз, акварель, қылқалам,орамал. |
Билингвалды компонент |
Құс-птица, Әтеш-петух, балапан-цыпленок. |
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Балалар қане бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап "Қуаныщ шеңберін" құрайық.
Қуанамын мен де, Қуанасын сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге. |
Балалар шеңберге тұрады.
Тақпақ жолдарына сай Қол қимылдарын Жасайды. |
Ізденуші ұйымдастырушы |
Балалар менімен ойын ойнағыларың келеме Ендеше "Даусынан таны"ойынын ойнайық. Мақсаты: Құстың даусы естіледі сендер сол Қай құстың даусы екенін табатын боласыңдар Бүгінгі оқу-іс әрекетіміздің не жайлы болатынын сезген боларсыңдар. Бүгін біз "Үй құстарымен" танысатын боламыз. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінде неше ай бар? - Қыс мезгілінің ерекшеліктері неде? Құстар қыста жылы жақтарға ұшып кетеді. - Құстар неше топқа бөлінеді? - Қандай болып бөлінеді? - Дала құстары және үй құстары болып бөлінеді. - Дала құстарына нелер жатады? - Үй құстарына нелер жатады? Дұрыс таптыңдар балалар. Слайдпен жұмыс: Дидактикалық ойын: "Бұл қай құс" Мақсаты: Құстардың түсін, пішінін дауыстарын атау. - Сендер үй құстарын білесіңдерме? Слайдтан үй құстарының суреті шығады Балалар қай құс екнін табады дауыстарын Салады. Жарайсыңдар балалар мен жаңа балабақшаға келе жатып әдемі қорапша тауып алдым бұл қорапта не бар екенін білгілерің келеме ашып қарайықшы. - хат бар екен бұл хатты бізге тауық жазыпты.: - Салеметсіздерме балалар мен балапандрыммен серуендеп жүріп оларды Жоғалтып алдым балапандарымды табуға көмектесіңдерші-дейді тауық. - Балалар көмектесемізбе? Сол кезде әуенмен ішке сауысқан кіріп келеді. - Саламатсыздарма балалар. Мен жаңа балабақшаларыңның үстінен ұшып өтіп бара жатып сендердің дауыстарыңды естіп қалдым тауықтың балапандарын мен едім ұрлап жасырып қойдым, сендер менің үш тапсырмамды орындасаңдар балапандарын тауыққа қайтарамын. Қане балалар сауысқанның тапсырмаларын орындаймызба? 1. тапсырма: Жұмбақ. "жүреді ойқастап бой тастап Басында айдары бар, иекте сақалы бар" "Көлде жүрген көп сиыр Жетіп барсаң жоқ сиыр."
"Күн батса қонақтап қалқыған Таң атса жерден жем шоқыған" 2 тапсырма: Ойын "Дұрыс орналастыр" Мен сендерге құстардың бейнесі салынған карточкалар таратып беремін бұл карточкаларда құстардың дене мүшелері бөлінген сендер соларды құрастыруларың керек. 3 тапсырма: сурет салу. Мына балапандарды әдемілеп бояп береміз мен сендерге қағаз таратып беремін, бұған балапандардың бейнесі үзік сызықтармен салынған, үзік сызықтар үстін басып сызып сары түске бояп шығасыңдар. Сергіту сәті. Қаздар қанат қағады Қаңқ-қаңқ деп дауыстап Ұшып-ұшып алады Жем шоқиды тоқылдап.
Жарайсыңдар балалар бояуды жалғастырамыз, бояп болған балаларды мақтау басқа балаларға көрсету. Ойын: "Ұшты-ұшты" Міне үш тапсырмаңды орындадық сауысқан енді тауықтың балапандарын жасырып қойған жеріңнен апарып бер. Сауысқан:-Өте тапқыр екенсіңдер балапандарын апарып берейін. Сау болыңдар. |
Ия Балалар дауысты тыңдайды жауабын табады.
Қыс. Үш ай бар. Қар жауады, күн суық болады. Екі топқа бөлінеді
Әтеш, тауық, үйрек, балапан
Әтеш -ку-ка-ре-ку Тауық-қыт-қыт-қыт Үйрек-қаңқ-қаңқ
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Тауықтың балапандарын табуға қуана келіседі.
Ия
Әтеш.
Үйрек.
Тауық.
Балалар қиынды суреттерді құрастырады
Балалар орындарына отырып үзік сызықтар үстін басып сызып шығады. Балапандарды сары түске бояп шығады.
Балалар орындарынан тұрып қимыл-қозғалыстар арқылы сергіту сәтін жасайды.
Ойынды сауысқанмен бірге ойнайды. Сауысқан балапандарды жасырған жерінен алып балалармен қоштасып шығып кетеді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Оқу іс-әрекетін қорытындылау:Біз не білдік? Ұй құстары туралы. қонаққа кім келді Сауысқан келді. Балаларды мақтау мадақтау. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек |
Құстарды айыра білуі. |
Нені игереді |
Ойындарға деген қызығушылығы |
Нені біледі |
Қылқаламмен жұмыс жасай білуі. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі