Өлең, жыр, ақындар

Глобус – Жердің үлгісі

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы
№4 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі   

Махлиева Анаргуль Ерсайыновна

Сыныбы: 4

Пән атауы: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Глобус – Жердің үлгісі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ғарыш денелері, глобус – Жердің үлгісі деген ұғымдарын қалыптастыру, кеңейту.

І Білімділігі: Оқушыларды география ғылымымен таныстыру.

ІІ Дамытушылығы: Танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

ІІІ Тәрбиелігі: Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: «Қазақстан қорықтары» кітабы, суреттер, картиналар, Қызыл кітап.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

5. Ойға шақыру.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: Глобус – Жердің үлгісі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

-​ Астрономдардың: «Жұлдызды аспан – табиғаттың ұлы кітабы. Оны оқи алған адам, бізді қоршаған ғарыштың есепсіз байлығының сырын ашады» дегенінің мағынасын ашу. «География» сөзінің мағынасын ашады.

-​ География – Жердің беткі қабатын және оның табиғи жағдайларын зерттейтін ғылым. Ол грек сөзінен шыққан. «Гео» - жер, «графо» - жазамын дегенді білдіреді.

Глобусты ең алғаш неміс географы Мартин Бехайм 1492 жылы ойлап тапты. Ол оны «жер алмасы» деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Өйткені олар әлі ашылмаған еді.

Глобуспен жұмыс. (Глобустан материктерді және мұхиттарды тауып көрсету). Пікір – айт. – Ертеде адамдар Жердің пішінін қандай деп ойлады? Ол қандай? Сарамандық жұмыс: (Оқулықтағы тапсырмалар орындалады).

ІV. Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,

Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!

V. Өзіндік жұмыс. Іскерлік ойынын ұйымдастыру кесте арқылы (топпен жұмыс) .

Иә (+)

Жоқ (-)

Білмеймін (?)

А.

Ә.

Б.

В.

Г.

 

 

Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар кестеге осы сөйлемдерді дұрыс айтылған ойға жауаптарын көрсетілген белгімен қояды.

А. Жер – Күн жүйесінің ғаламшары.

Ә. Күн – жанып тұрған газды шар, жұлдыз.

Б. Жер Күнді айнала қозғалады.

В. Экватордың солтүстігінде оңтүстік жартышары орналасқан.

Г. Паралель Солтүстік пен Оңтүстік полюстерінде нүкте арқылы түйіседі.

Сабақты қорытындылау:

Экологиялық орталыққа немесе мемлекеттік органдарға хат жазу.

VII. Үй жұмысы: 73- 74 беттегі мәтінді оқып, мәліметтер іздеп, жалпы шолу жасау. Зерттеу жұмысын толықтыру.

VIII.Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз