Өлең, жыр, ақындар

Хабарлы сөйлем

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы
№4 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі   

Алиева Эльмира Сериковна

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 2 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балаларға сөйлем түрлері оның ішіндегі хабарлы сөйлем туралы мағлұмат беру;

Дамытушылығы: Ой-өрісін, сөздік қорын дамыту;

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: көрнекіліктер, сұрақ-жауап, әңгімелесу,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, топшамалар.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Сөйлем дегеніміз.....

ІІІ. Жаңа сабақ.Сурет бойынша жұмыс.

1-жаттығу.

Сурет бойынша қысқаша мәтін құрап жаз.

Мәтін неше сөйлемнен тұрады?

Әр сөйлемде не туралы айтылған?

2-жаттығу.

Мәтінді оқып шық.Әр сөйлемнен кейін тыныс ал.Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылғанын айт.

          Арша.

Ршаның сабағы бұйра бүршікті болады.Ол хош иісті ағаштың бір түріне жатады.Арша таулы жерде өседі.Өзі аласа болады.Қысы-жазы көгеріп тұрады.Ол көп өсетін жерді Аршалы деп атайды.арша тез жанады.

Мәтін неше сөйлемнен тұрады?

Алғашқы екі сөйлемді көшіріп жаз. Онда не туралы айтылған?

Ереже шығару:

Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлем соңынан нүкте/./қойылады. Мысалы: Қанат мектепке келді.

Сергіту сәті.

3-жаттығу. Сөздерді оқы. Сөздерден не жайында сөйлем құрастыруға болады? Сөйлемдерді жаз.

Сөздер. Қоян, қалың, ақ, қыс, қар, орман, із, тон.

Өз бетінше орындау.

4-жаттығу. Әр мақалдың жалғасын тауып жаз.

Байлықтың атасы-еңбек,                   өнер көкке жеткізер.

Ақыл көпке жеткізер,                        анасы-жер.

Алып анадан туады,                           тұлпар биеден туады.

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Үйге тапсырма: 5-жаттығу.

Қай сөйем аяқталған ойды білдіріп тұр? Сол сөйлемдерді көшіріп жаз.тыныс белгісін қой.

1. Аязды күні торғайлар

2. Біздің сынып

3. Алмат сабақтан кешікпейді

4. Жексенбі күні

5. Болат күшікті үйге әкелді 

6. Жалғыз аяқ жолымен

ҮІ. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз