Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы
№4 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Кенжегарина Куляш Саламатовна
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г.
Сабақтың мақсаты: түбірдің соңындағы к дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда к дыбысы г дыбысына өзгеретінін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: сөздердің жуан және жіңішке айтылуына байланысты берілген сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін жалғап жазуға үйрету. Сауатты жазуға баулу. Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, еңбексүйгіштікке, тазалыққа баулу. Есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
Көрнекілігі: кесте, жұмыс дәптері суреттер, парақшалар.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық
Қонақ күту салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз.
3. – Балалар, біз бүгін ерекше сабақ өткізбекшіміз. Ол – саяхат –сабақ. Ал, саяхатқа бару үшін бізге не керек? Билет. 1-слайд
- Билетті алу үшін біз мынадай тапсырма орындауымыз керек
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дауысты дыбыстың түрлерін ата.
- Жуан дауыстыларды ата
- Жіңішке дауыстыларды ата.
- Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Қатаң дауыссыздарды ата
- Ұяң дауыссыздарды ата
- Үнді дауыссыздарды ата
- Міне, біздің автобусымыз да келді.
2- слайд. Көркем жазу
Кк Гг Күн, гүл, көбелек,
Сөздік диктант. Берілген сөздерге ы,і дыбыстарын қосып екінші бағанға жаз.
Құдық-
Тарақ –
Қалақ –
Құлақ –
Жаңғақ -
3.слайд. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- К дыбысы қандай дыбыс?
- Г дыбысы қандай дыбыс?
Мына сөздерге ы, і дыбысын қосып айтыңдар
Күрек- күрегі , шелек –шелегі, жүрек – жүрегі, кірпік – кірпігі, белдік – белдігі.
Ереже: К дыбысымен аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г-ге айналады.
4. слайд. 4-аялдама. Сергіту сәті. Бәйтерек.
- Елорда төрінде тұратын ғимарат. Туристер, қонақтар бәйтеректі тамашалауға келеді. Бәйтеректің биіктігі 97 метр. Бұл елордасы Астанаға Алматыдан көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына 1997 жылға сәйкес келеді.
5.слайд. 5-аялдама. Ғажайып мұхит аралы. Оқулықпен жұмыс жаттығуларды орындау.
1-жаттығу. Сөздерді оқып, мағынасын түсіндір.
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.
2-жаттығу .санамақты жатқа айт. К дыбысы аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жаз.
Үйрек – үйрегі, терек – терегі, шүмек – шүмегі, бөбек – бөбегі.
3- жаттығу. Суреттегі заттардың атын жаз.
Елік –елігі, бөрік – бөрігі, терек – терегі, күрек –күрегі, үтік – үтігі
4- жаттығу. (тақтаға жазу) Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз.
Төк – төгу,төгілді, төгеді; ек – егу,егілді,егеді; тік – тігу,тігелді,тігеді; бүк – бүгу,бүгілді, бүгеді; сөк-сөгілді,сөгеді.
6 слайд. 6-аялдама. Қорытындылау.
Терме диктант. К әрпі аяқталған сөздерді теріп жазып, олардың астын сызыңыз. Осы сөздерге ы әрпін жалғап жазыңыз. Мысалы: есік –есігі, ...
Қолтық, терек, құшақ, керік, жорық, бесік, қалпақ, жаңғақ, шық, телпек, жайпақ, тесік, жүйрік.
Осы сөздерді қатыстырып,2-3 сөйлем құрастыр.
7слайд. 7-аялдама. Вокзалға . Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Ережені жаттау
5-жаттығу 51- бет.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі