Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Бәйтерек орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нуржанова Айтыхан
Пән: математика Күні: Қатысқандар саны: Сынып: 1 Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақ тақырыбы: |
Реттік санау |
||
Оқу мақсаты: |
1.1.1.1 натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау |
||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды санай алады Көптеген оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санай алады Кейбір оқушылар: реттік және сандық санауды айыра біледі |
||
Бағалау критерийлері |
- заттарды ретімен санауды үйренеді - заттардың реттік нөмірін анықтайды |
||
Тілдік мақсаттар |
Реттік санау; нешінші? - Дамир сыныпта нешінші партада отырады? - Бүгін бізде бірінші қандай сабақ болды? |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Сауат ашу |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Сергіту сәтіне арналған жинақ (диск) |
||
Бастапқы білім |
1-ден 10-ға дейін санайды |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 8 минут
5 минут 1 минут
10 минут |
Психологиялық ахуал Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. Сұрақ-жауап Сабақты заттарды сандық санауды қайталаудан бастаймын (Ө)-10 көлеміндегі сандарды тура ретпен сана -10 көлеміндегі сандарды кері ретпен сана (ҚБ) бағдаршам түстері Кіріспе тапсырма «Кім нешінші тұр?» (Ө)- Он оқушыны тақтаға шақырып, оларға бір қатарға тұруды ұсынамын. Қалған оқушыларға оларды санатамын және кімнің нешінші тұрғанын айтқызамын. (ҚБ) бас бармақтары арқылы (Ө)Тақырыпты оқулықтағы сюжетті сурет бойынша бекітемін - Суреттегі кім? - Айжан қай жерде? - Сөреде қанша кітап бар? - Айжан сөреден нешінші кітапты алды? Ашық сұрақтар: - Жансая отбасында қанша баласыңдар? - Сен нешіншісің? - Жарайсың! Тамаша - Ондай болса менің қолымда ненің суретін көріп тұрсыңдар? Отбасы мүшелерінің суреттері арқылы топқа бөлу: 1-топ (ата), 2-топ (әже), 3-топ (әке), 4-топ (ана). (Т) Отбасы мүшелерін дастарқан басына орналастыр. Кімді бірінші отырғызасың. Дескриптор - отбасындағы жасы үлкен кісілер (ата, әже) ді атайды және суреттердің астына реттік санын жазады; - дастарқан басына бірінші атаны, екінші әжені, үшінші әкені, төртінші ананы, бесінші және алтыншы балаларын отырғызады (санды жазады); (ҚБ) («Аялдама» тәсілі) Сергіту сәті: санау әні (Ө) Дәптермен жұмыс: (тапсырмаларды мұғалімнің жетекшілігімен орындайды) |
Сандық сауле
Оқушылар
Оқулық
Балмұздақ таяқшалары
Отбасы мүшелерінің суреттері
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Жұмыс дәптер түрлі түсті қарындаш
|
|
Сабақтың соңы 4 минут |
Жұптарға суреттер үлестіріп беріледі және суретке байланысты сурақтар қойылады. Оқушылар қолдарындағы санды карточкаларын көтеру арқылы жауап беріп отырады. - мысық нешінші қабатта тұрады? - сайқымазақ нешінші қабатта тұрады? - Айман мен Шолпан нешінші қабатта тұрады? - құмырадағы гүлді нешінші қабаттан көріп тұрсың? |
Суреттер және сандар жазылған карточкалар
|
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қабілеті жоғары оқушыларға реттік санауға байланысты күрделі тапсырма дайындаймын. Өткен сабақты толық меңгере алмай қалған екі оқушыны (Жанбота мен Аружан) тақтаға шығарып 1-ден 10-ға дейін тура және кері ретпен санатамын. Енжар оқушыға (Жансая) өзінің отбасысы туралы сурақтар қоя отырып жаңа тақырыпты меңгеруге жетелеймін. |
Жеке, жұпта, топта бағалатамын (бас бармақтар және еркін микрофон әдісі арқылы) |
Сергіту сәті |
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралы да ойланыңыз) 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралыда, оқу туралы да ойланыңыз) 1: 2: |
Меруерт
өте жақсы құрылған сабақ рахмет
Меруерт
рахмет