21.02.2017.
Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстанның рәміздері.
Мақсаты:
1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жан-жақты таныстыру.
2. Оқушылардың ой өрісін кеңейту,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге,Отанының патриоты болуына тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: түсінік беру,сұрақ-жауап,топтау
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
II. Топқа бөлу:
I-топ: «Күз» тобы
II-топ: «Қыс» тобы
III-топ: «Көктем» тобы
III.Үй тапсырмасын қайталау:
IV.Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы суреттердің бәрі қайда бейнеленген?
Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтеріледі?
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (слайд)
-1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?
Қазақстан Республикасының рәміздері : Мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік ту,мемлекеттік әнұран.
- Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізі естен шығармайық.
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп,қуанғам.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы ведиоролик тамашалау».
Сұрақ: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан елбасшысы Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. – Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды. Сұрақ:
Қазақстанның Елбасы туралы кім, қандай өлең біледі?
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Сұрақтарға жауап беру. Әр топтың топ басшысы топ атына сәйкес қорғап шығады.
- Елтаңба дегеніміз не?
Елтаңба тобы: Елтаңба негізі - шаңырақ. Ол отбасын бейнелейді, күн шеңбері. Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне, ол уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Бесбұрышты жұлдыз «Бағың ашылып, жұлдызың жарқырай берсін»деген мағына береді.
Сұрақ: Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер?
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов.
Сұрақ: ту деген не?
Ту тобы:Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл бейбіт аспанды елестетеді, қазақ халқының бірлік, ынтымақ жолындағы адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн байлықты, тыныштықты мегзейді. Қанатын жайған қыран құс қазақ халқының кеңдігін, еркіндігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Мемлекеттік ту авторы - суретші Шәкен Ниязбекок.
Сұрақ:Гимн дегеніміз не?
Гимн тобы:
2006жылдың қаңтар айының 6 - сында еліміз үшін тарихи кезең болды. Жаңа Гимнді Парламент қабылдады. Мемлекетімізге жаңа екпін, жаңаша мазмұн мен серпін беретін әнұран бекітілді. Жаңа мемлекеттің Гимнін ресми түрде 2006 жылы 11қаңтарда ұлықтау рәсімінде тұңғыш шырқалды. Авторлары - сөзін жазған Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әні Ш. Қалдаяқовтікі.
IV. Сергіту сәті
V.Қазақ еліміз, Отан және Мемлекеттік рәміздеріміз туралы таппақтарды кім біледі:
Ту тобы: Сары алтындай сақталған,
Күн, шұғыла, қыран да
Алтын түспен апталған.
Сол жағында матаның
Қызыл түсті жолақ тік:
Мұратындай атаның
Әсем өрнек ол ұлттық.
Көк байрағы бабаның –
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Қазақстан жалауы!
Ту тобы: Қазақстан жалауы
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесін
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
Гимн: Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынын таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Ту: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы.
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Ту. Көк аспанда нұрлы Күн
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Елтаңба:Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді ЕЛТАҢБА
Ақ орданың төрінде.
Бақтың құсы әр адамға қонып тұр,
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр,
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі болып соғып тұр
Отан –жерім, Отан –суым,
Отан –қуат, нәр береді...
Отан ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
VI.Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Ережесі берілген сөздерден басқа сөздер құрап жазу.
I.Ту тобы: «Байрақ» сөзі
II.Елтаңба тобы: «Елтаңба» сөзі
III.Гимн тобы: «Әнұран» сөзі
Орындап көр! «Өз тобыңның туын жаса»
Әр топ өздеріне ту жасайды
Сұрақ:
Басқа топ мүшелері сұрақтарға жауап беріп, сабаққа атсалысып қатысып топтарыңды қорғап отырамыз.
1-топтың сүрағы:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Рәміздерге нелер жатады?
2-топтың сүрағы:
1. Қазақстанның бас қаласы қай қала?
2. Президенттің жұмыс орны?
3-топтың сүрағы:
1. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
VII. Қорытындылау.
- Сендер бүгінгі сабақтан не алдыңдар ?
- Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді ?
- Ту неліктен көк түсті ?
- Туда нелер бейнеленген ?
- Елтаңбада нелер бейнеленген?
- Әнұранның әнін жазған кім?
- «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» қашан тойланады?
VIII. Бекіту. Сендер бүгінгі сабақтан Қазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын . Келешекте Қазақстан Республикасының патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды , Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтан ететіңдеріңді сенімдемін.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
IX. Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі