Алматы қаласы
№42 мектептің қазақ тілі мұғалімі
Жанисбаева Нагима Бахытжановна
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Ұлттық ойындары» туралы түсінік беру; дұрыс айтуға, дұрыс жазуға үйрету ұлттық ойындардын түрлерімен таныстыру, түрлі ұлттық ойындарды ойната отырып пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ойын тиянақты айтуға, ойындарды бос уақыттарында ойнауға дағдыландыру, ойын арқылы қабілеттерін,ептіліктерін көрсетуге дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың ойындары арқылы бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, топ болып белсенді қатысуға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, түсіндіру,постер қорғау, ойын, кубизм.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау. Жылулық шеңбері.
\Оқушылар шеңбер болып тұрып,күн шуақтарын ұстап бірге өлен жолдарын айтады.
Армысың, шұғылалы Күн
Армысың Жер Ана
Армысың достарым
Армысыз ұстаздар
\Оқушылар пазл әдісін құрастыру арқылы топ болып орындарына отырады\
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
1) 4-тапсырма.
2) «Спорт ойындары, асық ойындары»
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мың жылдықта - ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.
Сөздікпен жұмыс
Қызық - интересное
Жігіт - парень
Қуады - догоняют
Жету керек - должен догнать
Сүйеді - целует
Соғады – будет бить
1-тапсырма. Суретті қарап қандай ұлттық ойын екенін анықтап ретімен ойынның атын жазыңыз?
2-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.
2-тапсырма.Берілген ойындардың суреттері арқылы өз ойларыңды айтыңдар.
Интеллектуалды ойын «Ханталапай»
Сергіту сәті
«Теңге алу» ойыны. Оқушылар ортаға шеңбер болып тұрады. Музыка ойналады. Музыка тоқтаған кезде жылдам жердегі қалташадағы теңгені алу керек.
Рефлексия. Кубизм әдісі арқылы тақырыпты жинақтау.
Сабақты қорытындылау. Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы жазып келу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі