Өлең, жыр, ақындар

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Пәннің атауы: Дүниетану

Мұғалімнің  аты-жөні: Жумабекова Тулебике Замановна     Күні: 20.01.2017 ж

Сынып: 4 «А»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағұлматтар беру.

Сабақтың міндеті: 

1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру.

2. Өз ойларын еркін айта білуге қабілетін, білімін, ой-өрісін дамыту.

3. Табиғатқа қызығушылықтарын арттыру, жануарларды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1-деңгей (білу, түсіну):

   Шалғын туралы түсініктемелерді біледі

2-деңгей (қолдану, талдау):

   Шалғын өсімдіктері мен жануарларын ажыратып талдай алады.

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

   Қосымша тапсырмаларды орындап, талдай алады

Тілдік мақсат:

   Өсімдіктер мен жануарлардың жаңа атауларын дұрыс атай білуге, пікірлерін талқылауға үйрету. ЖОТА

Ресурстар:

   «Таза тақта», «Рас па?», Сематикалық карта, тест жұмысы, «Бес бармақ» әдісі

Пәнаралық байланыс:

   Математика, әдебиеттік оқу, бейнелеу, өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу:

   Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік мекен жағдайларына бейімделуі

Сабақ жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

   Психологиялық дайындық.

   Жарқырап күнде ашылды,
   Айналаға нұр шашылды.
   Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
   Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
   Мақсатымыз - білім алу,
   Міндетіміз - еңбектену,
   Еңбектену арқылы,
   «5»-ке қолды жеткізу. 

   II Топқа бөлу (гүлдер бойынша) 

 

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

«Таза тақта» стратегиясы

   1. Бейімделу деген не?
   2. Қандай табиғат жағдайлары өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне үлкен әсер етеді?
   3. Өлке ұғымына түсінік бер?
   4. Сенің тұратын жерің қандай аймаққа жатқызылады?
   5. Сен онда қандай өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететінін байқай аласың?
   6. Азықты қалай тауып жейтінін айтып бер.

Дұрыс жауаптарға

1 балл қойылады   Топтық жұмыс

2-деңгей (қолдану, талдау):

 Оқушылар өз бетінше салып келген суреттерін қолданып, талқылайды.

Дұрыс жауаптарға

2 балл қойылады Жұптық жұмыс

3-деңгей  (жинақтау, бағалау)

Өздері тұратын жердің аймағы жайында дайындаған тірек сызбаларын дәлелдеп, өз ойларын жинақтап шығады.

Дұрыс жауаптарға

3 балл қойылады                     Топтық жұмыс

Жаңа сабақ 

12 минут

   IV Қызығушылықты ояту.

   Жұмбақтар                                                                                    
   1. Дала кілемі не?
(Шөп, өсімдіктер)
   2. Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді.   (Ара)
   3. Шидім, шидім,шидім құс,
Ши басына қонған құс
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс. (Шыбын)
   4. Құстай ұшады,
Құландай жортады,
Қойдан да қорқады.   (Қоян)

Жаңа сабақты түсіндіру. Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте - көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін - шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл аңғарларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.

Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күніндешөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады. 

Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді. Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Шалғынды мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға: уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады. Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған тіршілікке кездесесің. Жылдың бұл мезгілінде шалғынды бунақденелілер өте көп балады. Гүлден-гүлге қонып тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көбелектерді көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да, көкшегірткелер,түкті аралар да қаптап жүреді.

Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның  шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, қөбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен , бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.

Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын. Ал, саршұнақ, көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.

Оқулықпен жұмыс.Оқушылар тізбектей оқиды.Шығармашылық тапсырма. (Әр топ өз топтары бойынша постер қорғайды) 

   VI Сергіту сәті.  

   VII  «Рас па?» стратегиясы

  - Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?
  - Сарғалдақтың бес сары күлтесі бар екені рас па?
  - Сарғалдақтың дымқыл жерді ұнататыны рас па?
  - Гүлкекіренің көгалдағы барлық гүлдерден биік болып өсетіні рас па?
  - Адамдарпдың көгорай шалғынға мал жаятыны рас па?
  - Көк шалғынның шағын джунглиге ұқсас екені рас па?
  - Түкті ара, балара, жабайы ара және қумырсқалар гүлдердің тәтті нәрін жинайтыны рас па?
  - Дала тышқандары, көртышқандары, қояндар мен құстар паналайтыны рас па?
  - Шалғында бөденелердің көп кездесетіні рас па?
  - Шалғын үстінде бүркіттің шарықтап ұшып жүретіні рас па?

   VIII  Семантиткалық карта толтыру (топпен жұмыс)

   1. Өсімдіктер тобы.

 

Құс

Бунақдене

Жануар

Өсімдік

Қоян

   

+

 

Түкті ара

 

+

   

Бүркіт

+

     

Қүреңот

     

+

 2. Құстар тобы.

 

Жануар

Құс

Өсімдік

Бунақдене

Жұпаргүл

   

+

 

Шегіртке

     

+

Бозторғай

 

+

   

Қөртышқан

+

     

 3. Жануарлар тобы

 

Өсімдік

Жануар

Бунақдене

Құс

Саршұнақ

 

+

   

Жоңышқа

+

     

Көбелек

   

+

 

Бөдене

     

+

                   

Жұптық жұмыс және  топтық жұмыс

Сабақты бекіту 15 минут 1-деңгей

(білу, түсіну):

«Сабақты тест жұмысы арқылы бекіту»

   1. Аумағы жағынан үлкендерін не деп атайды?
 А. Көгал     
 Ә. Шалғын +     
 Б. Гүл

   2. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктерді тап:
 А. Раушан, қызғалдақ    
 Ә. Балшатыр, қоғажай   
 Б. Уқорғасын +

   3. Шалғында қандай құс көп кездеседі?
 А. Бөдене +       
 Ә. Қарға       
 Б. Қарлығаш

   4. Шалғындв өз тіршілігіне қажетті жағдайлардың бәрін табатын жануарларды ата?
 А. Қасқыр, аю       
 Ә. Саршұнақ, көртышқан +             
 Б. Жолбарыс, түлкі

   5. Шалғында қандай бунақденелілер көп кездеседі?
 А. Қоңыз, көкшегіртке, түкті ара +    
 Ә. Қосаяқ, сартышқан
 Б. Қарақұйрық, сұркелес

   6. Шалғындағы ірі жыртқыш?
 А. Сұңқар     
 Ә. Бүркіт +       
 Б. Қарға

   7. Шалғын өсімдіктерін тап?
 А. Ботагөз, қазжуа
 Ә. Күреңот, жұпаргүл +
 Б. Жүзім, өрік

   8. Бөдене қанша жұмыртқа басып шығарады?
 А. 12-15        
 Ә. 40-50        
 Б. 10-20 +

 

2-деңгей (қолдану, талдау):

   Топтар бірін-бірі қолданған жұмыстарын талдайды

 

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

  Топтар бірін-бірі бағалайды және ұпай сандарын шығарады.

 

Үйге тапсырма

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)  Дала өсімдіктері мен  жануарлары туралы ізденіп келу

 

2-деңгей (қолдану, талдау):

Өз жеріндегі дала өсімдігінің бір түрін алып оның ерекшелігін айту және оны талдау ұсынылады

 

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған  тапсырмалар )

Ребус, жұмбақ, эссе жазып келу беріледі.

 

Бағалау

 

 

Кері байланыс

Рефлексия «Бес бармақ» әдісі 

   1. Бүгінгі тақырып не туралы болды?
   2. Бүгінгі тақырып несімен ұнады?
   3. Сабақта қандай сезімде болдың?
   4. Тақырыпқа не қосар едің?
   5. Тақырыптан қандай үлгі алдың?

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда  не тиімді болды?

 

Сабақтың мақсаты мен  сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда  не тиімсіз болды?

 

Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз