Өлең, жыр, ақындар

В. Сухомлинский. «Ақ шаш»

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
№87 ”Жуантөбе” жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жунисова Роза Избасаровна

3 сынып
Сабақтың тақырыбы:
В. Сухомлинский. «Ақ шаш»

Жалпы мақсаттар: Орыс жазушысы В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінінің негізгі мазмұнын ашу.
Міндеттері:
- Мәтіннің мазмұнының мағынасын ұғындыру;
- Ананы құрметтеу, сыйлау, ана сүтін ақтай білу керектігін түсіндіру.
- «Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» екенін білдіру;
Оқыту нәтижесі:
- Мәтіннің мазмұнының мағынасын ұғынды;
- Ананы құрметтеу, сыйлау, ана сүтін ақтай білу керектігін түсінді.
- «Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» екенін білді;

Сабақ барысы
Мұғалімнің іс – әрекеті
Ұйымдастыру.
Сыныппен сәлемдесу
Психологиялық дайындық
«Ақ тілек. Әсем күлкі».
- Көңіл – күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді).
- Ендеше бастайық!
Бүгінгі көңіл - күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.
Топқа бөлу
Сынып оқушыларын 3 топқа отырғызу (түстер арқылы топқа бөлу қызыл, сары, жасыл)

Ой қозғау
(үй тапсырмасына шолу жасау)
1. Адами қасиет қалай дариды?
2. Адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
3. Мейірімділік қасиетін қай жерде іске асырар едің?

«Дөңгелек үстел»
Үй тапсырмасын қорытындылау арқылы постер қорғайды.
І топ. «Мейірімділік - адами қасиет»
ІІ топ. – мәтіндегі Шоқанды сипатта.
ІІІ топ: «Адамгершілік»

Бағдаршам түстері арқылы топ бір – бірін бағалайды.
қызыл = түсінбеймін
сары – түсінікті болғандай
жасыл = барлығы түсінікті
Ой дамыту.
Негізгі ойды анықта, түйін. (Мақал - мәтелдер оқи отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
• «Анаға қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер»
• «Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада»

Айқындық сұрақтар
Ана туралы жырлаған ақын да, жазушылар да көп.
Ана туралы қандай өлең жолдарын білеміз?
Айналдым «ана» деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан.
Ойнап жүрген құлынын даладағы,
Үйде отырып даусынан ажыратқан.
К. Тоқтамұратқызы
- Бұл өлеңде не туралы айтылып тұр?
Бұл тақпақта ананың балаға деген мейірімі, алыста жүрсе де көпшілік арасынан өз баласының даусын ажырата алатыны туралы айтылады.
- Дұрыс, балалар. «Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» деген мақалдың мәні осында екен.
Байланыстылық сұрақ.
- Біздің оқыған мақалымыз, ана туралы айтқан өлең жолдарымыздың бүгінгі сабаққа қатысы қандай?

Қызығушылықты ояту. «Ойлан, тап»
Адасқан әріптер
қ ш а ш а
2 5 1 3 4

- Біз бүгін осы ана туралы орыстың ұлы ғалымы В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінімен танысқалы отырмыз.
1 – слайд. В. Сухомлинский туралы мағлұмат беру

«Мағынаны таны»
Визуалды айғақтар. (көзбен көретін айғақтар)
«Ақ шаш» мәтінін бейнеролик арқылы көрсету

Кір жаятын жіп. (Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар беру)
Осы мәтінді ести және көре отырып не ұқтық?
- Миша анасынан не байқады?
- - Анасының алғашқы жауабы қандай болды?
- Мишаның сенгіштігін мәтіннің қай бөлігінен білуге болады?
- Анасының екінші жауабын қандай болды?
- - Соңғы сұраққа Анасы не деп жауап береді деп ойлайсыңдар?
- Мәтінді өз ойынмен аяқтап көр.
Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді топта бөліктер бойынша тізбектей оқыту.
- Мәтін үзіндісінен түйінді ой айту және тақырып қою
(басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейлерін тексеру)
Басбармақ арқылы формативті бағалау
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінген - деймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Әр топтан бір оқушыдан шығарып рөлге бөліп оқыту.
- Анасын уайымдаған Мишаның әрекеті қандай болады леп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті.
Баяу әуен жүріп тұрады, оқушылар тақтадағы «Анаға»
арналған өлең жолын оқиды
Айналдым «ана» деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан.
Ойнап жүрген құлынын даладағы,
Үйде отырып даусынан ажыратқан.
Анамды жақсы көрем сағынамын,
Айтқанынан шықпаймын, бағынамын.
Ол – көзімнің қарасы болса егер,
Мен оның жанарының ағынанмын.

Жұптық тапсырма. Кубизм.
Текше иіреміз, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береміз.
1. Сипаттаңыз. Мишаның анасының басынан үш тал ақ шаш көрген жолын суретте.
2. Салыстырыңыз. Осы мәтіндегі кейіпкер Мишаның бойындағы жағымды, жағымсыз тұсын салыстыр
3. Зерттеңіз. «Ақ шаш» шығарманың қай түріне жатады?
4. Қолданыңыз. Мәтіндегі кейіпкердің қандай қасиетін үлгі етіп алар едің?
5. Талдау жасаңыз. Осы мәтінде кімге қарсы шығар едің? Неге?
6. Дәлелдеңіз. Мәтіндегі негізгі ойды көрсететін жерін тауып оқып бер.

Бірге ойлаймыз.
Топтық жұмыс. В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтініндегі түйін оқушылар көзқарасымен.
І топ. «Ақ шаш» мәтіні бойынша мазмұнын айту.
ІІ топ. Анаға қатысты мақал - мәтелдер айту
ІІІ топ. «Анаға» сипаттама беріңіз.
Серпілген сауал.
Мәтін бойынша сұрақтар қою.
- Бүгінгі танысқан мәтіндеріңнен қандай түйінді ойға келдіңіздер?
- Ендеше сабағымызды ақын – жазушылардың Ана туралы өлеңімен аяқтағалы отырмыз.
Анашым сен барда қартаймаймын!
Қызық қуып. Кеш келіп, есік қақтым,
Ұрыспадың, күтіп - ап мені бақтың.
Ұйықтамадың түнімен, айта алмаймын,
Анашым сен барда мен қартаймаймын.
Ауырмашы, мәңгі соқсын жүрегің,
Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің.
Сүрінгенде күш беріп аяладың,
Қалайша сен барда мен қартаямын?

Рефлексия
Менің сабақтан алған әсерім эссе жазу.
Бағалау
Топ басшылары стикердің түсі арқылы топ мүшелерін бағалайды.
Үйге тапсырма. Оқыған мәтіндеріңді пайдаланып, «ана» тақырыбында мақалдар құрастырып келу


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз