Өлең, жыр, ақындар

Поезд жақыннан, ұзақтан келеді

 

  Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш  ауданы №87 «Жуантөбе» жалпы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Поезд жақыннан ұзақтан келеді

Мұғалімнің  аты-жөні:  Кенжеева Айжан Алпысбаевна бастауыш сынып мұғалімі

Күні: 24 .01.2017ж

Сынып: 3 «В»

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Сабақтан күтілетін нәтиже: 

1-деңгей (білу, түсіну):

   Поезд туралы біледі

2-деңгей (қолдану, талдау):

   Тапсырмаларды талдай алады

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

   Жекеше және топпен жұмысты орындай алады.

Тілдік мақсат:

  Математикалық терминдері бар сөздерді айтқызу

Ресурстар:

   Иллюстрациялық суреттер, плакаттар, оқулық, стикерлер, маркер, сызбалар

Пәнаралық байланыс:

   Математика, дүниетану, қазақ тілі

Алдыңғы оқу:

   Әлди-әлд ақ бөпем

Сабақ жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және  қолданатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

Оқушыларды топтарға бөліп, топтарға аттар қойылып, шаттық шеңберді құрап шығу ұсынылады.

 

Үй тапсырмасын сұрау 

5 минут 1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардан тренинг туралы түсініктері  сұралып шығады, оқулықтағы ұсынылған  сұрақтарға талдау жұмыстары  ұсынылады.

Дұрыс жауаптарға           1 балл қойылады

2-деңгей 

(қолдану, талдау):

Бесік жырын дұрыс қолдану жолдары  сұралады.

Дұрысжауаптарға

2 балл қойылады

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Әрбір топ мүшелерінің ойлары тыңдалып, талқыланып, бағаланады.

Дұрыс жауаптарға

3 балл қойылады

Жаңа сабақ

12 минут

Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.
Ұйымдастырушы – Ізденушілік.
Балаларды оқу іс - әрекетінің тақырыбымен таныстыру.
Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп.
Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.
Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.
Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.
Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т. б жатады.
Тосын сәт: Телефон шырылдайды.
Телефонмен сөйлесіп, балаларға қоянның қиын жағдайға тап болғанын, оған көмек керек екенін айту.
- Балалар қоянға көмектесеміз бе?
- Ол үшін алдымен барлығымыз сиятын көлікті таңдап алуымыз керек.
Балаларға теледидардан автобус түрлерін көрсете отырып, түсінік беру.
Жүргізуші таңдап алу.
Хор: «Көңілді достар».
- Балалар біз үлкен көлге келдік, көлден қалай өтеміз? Балалардың назарын теледидарға аударып, су көліктерінің түрлерін көрсету, түсінік беру
- Балалар мына конвертте бізге тапсырма берілген.
Тапсырма: Геометриялық пішіндерден су көлігін құрастыру.
Қайықты есіп отыратын бала таңдап алу.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, оның шешуі алдымыздағы үлкен таудан өтуге көмектеседі.
Құстан аумайды
Көкте заулайды.(ұшақ)
Теледидардан әуе көліктерін көрсетіп, оларға түсінік беру. Қызметінің маңыздылығын айтып өту.
- Балалар алдымыздағы үлкен таудан ұшақ болып ұшып өтейікші.
- Кәне балалар мына орманнан қоянды тауып алайық.
Қоян: Балалар маған көмектесу үшін алыс жол жүріп келдіңдер, сендерге алғысымды білдіремін.
Ойын: «Ұшты - ұшты».

Жұптық жұмыс

Сабақты бекіту 15 минут 1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылар сабақта түсінгендерін ортаға  ойларын салып, талқылау жұмысы  ұйымдастырылады.

 

2-деңгей 

(қолдану, талдау):

Оқушылар өз бетінше құрап шыққан сызбаларын қорғап шығады да, білім  деңгейлері тексеріліп шығады

 

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Әр топтың қортынды жинаған ұпайлары есептеліп, білімдері бағаланып шығады.

 

Үйге тапсырма 

5 минут 1-деңгей (білу, түсіну):

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату) Баланың тұлға аралық қарым-қатынас жайында  түсініктерді біліп келу ұсынылады

 

2-деңгей (қолдану, талдау):

Сызбаларды сызып келіп, талдау жұмысы  ұсынылады.

 

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған  тапсырмалар)

Сөзжұмбақтар, эсселер құрап жазып келу  ұсынылады.

 

Бағалау

3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады

6-8 балл жинаған оқушыға «4» баға қойылады.

9-12 балл жинаған оқушыға «5» баға қойылады.

 

Кері байланыс

 

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

 

Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз