Өлең, жыр, ақындар

Өз біліміңді тексер

                                                                           

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы

№87 «Жуантөбе» жалпы орта мектебі 

Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексер

Мұғалімнің аты-жөні: Шойбекова Жанар Умирзаховна 

Күні: 29.11.201 6ж

Сынып: 3 «в»

Қатысқан оқушылар саны: 26

Қатыспаған оқушылар  саны: 26

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

1. Білімділік. Оқушылардың алған білімдерін кеңейту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.

3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға  тәрбиелеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы орында алады: Сөйлемдерді құрай біледі

2-деңгей (қолдану, талдау):

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Сөйлем  мүшелерін құрап, талдай алады

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: басқа тапсырмалармен салыстырып, құндылығын бағалау

Тілдік мақсат:

Талдағандарын анықтау

Ресурстар:

Таратпа қағаздар, смайликтер, А4 қағазы, дәптер, кесте, сызба

Пәнаралық байланыс:

Математика, дүниетану, бейнелеу өнері

Алдыңғы оқу:

Жаттығулармен жұмыс

Сабақ  жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданатын  әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

Оқушыларды суреттер арқылы топтарға бөліп шығу  ұсынылады. «Шаттық  шеңбер» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы лебіздер, тілектер айтады. Әрбір  топ  өз ұрандарын айтып шығады. Психологиялық ахуал  қалыптастыру.

 

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут 1-деңгей (білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

Әрбір топ мүшелеріне сұрақтар қою арқылы  оқушылардың білім деңгейлері тексеріліп шығады.

«Сұрақтар легі» әдісі 

 - Сөйлем дегеніміз не?

 - Сөйлемдерге қандай тыныс белгілері қойылады?

 - Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

 - Жалаң сөйлем дегеніміз не?

 - Жайылма сөйлем дегеніміз не?

 - Жалаң және жайылма сөйлемдерді қалай  ажыратуға болады?

 - Қаратпа сөз дегеніміз не?

 - Қаратпа сөзге қандай тыныс белгілері қойылады?

Дұрыс жауаптарға 

1 балл қойылады

2-деңгей

(қолдану, талдау):

Сөйлем мүшелердің байланысын дұрыс таба білуге не істеуге керек деп ойлайсың? Суреттер арқылы сөйлемдерді құрап шығу ұсынылады  

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей

  (жинақтау, бағалау)

Сөйлем мүшелерінің бастапқы мақсаты неде?

Сөздер арқылы қаратпа сөзі бар сөйлемдерді құрастыру ұсынылады.

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады

Жаңа сабақ 

12 минут

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)  (Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының  қорғауын ұйымдастыру)

«Өткен сабақты бекіту. 

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты. Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу. Көркем жазу минуты: Пп   Пенал..........  Оқулықтағы  тапсырмаларды  орындау  

І топ 1-жаттығу    

ІІ топқа 2-жаттығу  

ІІІ топқа 3-жаттығу 

ІV топқа

5-жаттығу.    

Сергіту сәті жасалады. Жаттығулармен   жұмыс жасалады.  «Кім жылдам?» атты ойын ойнатылады (6-жаттығу) Жаттығу  ауызша және жазбаша орындалып білім  деңгейлері анықталады.

Жұптық жұмыс

Сабақты бекіту 15 минут 1-деңгей (білу, түсіну ):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға  болады)

 Оқушылардан ережелер сұралады Әрбір  топтың балалары тақтада ілінген карзинкеге сөздер ме сөйлемдерді реттестіріп шығады. «Өзіңді  тексер» әдісі

Жұптық жұмыс Дұрыс  жауапқа 1 балл қойыла- ды

2-деңгей 

(қолдану, талдау):

«Бір сөзбен» атты әдіс пайдаланылады.Мұғалім айтылған сөйлемдерді талдап шығып бір сөзбен айтып шығады.

Дұрыс жауапқа 1 балл қойылады

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Ой толғау. Суреттер бойынша оқушылардың ми ойларын жинақтау. Тақтада ілінген күндер  арқылы оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін анықтап шығады. Смайликпен бағаланады.

Дұрыс жауапқа

1 балл қойылады

Үйге тапсырма 

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну ):

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату) Сөйлемдерді байланыстырып құрап, оларды  талқылау беріледі.

Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады

2-деңгей 

(қолдану, талдау):

Тұрлаулы мүшелері және тұрлаусыз мүшелері  бар сөйлемдерді құрастыру сонымен қатар  қаратпа сөздері бар сөйлемдерді құрастыру  ұсынылады.

Тапсырманы  орындағанға «4» баға  қойылады

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Сызбалар  құрастырыпт келу. 4-жаттығу.

Тапсырманы  орындағанға «5» баға  қойылады

Бағалау

3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады 6-8 балл  жинаған  оқушыға «4» баға қойылады. 9-12 балл  жинаған оқушыға «5»  баға қойылады.

 

Кері байланыс

Оқушылар сабақта түсінгенін түсінбегенін «Таңдау» әдісі арқылы көрсетіледі.

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта  жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

 

Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? 

 


Пікірлер (2)

Бага

Өте кушти

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз