Өлең, жыр, ақындар

Көңілді шатыр

Жамбыл облысы, Меркі ауылы
«Ертөстік» балабақшасы
Тәрбиеші: Раймкулова Бегимкуль Эркебаевна

Білім беру саласы: Таным, Денсаулық, Шығармашылық

Білім беру саласының бөлімі: Қарапайым математика, Денсаулық, Сурет

Тақырыбы: «Көңілді шатыр»

Мақсаты: Балаларға математикалық ұғымдарды бекіту, түстерді ажырата білуге және санауға үйрету. Математикаға деген қызығушылығын арттыру. Балаларға жүру әдістерін, арқа, қол бұлшық еттерін дамыту және қимыл белсендігін арттыру. Әртүрлі жанрлар би элементтерінің, музыканың бояуымен сезініп жасауды үйрету. Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшандыққа және манкамен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Балаларды достыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Методикалық әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Көңілді шатыр, манка терапиясы

Билингвальды компонент: көңілді шатыр-веселый парашут,

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Қол алысып,қәне біз

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге

Қандай жақсы бір тұру

Достарменен бір жүру     

Балалар шеңбер бойына тұрып жылулық шеңберді өлең шумағына сәйкес қимыл-қозғалыспен орындайды.

 

 

 

 

 

 

Ізденуші-ұйымдастырушылық

 

 

 

Ғажайып сәт: Қонаққа Қызыл телпек қыз келеді.

Қызыл телпек қыз кіреді. Саламатсыңдар ма балалар!

Менің атым Қызыл телпек. Қандай сендер әдемісіңдер.

Тәрбиеші: Қызыл телпек сен қайдан келе жатырсың?

Қызыл телпек: мен орманнан келе жатырмын орманда қасқыр мені ұстап алып жегісі келді бірақ мен жемеуін сұрандым ол маға көптеген тапсырма берді сол тапсырмаларды орындамасам қасқыр мені жеп кояды. Балалар маған көмектесіңдерші, қасқырдың тапсырмасын орындауға?

Тәрбиеші: Ал Қызыл телпек тапсырмаңды айт.

1-тапсырма: Шатырдың түстерін атау және неше қызыл, сары, жасыл, көк түстері барын айту үш тілде.

2-тапсырма: «Көңілді шатырмен» ойын ойнау.

Тақырыбы: «Орныңды тап»

Ойының шарты:

3-тапсырма: Шатырдың суретін салу.

Тәрбиеші. Алақанға қараймыз

                   Жылы сезім табамыз

                   Ақылды болып өсеміз

                   Биіктерге жетеміз

Манка ұнтағының бетіндегі матаны алады.

Балалар бұл жерде сендер ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, қазір сендер ең ақылды, іздемпаз балалар боласыңдар.

Балалар сендерге бір айта кететін жағдай манка ұнтағын ауызға салуға болмайды?

Шашуға тағы да болмайды?

Жеуге де болмайды?

Балалар манка ұнтағын алақандарыңмен ұстаңдаршы қатты ма жұмсақ па?

Балалар бүгін бізге қонаққа келген Қызыл телпек қызға ғажайып көңілді шатырды манка ұнтағынан сурет салып  сыйлайық (әдіс-тәсілдерін түсіндіру)

«Көңілді шатыр»

Мақсаты: Қандай түсті шатыр болса,сондай түсті шатырдың бейнесін салу.

Тапсырма аяқталған соң балаларды тапсырманы жақсы орындағаны үшін мақтау.

 

 

 

 

 

 

Балалар Қызыл телпек қыз мен амандасады үш тілде

 

 

 

 

Балалар қызығушылықпен көмектесуге келіседі.

 

 

 

 

Балалар тапсырманы мұқият тыңдайды.

Балалар шатырдың түстерін атап,неше қызыл, көк, сары, жасыл түс барын үш тілде айтады.

 

 

 

 

 

Балалар өлең шұмағын педагогпен бірге қайталап қимыл-қозғалыстарды жасайды.

 

Балалар манка ұнтағын ұстап катты екендігін айтады.

Балалар Көңілді шатырдың суретін салады.

Балалар қызығушылықпен тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзетушілік

Қорытынды:

Бүгін бізге қонаққа кім келді?

Қасқыр Қызыл телпек қызға не берді?

Қасқырдың  кай тапсырмасы сендерге ұнады?

Оқу қызметіне белсене танытқан балаларды мақтау, мадақтау.

Мен келдім, міне бүгін ортаңызға

Амандық тілеп сізге баршаңызға

Саулығын берсін деймін бәрімізге!

Дей отырып қонақтармен қоштасу.

Қош сау болыңыздар!

- Қонаққа Қызыл телпек қыз келді.

Қасқыр Қызыл телпек қызға тапсырма берді.

Көілді шатырмен жаттығу жасау.

Манкамен шатырдың суретін салу.

Шатырдың түстерін ажыратып айту.

 

Балалар өлеңді айтып қонақтармен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Манка ұнтағын қолданып жұмыс жасауды

Меңгеруі: түстерді ажыратып,санауды

Жасай алуы: Жаттығуларды қимыл-қозғалыспен орындай алды

Тәрбиеші: _Раимкулова Б.Э.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер