Өлең, жыр, ақындар

Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру

  Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, №87 «Жуантөбе» жалпы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру

Мұғалімнің аты-жөні: Алибаева Меруерт  Алимхановна Бастауыш сынып мұғалімі 

Күні: 3.04.2017ж

Сынып: 3 «В»

Қатысқан оқушылар саны: 26

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Білімділігі: Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта – ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Сабақтан күтілетін нәтиже: 

1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы орындай алады: Ермексазбен жұмыс  жасағанды біледі

2-деңгей (қолдану, талдау):

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Түрлі ойыншықтарды  құрап, талдай алады

3-деңгей  (жинақтау, бағалау)

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: басқа тапсырмалармен салыстырып, құндылығын бағалау

Тілдік мақсат:

Талдағандарын анықтау

Ресурстар:

Таратпа қағаздар, смайликтер, А4 қағазы, дәптер, кесте, ермексаз, оқулық, матадан жасалған заттар

Пәнаралық байланыс:

Математика, дүниетану, бейнелеу өнері

Алдыңғы оқу:

Ермексаздан бұйымдар жасау

  Сабақ жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданатын  әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі 

3 минут

Оқушыларды суреттер арқылы топтарға бөліп  шығу ұсынылады. «Шаттық шеңбер» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы лебіздер, тілектер айтады. Әрбір  топ өз ұрандарын айтып шығады. Психологиялық  ахуал қалыптастыру.

 

Үй тапсырмасын сұрау 

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

Әрбір топ мүшелеріне сұрақтар қою арқылы  оқушылардың білім деңгейлері тексеріліп шығады.

Дұрыс жауаптарға      1 балл қойылады

2-деңгей 

(қолдану, талдау):

Техникалық модельдеу жайында талдау жұмысы жасалады

Дұрыс  жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей

(жинақтау, бағалау)

Әртүрлі бөліктерден құрақтарды құрау ұсынылады.

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады

Жаңа сабақ 

12 минут

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)   

Мағынаны тану 

Қызығушылықты ояту

1. Бисер деген не?
Оқушы: - Пластмассадан, әйнектен, інжу - маржаннан жасалған түрлі–түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.
2. Бисермен тоқу нені талап етеді? Бисер қай кезден бастап пайда болды?
Оқушы: - Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді, Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Деген мен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия әлі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Шыны
Керамика
Хрусталь
Металл
3. Енді ұсақ моншақтар туралы қосымша тағы кім толықтырып айтады?
Оқушы: - Кейбір деректер бойынша, әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс – аяқтар сонау б. з. д ХІ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы Египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе, ақ түсті киімдер мен таққан екен. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан – жасалған маржан. Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан – жаққа тарап әлемге бисер атауы әйгілі болар бастады.
ІІ. Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды – былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды – жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасаған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосып әшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.
Оқулықта  ұсынылған  бұйымдарды  жасап  шығады.

Жұптық жұмыс

Сабақты бекіту 

15 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)  Оқушылардан ережелер сұралады Әрбір  топтың  балалары тақтада ілінген карзинкеге сөздер мен  сөйлемдерді реттестіріп шығады. «Өзіңді тексер» әдісі

Жұптық жұмыс

Дұрыс жауапқа

1 балл қойылады

2-деңгей (қолдану, талдау):

«Бір сөзбен» атты әдіс пайдаланылады. Мұғалім айтылған заттарды талдап шығып бір сөзбен айтып шығады.

Дұрыс жауапқа

1 балл қойылады

3-деңгей                                 (жинақтау, бағалау)

Ой толғау. Суреттер бойынша оқушы лардың ми ойларын жинақтау. Тақтада ілінген күндер арқылы  оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін анықтап шығады Смайликпен бағаланады.

Дұрыс жауапқа

1 балл қойылады

Үйге тапсырма

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну ):

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату) Ойыншықтарды байланыстырып құрап, оларды  талқылау беріледі. Ұшақтар туралы ойларды  іздестіру ұсынылады.

Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады

2-деңгей  (қолдану, талдау):

Ыдыстар түрлеріне талдау жұмысы жасалып, түрлі  заттардан ойыншықтарды құрастыру ұсынылады.

Тапсырманы  орындағанға «4» баға  қойылады

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Сызбалар құрастыру. Жасалған шар ойыншықтарға  зерттеу жұмысы жасалынып жатады.

Тапсырманы  орындағанға «5» баға  қойылады

Бағалау

3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады

6-8 балл жинаған оқушыға «4» баға қойылады.

9-12 балл жинаған оқушыға «5» баға қойылады.

 

Кері байланыс

Оқушылар сабақта түсінгенін түсінбегенін «Таңдау»  әдісі арқылы көрсетіледі.

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта  жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

 

Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз