Өлең, жыр, ақындар

Экстремизмнің алдын-алу және дұрыс Ислам түсініктері

Ұйғыр ауданы білім бөлімінің  «Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

                                                          «Тексерілді» 

                          Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                                                _______ Ж. Абирова                            

      «___»______2016 жыл

 

 

 

 

 

 

«Экстремизмнің алдын- алу және дұрыс ислам түсініктері»                                             

(дөңгелек үстел)

                               

 

 

                                       

 

 

 

 

 

                                       2016-2017 оқужылы

«Экстремизмнің алдын-алу және дұрыс Ислам түсініктері» тақырыбында ауыл имамымен өткізілетін  кездесу сабағының сценарийі

Өткізілетін күні: 

Өткізілетін орны:  35 кабинет

Қатысушы сыныптар:  10а, ә сыныптары

Тақырыбы: Экстремизмнің алдын-алу және дұрыс Ислам түсініктері

Мақсаты: 

Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарға ой салу;

Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды діни сауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу;

 Сабақтың түрі: дөңгелек үстел, ауыл имамымен кездесу

Сабақтың әдістері:   талдау, жинақтау, пікіралмасу, тренинг, сұрақ- жауап.

Көрнекілігі:  слайдтар, бейнекөрініс

                                                              Сабақтың барысы:      

Ой қозғау. Бейнекөрініс көрсетіледі. Оқушыларға бейнекөрініс туралы өз ойларын айту ұсынылады.  

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

      Дін- адам баласының  Жаратушыға, айнала қоршаған ортаға деген наным - сенімі. Дін-адамдар арасындағы бірлік пен ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Имандылыққа жетелейді. Әлемдік беделге ие болған діндер қатарына будда, христиан, ислам(мұсылман) діндері жатады. Ислам араб сөзі, аллаға мойынұсыну деген мағынаны білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам дінін әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар,

        ҚР-ның Ата Заңы- Конституциясының 1- бабында Қазақстан зайырлы мемлекет» деп жазылған. Қазақстанда ешқандай дін мемлекеттік емес, қай дінге кіру, кірмеу - азаматтың өз еркі делінген.

        Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы және 2006, 2009 2012,2015  жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі болып өтеді. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің тиімділігінің куәсі болып табылуда.  Ал енді бүгінгі сабағымыздың негізгі тақырыбына көшейік:

1сұрақ  Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?(Оқушылардың жауаптарын тыңдау.)
3-4 слайд   Жауаптарын толықтырып кету.

Тренинг 
   Сырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынады. Оның ішіне әдемі зат  салынады. Оқушыларға көрсетіледі.
Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады, — деп оқушыларды қызықтырады. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарайды.
- Ал енді, оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына кіреді?

2 сұрақ  Қандай адамдар сектаға кіреді?                                                                                               Қалай ойлайсыңдар, жастар осындай діни ұйымдарға қалай түседі?

Бейнекөрініс көрсету. Абай болыңыз  секта!

5-6 слайд

Экстремизмнің алдын алу үшін нақты не істеуге болады? нені білу керек? Қалай қорғанамыз?  

      7-8 слайд                                                                         

  3сұрақ .Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

9-14 слайд

Сөз кезегін келген қонаққа беру.  Діни экстремизмнің алдын-алу жолдары ислам дінінде қалай қарастырылған?   Сөз кезегін бүгінгі кездесудің қонағы .....................мешітінің имамы, көпшілік арасында ислам қағидаттарын насихаттап жүрген, жастарды имандылыққа баулып, жат мінез,  жат ағымдардан ақтандыруға үлес қосып жүрген азаматтарымыздың бірі Бақтияр ағамызға берейік. ( Оқушылар қосымша сұрақтар қойып отырады.)

         • Оқушылар, сіздер теріс діни ағымға түспеу үшін нақты не жасар едіңдер?- деп бір оқушыға жіпті таратады. Оқушы өз жауабын айтқасын келесі оқушыға жіпті береді. Осылайша  сабақ бекітіледі.

    

Қорытынды:

       Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. 

Дін дегеніміз –ұлы сенім, ғылым анасы

Ал сенім – адамзаттың тірегі.

Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігін ұмытпайық!

        Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата  — бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығармайық!

   Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық! дей отырып, бүгінгі іс-шараны аяқтаймыз. 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз