Өлең, жыр, ақындар

"Жас информатиктер" сыныптан тыс сайыс

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі
Шүленбай Зита Қуанышқызы

 

«Жас информатиктер» атты

5 сынып оқушылары арасындағы сайыс

Тақырыбы: "Жас информатиктер" сыныптан тыс сайыс

Мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін шыңдап, тексеру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар

Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар,оқулық

Сайыстың жоспары:

1-кезең. Таныстыру.
2-кезең. Практикалық жұмыс
3-кезең. Кім жылдам?
4-кезең. Перенелерді сәйкестендіру
5-кезең. Марапаттау.

Сайыстың барысы:

1-кезең. Таныстыру.    
Мұғалім: Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қонақтар! Бүгінгі біздің «Жас информатик» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1-ші топ «Ақпарат» тобы

2-ші топ «Редактор» тобы

Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз. Ортаға «Ақпарат » тобын шақырамыз… Келесі «Редактор» тобы қарсы алыңыздар!
Әділ қазы алқасы бірінші кезең бойынша топтардың бағасын берсеңіздер.


2-кезең. Практикалық жұмыс
2 топқа берілген тапсырма: Екі топ перентақтаның көмегімен берілген мәтінді көшіру,кірістіру,қиып алу, артқа қайту,ерекшелеу,бетке жиек қою,сақтау, баспадан шығару бұйрықтарын орындайды.

Топ мүшесі тышқанның көмегімен жасалған бұйрықтарды көрсетіп, айтып тұрады.  Топқа берілетін мәтін төмендегідей

Пайдаланушы пернетақтада терген мәтін экранда редактордың жұмыс аймағында көрсетіледі. Жұмыс аймағына әсер ету орны меңзермен белгіленеді. Меңзер таяқша немесе тіктөртбұрыш түрінде болады. Әдетте мәтіннің көлемі экранда көрсетілгеннен гөрі үлкен болады. Бұл жағдайда жұмыс аймағы шегінде мәтіннің бөлігі ғана орналасады. Экран-мәтінді қарауға мүмкін болатын өзіндік терезе болып табылады .Бұл терезені мәтін бойынша жылжыту үшін жылжыту пернелері немесе тінтуірдің көмегімен жүзеге асырылатын айналдыру жолақтары қолданылады. Көптеген мәтіндік редакторлардың экранында олардың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат болады-қалып күй жолы. Мұнда меңзердің координаттары, парақ нөмірі, мәтін форматы, ағымдағы қаріп және басқа ақпарат көрсетіледі.

3-кезең. Кім жылдам?

1 топқа сұрақтар:

1.      Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы (Ақпарат).
2.      Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған есептеуіш құрал (Есепшот).
3.      Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды  қалай атайды (Кодтау).
4.      Paintграфикалық редакторында неше құрал пайдалануға болады? (16)
5.      Ақпаратты алудың түрлері (есту, ұстау, сыйпау, көру)
6.      Графикалық редактордың қызметі ( суреттер салуға арналған редактор)
7.      Мәтінге тізімді қай команда арқылы орындаймыз? (мәзір қатарындағы кірістіру-тізім)
8.      Microsoft Word Pad редакторының кеңейтілуі? (.doc)
 

2  топқа сұрақтар:

1.     Көрінетін бейнелер мен символдар арқылы берілетін ақпарат түрі? (Визуалды)
2.     Графикалық редакторды табыңыз? (Paint)
3.     Ж,К,Ч батырмаларының қызметі (қалыңдатуғқисық жазу, астын сызу)
4.     Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. (Мәтінді форматтау)
5.     Калькуляторды іске қосу? (бастау-барлық бағдарламалар-стандартты-Калькулятор)
6.     Блокнот қандай редактор (мәтін жазуға арналған ең ұарапайым редактор)
7.     Дыбыс жазуда ойнатқыштың ең кең таралған түрі? (Winamp)
8.     Графикалық файлдардың кеңейтілуі (gif)

4-кезең.  Пернелерді сәйкестендіру! Экраннан екі топқада тапсырма шығады. Әр перненің қызметін қасына апарып сәйкестендіресіңдер.

 

5-кезең. Марапаттау.

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз